Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Патристика (Pater-әке, шіркеу әкейлерінің діни философиясы). Схолостика



бет33/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Патристика (Pater-әке, шіркеу әкейлерінің діни философиясы).
Схолостика (латын тілінде «мектеп» деп аталады ). Қазір схоластика деген ұғым ─ өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз сөзге үйір дегеннің синонимі.
Философия тарихы Патристика кезеңін І – VІ ғ. болды деп анықтайды. Христиан дінінің догмасын (қағидасын) жасаушылар ─ Тертуллиан Карфагенский (160-220 жж.) Климент Александрийский (150-215 жж.) Аврелий Августин (Блаженный) (354-430 жж.), Ориген (185-253 жж.), Боэций (480-526 жж.) болды.
Патристика – христан-дiни ойшыларының ең басты мақсаты ─ дiни-теориялық iлiмiнiң жиынтығы мен дiн теориясын негiздеу және қорғау. Осыған орай «патристика» – қасиеттi аңыздарының негiзiн салған бiрнеше аралықты көрсетуге болады:

  1. Апостолдық патристика кезеңі (б.д II ғ. ортасына дейiн). Апологеттер II-III ғғ. Христан дiнiн оның көптеген жауларынан - Рим мемлекетiнен, пұтқа табынушылар философиясынан қорғап, христиан-дiни көзқарасын түсiндiру арқылы қалыптастырды. Негiзгi мәселе, пұтқа табынушылардың философиясы мен мәдениетiне байланысты, Тертуллиан, т. б. оларды шайтан жаратқан десе, Ориген және басқалар пұтқа табынушылардың данышпандығы (гректер мен римдiктер) мен христан дiнiнiң бiрлiгiн көрсетуге тырысты.

  2. Классикалық патристика, IV–V ғғ. ортасы – христиандық дiни ойлаудағы көзқараста теологиялық догматтардың үлгiсi қалыптасты. Негiзгi мәселе: құдайдың мәнi мен оның үш жақтылығы: Құдiреттi Құдай, оның Ұлы және қасиеттi Рухтың арақатынасы туралы болды. Христостың табиғаты ─ құдайлық, адамдық немесе құдай-адамдығы (христология), Құдай берген игiлiк, адамның күнәға батуы, одан оны құтқару және күнәдан арылу мәселесi. Бұл мәселелер жаңа христиан мәдениетiнiң рухани негiзiн iздеу, әрi қалыптастыру болды.

  3. Ең соңғы кезең (VI–VIII ғғ.) – теологиялық мәндегi энциклопедиялық жүйелердi жинақтау, догматтарды қалыпқа келтiру.

Енді патристиканың iрi өкiлiнiң бiрiне тоқталайық. Августин (Блаженный) – 354-430, Христиан теологі, епископ, Гиппон қаласында (солтүстік Африка, Рим империясы) Христиан дініндегі католицизм ағымының негізін салды. Негізгі шығармасы «Құдай қаласы туралы». Бұл еңбек жүздеген жылдар бойы діни ілімді таратуда, зерттеуде және оны оқуда басты құрал болып саналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет