Тірі емес вакцина енгізілгеннен кейін 3 күнге дейін, ал тірі вакцина қолданғанда- орташа 3-5 күнге созылады. Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында (жергілікті поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін немесе жалпы ағзалық (жалпы поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін.
Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында қызарумен, тығыздалумен, ауырсынумен көрінуі мүмкін.
Жергілікті реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:
- Әлсіз реакция – вакцина енгізілген орында гиперемия немесе диаметрі 2, 5 см-ге дейінгі инфильтрат гиперемиямен.
- Орташа реакция – инфильтрат диаметрі 2,6 см — 5,0 см лимфангоитпен немесе лимфангоитсіз.
- Күшті реакция – инфильтрат диаметрі 5,0 см — 8,0 см; лимфангоит және лимфаденит болуымен.
Вакцинадан кейінгі жалпы реакциялар
дене температурасың жоғарылауымен, әлсіздікпен немесе жылай берумен көрінуі мүмкін.
Жалпы реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:
- Әлсіз реакция – дене температурасы 37,5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары болмайды;
- Орташа реакция – дене температурасы 37,6˚С -38, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары шамалы;
- Күшті реакция – дене температурасы 38,5˚С жоғары, бірақ интоксикация симптомдары қысқа.
Поствакциналық асқынуларға жатады:
1) Күшті реакциялар: дене қызуының 400С және одан да жоғары көтерілуі, дірілдер (қалыпты температура фонында да) әдеттегідей емес ұзақ жылау(3 сағаттан көп), естен тану.
2) Аллергиялық реакциялар: анафилактикалық шок; есекжем; Квинке ісігі;
3) Энцефалит немесе менингиттің дамуы.
Вакциналардың барлық түрлеріне тұрақты жалпы қарсы көрсеткіштер:
- Вакцинаны енгізгеннен 48 сағат өткеннен кейінгі күшті реакция (дене температурасының 400С және одан жоғары болуы,
- баланың 3 сағаттан артық ұзақ жылауы,
- фебрильді немесе афебрильді тыртысу,
- гипотониялық-гипореактивті синдром (коллапс);
Достарыңызбен бөлісу: |