Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет83/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Ыбырай Алтынсарин. Торғай жерінде 1841 дүниеге келді. Әкесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады да, атасы Балқожа бидің қолында тәрбиеленеді. 1850-1857 жылдары Орынбор Шекара Комиссиясының қазақ балалары үшін ашылған мектебін бітірді. Ыбрай осы өлкеде айдауда жүрген орыс зиялыларымен таныс болды. Шығыс зерттеушісі В. Григорьевтен дәріс алды. Ал елге қайтқан соң қаржы жинап, мектеп ашты. Мектеп ашуды қазақ балаларының білім алып, өз халқына қызмет етуіне мүмкіндік жасау деп түсінді. Ағарту саласында оған басшылық еткен Қазан Университетінің профессоры, миссионер – Н. И. Ильинский болды. Ол орыс алфавитімен жазылған, оқу құралын жазуды ұсынды. 1879 жылы төрт тараудан тұратын «Қырғыз хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды. Сегіз тараулық оқу кітабында: зат есім, сын есім, үстеу мен жалғау, етістік ұғымдарын тұңғыш енгізіп, талдап көрсетті. Оқулық осы күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Оның тікелей араласуымен мектеп-интернаттар, училищелер және кітапханалар ашылды. Ыбрай, надандыққа, сауатсыздыққа қарсы болып, халықты еңбекке, білімге шақырады. Оның шығармалары: «Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұқпан Хәкім», «Қыпшақ Сейтқұл» және «Асан мен Үсен». Ыбрай еңбектерінде халықты егін салумен айналасуға, өнеркәсіпті дамытуға және білім алуға шақырады.
Оның қоғамдық-саяси және философиялық көзқарасында утопиялық түсініктер басым болды. Материалдық өндірістің қоғам өміріндегі шешуі күш ретіндегі орнын түсінбеді. Мәселені шешу кілті оқуда, ағарту ісінде деп санады. Білім мәселесінде мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы болды. Білімнің өзін ол заттар мен табиғи құбылыстар туралы ілім деп есептеді. Білім көзі ғажайып рухқа сенуде емес, табиғи әлемде, сондықтан білім ғажайып жол. Ол Құдай арқылы емес, адамның қабілеті мен еңбегінің арқасында жиналады дегенді ұстанды. Табиғат қатынастарын түсіндіруде стихиялық материалистік көзқараста болды. Тәжірибелік тұрғыдан танып-білу қажеттілігін атап көрсетеді.
Алтынсарин дүниеден қайтқанша, миссионерлікпен ашық күресіне күмән келтірушілер болды. Миссионер – мемлекет тарапынан қолдау тауып, бөтен діндерді уағыздаушы, таратушы. Миссионерлік қызмет атқару – экономикасы төмен, білімнен кенжелеп қалған, дамымаған елдерде христиан дінін насихаттау арқылы патшаның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Ол мұндай отаршылық саясатқа қарсы болды. Мысалы, Красноуфимскідегі ауылшаруашылық мектебінде қазақ балаларына шошқа бақтыру, шошқа етін беру, орыс оқулықтарымен бірге насихат жүргізу фактілерін естіп, қатты наразылық білдірді, инспектор ретінде тікелей барып шара қолданды. Тарих пен қоғамдық құбылыстар, қоғамды өзгерту жолдары туралы мәселеде Алтынсарин – ғылым мен ағартушылыққа, олардың ерекше күшіне сенім білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет