149
температурасы, ағзаның хал-күйі, тамақтану ерекшеліктері т.б.
жағдайлар əсер етеді.
1. Пластикалық алмасу – ағзаға тəн күрделі заттардың (құ-
рылыс заттары, ферменттер, гормондар) пайда болуын қамтамасыз
ететін химиялық реакциялар жиынтығы.
2. Функционалды алмасу – тіршілікке қажетті мүшелердің
қызметін қамтамасыз ететін реакциялардың жиынтығы. Мыса-
лы, бұлшық еттің жиырылуын, жүректің, бауырдың, өкпенің, т.б.
жұмысының қызметі.
3. Ағзадағы қуат алмасуы – көмірсулар, майлар жəне белоктар
ыдыраған кезде бөлінген қуаттың макроэргті қосылысы АТФ-
ның қайта түзілуін қамтамасыз ететін реакциялар жиынтығы. Ал
АТФ-ның ыдырауынан бөлінген қуат пластикалық жəне функци-
оналды алмасуларды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: