Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет65/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Зигмунд Фрейд (1856-1939 ж.) – австриялық дәрігер, психотерапевт, нервопатолог, психолог, психоанализмнің негізін салушы. Фрейд: «Санасыздық мәселесі бұрын зерттелмеген» – деп санайды. Санасыздық дегеніміз ─ психикалық ерекше ақиқат және адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп оны билейді. Санасыздықтың өмірдегі кең тараған түрі – түс. Түс ─ адамның ақиқат өмірде іске аспаған, жасырын ұмытылысының арқасында туады. Психологияның қорғану тәсілі – жағымсыз эмоцияның, тәжірибенің денсаулық пен тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты, санадан санасыздыққа ығысу реакциясы.
Санасыздыққа ығыстырылған жағымсыз эмоция, орындалмаған тілек, «кездейсоқ» спонтандық (сыртқы әсер мен ішкі себептерден пайда болған) қимыл, жаңсақ қылық, жаңылыстық және ағаттық, ерте ме кеш пе өздерін білдіреді. Оны дәрігерге кезекте тұрған мынадай мысалмен көрсетуге болады: санасыздық – үлкен ауыз үй. Онда әртүрлі ойлар, еріктер, адам эмоциялары ішкі үйге – санаға – кіруге өз сағатын күтіп отырады. Сана дегеніміз – шағын кабинет, оған ақыл-ойлы пікір және тілектер ғана шақырылып отырады. Ауыз үй мен кабинеттің арасында күзетші бар, ол санаға тек оған керек ойларды ғана жіберіп тұрады. Күзетші кейде кетіп қалады, кейде мүлгіп кетеді, осы сәтте қажеті жоқ күтушілер сана кабинетіне кіріп кетеді. Мүлгіп кеткен күзетшілер оянып, оларды қайтадан ауыз үйге қуып шыға бастайды. Фрейд өзінің бірінші психологиялық жүйесіне байланысты (1905-1920 жж.) санасыздықтың негізінде «Либидо» – жыныстық (сексуалдық) құштарлық, жыныстық инстинкт жатыр деді. Либидо өз көрінісін жыныстық әркеттен іздейді. Фрейдтің пікірі бойынша, сексуальдық импульс үшжақты іске асады: біріншіден – сексуальдық және сексуальдық емес әрекетті тікелей бостандыққа жіберу арқылы; екіншіден – санасыздыққа ығыстырылады, үшіншіден – реакция туғызу қабілеті арқылы пайда болатын ұят, моральға айналып, өз энергиясынан айырылып басылатын болады.
ХХ ғасырда Фрейд өзінің екінші психологиялық жүйесін жасады, мұнда санасыздық энергиясының пайда болуына жаңаша қарайды. Эрос (өмір инстинкті) – адам мінез-құлқының конструктивті негізінде жасампаздық жатыр. Адам осыған байланысты өзінің қажеттілігін қамтамасыз етіп, тұқымын жалғастырады. Танатос (өлу инстинкті) – ол адамды деструктивтік әрекеттерге, өзіне «жат» және қатерлі болатындардың бәрін қиратуға итереді. Адам өмірі – әрдайым Эрос пен Танатостың арақатынасы болады. Фрейдтің ойынша психика өзінше дара және материалдық процестермен қатар жүреді. Ол санадан тысқары мәңгілік психикалық күштер арқылы басқарылады (санасыздық). Адамның еркінен тыс психикалық конфликтер, ұдайы қақтығыстар жасап тұрады. Қақтығыс құмарлыққа ұмытылу (либидо), санасыздық пен саналы қалыптасқан «шындық принципі» арасында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет