Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет14/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Рухани Атман – тiршiлiктiң негiзi, барлық денелердiң iшкi бастамасы мен соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол саналы тiршiлiк иесi, әлемдi жаратушы. Адамның ең маңызды мәселесi және Упанишадтың негiзгi категориясы – «Құмарлықтан босану». Бұл босану – Мокша, атманның брахманмен бiрiгуi, өзiңнiң жеке жаныңның әлемдiк жанмен сәйкестiгiн тану арқылы iске асады. Мокша – күнделiктi тұрақты әдепке жету, өнегелiктi жетiлдiру. Әркiм өз бақытының ұстасы, оның бақыты тәлiм-тәрбиесiне байланысты.
«Упанишад» философиясында «тiрек» түсiнiгi бар. Адамның негiзгi «тiрегi» туралы сұрақ, оның өзiнiң қай қасиетiнен айрылуына байланысты өмiр сүруiн тоқтатуы негiзiнде қойылды. Адам көзден, тiлден, естуден айрылса да өмiр сүре бередi, ал дем алу тоқталса, өмiр де тоқтайды. Демек, адамның тiрегi тыныс, денесi тек оны жасыратын қабығы. «Өмiр тынысы – Прану», кейiннен Прануды Атманмен (жанмен) теңдестiру басталады. Атман түсiнiгi жеке адамның рухани «менi» ретiнде барлық тiршiлiктiң бiрте-бiрте өзiндiгi жоқ себебiне –Брахманға айналады.
Упанишад iлiмiнде Веда тақырыбы дами бастады: барлық тiршiлiктiң бiрлiгi, идеясы, космологиялық тақырып – құбылыстардың себептер мен саулдарының байланысын iздеу, т.б. М: мына сұрақтар: «түнде күн қайда болады?», «жұлдыздар күндiз қайда кетедi?» Упанишадта бұрынғы мәтіндерге қарағанда, болмыс пен құбылыстардың алдымен сыртқы жағына емес, iшiне көңiл аудару бар. Назарды адамға, оның танымына және алдымен өнегелiк жетiлуiне аударады. «Бiз кiмбiз?», «қайдан келдiк?», «қайда барамыз?» – мiне бұл сұрақтар Упанишад iлiмiне тән болды. Уапнишад әртүрлi философиялық жүйелерге әсерiн тигiздi. Атап айтқанда, индуизм мен буддизмге. Раммохон Рая, Ганди, Шопенгауэрге де ол өте зор ықпал еттi.
«Эпостық–дiни кезең» деп аталатын (эпос деген сөзден шыққан) философияның кезеңi – эпостық поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаға» байланысты, ол адамдық қатыныстағы батырлық пен құдайшылықты көрсетуге қызмет етедi. Бұл кезде (б. з. д. VI ғ.) Үндi қоғамында айтарлықтай өзгерiс болды: аграрлық пен қолөнер кәсібі дамыды, әлеуметтiк бөлшектену (дифференциация) ұлғайды, монархия билiгi күшейiп, тайпа билiгi жоғала бастады. Интуицияның, мифтiң орнына зерттеу, философия келдi. Философияның өзiнде де әртүрлi, қарама-қарсы және бiр-бiрiмен жауласқан мектептер мен жүйелер туды, оларда сол кездегi өмiр шындығының қайшылықтары көрiндi. Олар 2 топқа бөлiндi: ортодокстік және ортодоксалдық емес мектептер болды. Ортодоксалдық – негiзiнен Веда iлiмiн қолдап, ары қарай дамытуға тырысты:
1.Веданта брахманды әлемнiң абсолюттiк рухани негiзi ретiнде мойындайды. Жеке жандар (атмандар) тану немесе құдайға деген сүйiспеншiлiк арқылы құдаймен қосылады. Қайта туу айналымынан шығу және жоғарғы ақиқат бойынша барлық тiршiлiктi бiрлiкте қарауды қорытындылайды: адамды қоршаған сыртқы әлем – бұл сағым (иллюзорлық) әлемi, ал нағыз өзгермейтiн нақтылық – брахман, онымен атман теңестiрiледi. Упанишад мәтiндерiне сүйене отырып, бiр ғана жан Брахман бар дейдi. Бардың бәрi Құдай, Жан да – Құдай. Құдай бiр ғана ақырғы нақтылық. Осы ақиқат бiлiмге жетудiң негiзгi жолы – әдептiлiк қағидасын сақтау және медитация. Олай болса, бұл Веда мәселелерiн қарқынды ойлаудың маңыздылығын бiлдiредi. Бiлiмсiздiк адам жанын езедi, оның ләззатқа ұмтылуын күшейтедi. Ведантаны оқып бiлу, оның жанының босануының негiзгi құралы болады.
2. Миманса – (толғану, ойлау), құрбандық шалу туралы веда мәтелдерiн зерттеу. Миманса мектебi пiкiрiнше Веда мәңгi және өз бетiмен өмiр сүредi, олар кейде адамдарға қолайлы пайғамбарлар арқылы өзiн табуға мүмкiндiк бередi. Миманса – веданың салт-жораларын түсiндiруге тиiстi. Веда iлiмі дхарма-парыз идеясымен толық байланысты, оның парызын орындау барысында қармадан босану, қайта тууды тоқтату, әрі азаптан құтылуға жеткiзедi.
3. Санкхья (санк, бойынша санап шығу) – веданың мәтiндерiн тiкелей қабылдамайды, онда тәуелсiз тәжiрибе және толғану бар. Санкхьяның веданта мен мимансадан айырмашылығы осында. Бүкiл әлем екi субстанцияның – материя, табиғат (пракрти) және пурушидiң өзара әрекетi нәтижесiнде пайда болды. Пракрти – мәңгi және құбылмалы әрекеттегi энергия мен әртүрлi материалдық, объектiнiң бастау көзi болса, Пуруши – таза сананың немесе «менiң», рухтың жеке болмысы. Ол екеуi бiр-бiрiне себепкер және бастама. Осыдан санкхья – индуизм философиясындағы дуалистiк бағыт болып есептеледi.
4. Йога (зорлану, күштену, терең толғану). Негiзiн қалаушы Патаджами (б.з.д. II ғ). Йога – бұл философия және практика. Ол медитациялық сананың әдiсiн жасайды. Йога жүйесiнде құдайға сену - теориялық көзқарастың элемент пен практикалық iс-әрекеттің шарты ретiнде қаралды. Йога – адам миының жасырын мүмкiндiктерi туралы ойды қалыптастырып, экстрасенсорлық қабiлеттiң әдiс жүйесiн ойлап тапты, яғни адамның тынысын, демiн, тамақтануын реттеу ережесiн жасады. Йогамен шұғылданушылар екi түрге бөлiнедi: 1. өмiрден безу; 2. этикалық қатаң тәртiпке жүгiнiп, өзiн қыспақта ұстау. Йоганың этикалық қағидалары жоғарғы өнегелi тұлғаның қалыптасуымен байланысты болды.
5. Вайшешика (саскр. «вишеша» – ерекшелiк). Негiзiн қалаушы Канада (б.з.б VI-V ғ). Алғашқы кезде бұл жүйеде материалистiк сәттер көрiндi. Әлемнiң атомдық құрылымы туралы ойды дамытты. Барлық заттар әрдайым өзгередi, бiрақ оларда тұрақты шар тәрiздi атомдар элементi бар. Атомдар мәңгi, оны ешкiм жаратпаған және көп сапалы (атомның 17 сапасы бар). Олардан әртүрлi жанды және жансыз заттар пайда болады. Әлем тек атомдардан тұрса да, оның дамуындағы қозғаушы күш құдай, ол карма заңына сәйкес әрекет жасайды.
6. Ньяя (ереже, логика) – ойлаудың түрi туралы iлiм. Ақиқатты танудағы шарт пен әдiс, босануға жетудiң құралы логика мен оның заңдарының көмегiмен анықталуы мүмкiн дедi. Ньяя философиясы рационалды таным қағидаларын қалыптастырады. Дәйектi таным көздерi, сезiмнен тыс қабылдау, сөйлемнiң логикалық құрылымы туралы iлiмдi енгiздi. Бұл мектепте дамыған таным теориясы болды. Формальдық логика заңдарына сүйенiп, танымдағы эмпирикалық (түйсiк, қабылдау) пен рационалдықтың (айғақ, теңестiру, дәлелдеу) тепе-теңдiгiн мойындады.
Жаңа көзқарасты жақтаушылар Веданың беделiне қарсы шықты. Олар: Чарвака (материалистер), жайнизм, буддизм. Олар ортодокстік мектептерге қосылмайды. Чарвака – бұл ежелгi Үндi iлiмi, кейiнгi философиялық концепцияның тектес бiр түрi – Локаята. Сондықтан, бұл мектептi «Чарвака-Локаята» деп атайды.
Чарвака – брахман, атман, сансара және карма концепциясын жоққа шығарады. Барлық тiршiлiктiң негiзi ретiнде материяның алғашқы төрт элементiн – жердi, суды, отты және ауаны алады. Өмiр және сана да алғашқы элементтердiң туындысы ретiнде қаралады. Оның негiзiн салушы – Брихаспати (б.з.д. ҮII-ҮI ғғ.). Оның пiкiрiнше, жан дегенiмiз – саналы дене. Материя ойлай алады. Ажал – сана мен жанның қирауы. Тек осы дүние бар, бұл дүние «Лока», ешқандай о жақтағы дүние жоқ. Құдай да, жан да және карма заңы да жоқ. Танымның негiзi – сезiмдiк қабылдау. Ақиқат тек тiкелей қабылдау арқылы танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет