28
Амин қышқылдарының қышқылды-негізді
қасиеттері белок-
тардың көптеген физикалық, химиялық жəне биологиялық қа-
сиеттерін анықтайды. Амин қышқылдарын бөлу жəне идентифи-
кациялау осы қасиеттерге негізделген. Амин қышқылдары суда
тез ериді. Олар судың нейтрал ерітінділерінде, биполярлы ион
формасында кристалданады. Барлық амин қышқылдары ортаға
байланысты қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсетеді.
R
│
+
NH
2
– СH – COOH
NH
3
- CН- COO¯
│
R
Екіжақты қасиет көрсетуіне
байланысты амин қышқылдары
амфотерлі қосылыстар немесе амфолиттер деп аталады.
Кристалды амин қышқылын еріткенде, мысалы: аланинді
суда еріткенде ол қышқыл тəрізді (протон беруші донор)
NH
2
– CH – COOH NH
2
– CH – COO¯ + Н
+
│ │
CH
3
СН
3
немесе негіз сияқты (протон қосып алушы) қасиеттер көрсетеді:
+
NH
2
– CH – COOH NH
3
– CH – COO¯
│ │
CH
3
CH
3
Амин қышқылдарының амфотерлік ерекшелігі болғандықтан,
олар күшті негіздермен де, күшті қышқылдармен де əрекеттесіп
тұз түзеді:
R – CH – COOH + NaOH R – CH – COONa
│ │
NH
2
NH
2
R – CH – COOH + HCl R – CH – COOH
│ │
NH
2
NH
3
Cl
29
рН белгілі мəнінде амин қышқылы
молекуласының электрлік за-
ряды нөлге тең жəне ол анодқа не катодка жылжымайды. рН-тың
мұндай мəні изоэлектрлік нүкте деген ат алды.
Белоктың амин қышқылды құрамы XX гасырдың 30-шы жыл-
дарында ғана анықталды.
1871 жылы Н. Н. Любавин (орыс оқымыстысы) өзінің зерт-
теулерінде ас қорыту сөлі ферментінің əсерінен белоктардың
амин қышқылына дейін ыдырайтынын анықтады. Осы жасалған
тəжірибелер белок құрамын анықтауда басты рөл атқарды. Осы-
дан кейін А. Данилевский мен Э. Фишер амин қышқылдарының
бір-бірімен пептидті байланысып, тізбектесіп тұратынын айтты.
Осы зерттеулерден маңызды екі тұжырым жасалған: бірін-
шіден - белок құрамына амин қышқылдары кіреді, ал екіншіден –
гидролиз əдісімен белоктардың химиялық жəне амин қышқылды
құрамын зерттеуге болады.
Таза белокты гидролиздегенде,
оның ешқандай қоспасы бол-
маса, 20 түрлі
α
-амин қышқылдары бөлініп шығады. Көптеген
өсімдіктер, микроағзалар, жануарлар ұлпасындағы амин қыш-
қылдары табиғатта еркін түрде жəне қысқа пептид түрінде неме-
се басқа органикалық заттармен қосылыс түрінде кездеседі.
2.5. Пептидтер
Амин қышқылдарының маңызды қасиеті олардың бір-бірі мен
əрекеттесіп пептидті байланыс түзуі.
O R
2
Достарыңызбен бөлісу: