Сәйкестік (үйлестік) әрбір объектінің өз-өзiне (элементтерiнiң бiр-бiрiне) немесе басқа заттармен теңдігі, сәйкес келуі.
Айырмашылық – бұл заттардың элементтерiнің арақатынасы тепе-теңдiктен кетiп, бiрдей болмайтындығын көрсететін ұғым.
Қайшылық – қарама-қарсы элементтердiң, заттардың, құбылыстардың бір-біріне шартты қарсылығын көрсетедi, олардың бір-біріне алшақтау қатынастарының өскенiн бiлдiредi.
Қайшылықтардың түрлері:
● Мәнге қатынасы: а) мәнді; ә)мәнсіз;
● Жүйедегі орны: а) ішкі; ә) сыртқы;
● Қоғамдағы түрі арқылы: а) антагонистік; ә) антагонистік емес;
● Дамудағы рөлі арқылы: а) негізделген; ә) негізсіз.
Қарама-қарсылық – ол табиғаттағы, қоғамдағы, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаруы, зат сапасының жойылуы, бір – бірінсіз өмір сүре алмайтын заттар, элементтер, құбылыстар, тенденциялар арасынағы қатынастардың күрес дәрежесiне көтерiлуi.
Бірлік – осы алуан түрлі байланыстардың жиынтығы. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңының мәні таным үшін өте зор. Адам ұғымдарында қозғалыс пен өзгерістiң көзi мен бастауын бір күйден екінші күйге өтуді қайлай көрсету – философия мен ғылымның даму барысында адамзаттың озат ақыл-ойын толғандырған, әрі толғандырып отырған мәселелердің бірі. Сан мен сапа өзгерістерінің бір-біріне өту заңы, заттар мен құбылыстардың бір-бірімен бірлікте өмір сүретін белгілі бір сапалық және сандық сипаттамалары болатынын анықтайды.
Сапа – объектіні анықтаушы. Заттар жаратылысының айырмашылығын, ұқсастығын, ерекшелігін, өз-өзімен тепе-теңдігін және тұтастығын білдіретін маңызды белгілерiнiң жиынтығын және сапада, заттың барлық аса маңызды қасиеттерінің ажырамас байланысы жүзеге асады.
Қасиет – бір заттың басқа заттармен өзара әсерінен пайда болатын сапаның көрінісі, затты қандай да болсын бір жағынан сипаттайды.
Сан – белгілі бір сапаның шамасын, даму қарқыны мен дәрежесін білдіретін белгі. Заттың сандық және сапалық жақтарының бірлігі – өлшем деп аталады. Өлшем – қасиеттер мәндерінің белгілі бір сандық аралығы, ал белгілі сапа – осы аралықтың шеңберінде ғана болады. Сан өзгерістерін онан әрі сапалы өзгеріске бетбұрысын – өлшемнің шекаралары деп атайды. Сапа мен өлшем болмыстың жалпы, объективті сипаттамасы.
Сапалы өзгерістің қай-қайсысы болсын секірмелі түрде, секіріс түрінде болады. Секіріс – сапалық өзгеріс, құбылыстың немесе оның жағының бір сападан екінші сапаға көшуі. Секірістер өзінің сипаты, ұзақтығы, мәнділігі жағынан алуан түрлі болып келеді.
Біріншіден, қазіргі өлшемнің жоғалуы, екіншіден, жаңа өлшемнің пайда болуы.
Секірістi қоғамдық өмірге бейімдеп айтқанда, революция деген ұғым пайдаланылады. Бірақ, қоғам өміріндегі секірістің бәрін бірдей революция деуге болмайды, тек қоғамдық жаңа құрылысқа көше алатын секірістер ғана әлеуметтік революциялар болып табылады. Бірте-бірте болатын сан өзгерістерін философиялық әдебиетте көбінесе эволюция деп атайды. Эволюция (сандық-сапалық секіріс) – даму ұғымына сай келеді. Жаңа сапа тек даму қарқынындағы өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар құбылыстың жаңа сандық жақтарын да туғызады.
Терістеуді-терістеу заңының мәнін түсіну үшін негізгі категорияны анықтап, байланысын зерттеу керек. Бұл заңының негізгі категориясы – терістеу. Терістеу мәселесі:
Жаңа – ескінің орнын басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен терiстеледi, ауысады.
Терiстеу – бөтен сырттан әкелінген емес, ол дамып келе жатқан процестің қандайына болсын іштей тән нәрсе. Теріске шығаруды – даму процесіне іштей тән нәрсе деп түсіну, материалистік диалектиканы метафизикадан айырады.
Дамудың алдынғы кезеңдерінде болған прогресшіл элеметтерді сақтап қалу – сабақтастықты, жаңаның ескімен байланысын көрсетеді. Теріске шығаруды байланыс кезі деп, ескінің жойылып, сонымен бірге жаңаның орнығуы деп қарайды.
Ішкі факторлардың шешуші рөлі мен сыртқы жағдайлардың маңызы, ескінің жаңамен ауысуы, дамудың негiзгi заңы болып табылады.
Бұл ауысу таза түрде болмайтындықтан, жаңаның бойында ескінің дұрыс нәрсесінің бәрі бірдей сақтала бермейді. Сондықтан екiншi терiстеу қажет, сонда зат дамуындағы екi алғашқы кезеңдерiнің барлық табыстары, үшiншiде жинақталады. Ал оны синтез, жетiлген деп санап, Гегель даму кестесiн «тезис-антитезис-синтез» деп белгiлеген. Оған ол спиральдiк суреттеменi де қосқан. Сонымен, материалистік диалектикада даму дегеніміз – жай қозғалыс емес және ескіні қайталап отыратын шеңбер тәрізді айналмалы қозғалыс та емес, ол мұнда ілгерілемелі қозғалыс пен салыстырмалы қайталанудың диалектикалық бірлігі. Әрі ілгермелі қозғалыс – негізгі шешуші қозғалыс болады. Осындай тенденцияларды ұштастыратын даму, спираль бойынша жүретін даму секілді. Спираль бойынша даму, өмір шындығының барлық салаларында болып отырады.
Терістеуді-терістеу заңының ерекшiлiгi – оның кері қайтпайтындығы, яғни мұндай дамуда жалпы тенденция ретінде жоғарғы формадан төменгіге, күрделіден – қарапайымға қарай кері қозғалудың болуы мүмкін емес.
Диалектиканың бұл заңы осыған дейінгі өзімізге таныс негізгі екі заңды өзіне қоса отырып, дамудың тұтастығын мен жалпы нақтылығын анықтайды.