Табиғат болмысы. Қазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен-өзі ұйымдасуы. Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстраттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті – тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің «архитектурасын» бастапқы материал емес, жүйелік-құрылымдық ұйымдасуы анықтайды деп санайды. Атап айтқанда, бұл – әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы, оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ. тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық.. Қазіргі кезде ең басты мәселе, өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы ретінде қаралады. Яғни, спонтанды ретсіз жүйеден – аса жоғары ұйымдасқан түрге өтуін зерттейдi.
Әлеуметтік болмыс. Соңғы кезде бұл болмыс түрлерінің төмендегідей тенденциясы белгіленді: технологизациялау, институциализация, жаһандандыру, виртуализация, ақпараттандыру.
Бірінші тенденция. Әлеуметтік болмыстың құрамында техникалық құралдардың басым болуын, адамдардың табиғи ортаға бейімделуі және өзінің әлеуметтік өмірін реттеудегі рөлінің өсуін анықтайды.
Екінші тенденция. Қоғам өміріндегі ұйымдастыру және тәртіптеу дәрежесінің өсу айғағы. Субъекті әрекетінің рөлі көптеп әлеуметтік институттарға көшті.
Үшінші тенденция. Әртүрлі аймақтардың тәуелсіздігінің өсе түсуі, әлеуметтік кеңістіктің «тарылуы» әлеуметтік әрекеттің үлгісін бір ретке салудың қажеттігін көрсетеді. Соңғы тенденцияда –әлеуметтік болмыста кейбір жаңа болмыстың қабаты пайда болды, адамдардың белсенділігі соған қарай көбірек ауыса бастады. Әлеуметтің нақты құрамын заттар (жер қазынасы, энергетикалық күштер), ресурстар емес, қазір көбінесе ақпараттық кеңістік анықтайтынын көрсетедi. Ақпараттық сипаттың өсуі, әлеуметтік болмыс құрылымының өзін өзгертіп, ондағы материалдық емес бөліктердің мәнін мен үлесін көбейтеді.
Әлеуметтік болмыс қоғамдық қатынастарға байланысты. Жеке меншіктің мәні – әр адамның қабілетінің ашылуы, оның әлеуметтік жағдайының өзіне байланыстылығын анықтайды. Тәрбиенің мәні –әлеуметтіктi іздеу, қандай қоғамның моделі жақсы деген мәселе қояды.
Рухани болмыс. Дербес субъективтi және объективтендірілген деп бөлінеді. Дербес рухани болмыс – жеке кісілердің өмірлік тіршілігінен, қызметінен бөліп алуға болмайтын рухани болмысы, адамдар өз қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін бағдарлайды. Оған: адамның тіршілігінде, қимыл-әрекетінде, істеген ісінде санадан пайда болатын нәтиже; ой елегі мен санадан өтпей дағдыға айналып, істеле беретін санасыз әрекеттер жатады. Санасыздықтың негізінде саналы процестің басталуы ақиқат. Сана мен санасыздың бірлігінде шығармашылық шабыттың келуі, ғылыми, философиялық және сезімтал-әлеуметтік қатынас пен процестердің көрініс табуы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |