71
Фермент молекуласының субстратпен тікелей түйісіп, ар-
найы талғамдылықпен əрекеттесетін
бөлігін ферменттің активті
орталығы деп атайды. Ферменттің активті орталығы субстрат-
пен
байланысып, өзгеріске ұшырайды. Активті орталық бүйір
ради калында функционалды тобы бар амин қышқылдарының
қалдықтарынан түзіледі. Мысалы,
- серин жəне треониннің – ОН тобы;
-
гистидиннің имидазол сақинасы;
- триптофанның индол сақинасы;
-
фенилаланиннің аромат сақинасы;
- цистеиннің –SH топтары;
- метиониннің тиоэфир тобы.т.б.
Активті орталық белоктардың ІІІ реттік құрылымы деңгейін-
де
жинақталады, белоктарда ІІІ реттік құрылым түзілгенде гид-
рофобты қалталар пайда болады. Сол қалталарда фермент суб-
стратпен əрекеттеседі.
Активті орталыққа кіретін амин
қышқылдары қалдық тарын-
дағы функционалдық топтар полипептидті тізбектің жинақта-
лып, шумақталуының нəтижесінде бір-біріне жақындайды. Нə-
тижесінде субстрат реакцияға түсуге
бейімделген химиялық
қосылысқа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: