Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы



Дата26.08.2017
өлшемі118,97 Kb.
#28718
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар 2012 жылғы №112 (Қазақстан Республикасының ПҰАЖ-ы, 2012 ж , № 26, 364 б.) Қаулысының заңды күші жойылған деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер министрі Кәрім Мәсімов

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20 наурыз , 2015 жылғы №137 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 22 сәуір 2015 жылы №10768 тіркелген.


Қазақстан Республикасының 27 шілде 2007 жылғы «Білім туралы» Заңының 5-бабы, 25-тармағына сєйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға берілген Ережені бекіту.

2. Жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ( Шаймарданов Ж.К.):

1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуі қамтамасыз етілсін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін, осы бұйрықтың ресми жариялануы қамтамасыз етілсін;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр А. Саринжипов

Бекітілді

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрінің

20 наурыз, 2015 жылғы № 137

бұйрығымен

Қашықтантан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже қашықтантан білім беру технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 27 шілде 2007 жылғы «Білім туралы» Заңының 5-бабы, 25-тармағына сәйкес әзірленген және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Қашықтантан оқыту технологиясы (бұдан әрі - ҚОТ) мынадай түрде іске асырылады: теледидар технологиясы, желілік технология мен кейс технологиясы.

3. Қашықтантан оқыту технологиясының субъектілері білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер және білім беру мекемесі.

4. ҚOT білім беру ұйымдарында дербес жүзеге асырылады.

5. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ақпараттық-білім беру порталы – әкімшілік-академиялық, оқу-әдістемелік ақпараттарды қамтитын, ҚОТ бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін өзара байланысты жинақталған ақпараттық ресурстар жүйесі мен ғаламтор қызметтері;

2) ақпараттық-білім беру ресурстары – білім беру сипаттағы ресми идеялар мен білім, түрлі деректер, оларды жинақтау әдістері мен құралдары, дереккөз бен ақпаратты пайдаланушы арасындағы ақпаратты сақтау және алмасу;

3) желілік технология – оқу-әдістемелік материалдарды ұсыну, білім алушының оқытушымен және бір-бірмен интерактивті әрекет ету түрлері, әрі ғаламторды пайдалану арқылы білім беру үрдісін әкімшілік басқару;

4) кейс технологиясы – білім алушының өздігінен оқуы үшін жіберілетін қағаз, электрондық және басқа да ақпаратты жеткізетін құралдар арқылы топтастырылған оқу-әдістемелік материалдар жинағының (кейстер) технологиясы.

5) контент – оқу материалдарының (мәтіндер, графика, мультимедиа және басқа да маңызды ақпараттық толықтырулар) ақпараттық толықтырулары;

6) Қашықтықтан оқыту технологиясын іске асыратын білім беру ұйымдарының интернет-ресурстары – білім беру үдерісіне қатысушыларға әкімшілік және академиялық ақпарат беретін интернет-ресурстар.

1) қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиясы – электронды жеткізу құралдарында оқу материалдарын құрастыру, жіберу және сақтау, білім беру үдерісін ұйымдастыру және қолдаудың ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялары;

2) Мультимедиа – пайдаланушылар түрлі деректермен (графика, мәтін, дыбыс, бейне) диалог режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы;

3) "on-line" – нақты уақытта ақпарат алмасу;

4) "off-line" – бос уақыт кеңістігіндегі ақпарат бөлісу сабағы;

5) силлабус – оқытылатын пәннің қысқаша мазмұнының сипаттамасы, оқу пәнің негізгі сипаттамаларын қамтитын студенттерге арналған пән бойынша оқу бағдарламасы;

6) теледидар технологиясы – эфирлік, кабельдік және спутниктік жүйедегі теледидарды пайдалануға негізделген технология;

7) тестілеу кешені – білім беру үрдісінің барлық кезеңінде білім алушыны оқу материалын меңгеру деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралы;

8) тьютор – білім алушыға пәнді оқытушы көмегімен меңгеруге көмек беретін тұлға.

2. Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібі 

6.ҚОТ бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымынан талап етеді:

1) Студенттер үшін оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және әкімшілік ақпараттан тұратын беттері бар білім беру порталының болуы;

2) Телекоммуникация желісіне қосылуға мүмкіндігі бар жабдықтар (ғаламтор, спутниктік теледидар);

2) мультимедиялық сыныптар және электрондық оқу залдары;

3) білім беру контенті;

4) тестілеу кешені;

5) білім беруді жүйелік басқару(Learning Management System) .

7. Қашықтықтан оқыту технологиялары білім беру ұйымының оқу үдерісіне енгізу үшін:

1) оқытушы, тьютерлер мен қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыратын қызметтерді оқыту ұйымдастырылады;

2) білім беру ресурстарын жасау және жаңарту үшін профессор-оқытушылар құрамы мен педагогикалық қызметкерлерге жағдай жасалады;

3) қағазға немесе ақпараттық технологиялар арқылы білім алушыларға оқу материалдарының жеткізілуі;

4) «on-line» режимінде консультациялар ұйымдастыру және өткізу;

5) «off-line» режимінде білім алушылармен кері байланыстың қамтамасыз етілуі;

6) «on-line», «off-line» режимінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

7) аутентификациялау жүйесі арқылы білім алушының жеке басының сәйкестендіруі.

7. ҚOT білім алушыларға қолданылады:

1) техникалық және кәсіптік, жоғары, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде оқытудың барлық түрлеріне;

2) бастауыш, орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары білім негізінде білім берудің қысқартылған бағдарламалары бойынша;

3) білім берудің барлық деңгейлерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, соның ішінде бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары барлар;

4) «Болашақ» стипендиясы игерлерін қоспағанда, бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттен тыс жерге кеткендерге;

5) жоғары білімді сырттай оқыту түрінде оқитын білім алушылар әскери қызметке шақырылғанда;

6) жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда (4 айдан астам) болғандарға;

5) мекеме тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген болса, колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға;

9. Жоғары оқу орындарының шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруда ҚOТ қолданылады.

10. Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар тек білім беру компоненттерінің немесе оқу пәндерінің кредиттерін меңгереді.

11. ҚОТ бойынша білім алғысы келгендер ҚOT-ты пайдалануға мүмкіндігінің дәлелді негіздемесін көрсеткен, растайтын құжаттарды қоса тапсырып, білім беру ұйымы басшысының атына еркін түрдегі өтініш жазады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар ҚОТ бойынша оқу үдерісіне қатысуға болатындығы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың берген ұсынысын көрсетеді.


12. Білім алушылардың өтінішін білім беру ұйымының басшысы, өтініш берген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде қарайды. Мәселе оң шешімін тапса, үш жұмыс күні ішінде білім алушының ҚOT-ты пайдалануы туралы ұйым басшысының бұйрығы шығарылады. 13. Бұйрыққа қоса беріледі:

1) білім алушының өтініші;

2) білім алушының жеке оқу жоспарлары;

3) әрбір білім алушының білім алу қызметін ұйымдастырудың жеке кестесі;

4) мүмкіндігі шектеулі балалар қашықтықтан оқыту технологияларын бойынша оқу үдерісіне қатысуға болатындығы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың берген ұсынысы;

5) білім алушы сотталған және қауіпсіздігі төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген болса, білім алушылардың пениципиалдық мекеме басшысының келісімі немесе рұқсаты; Білім беру ұйымдары өтінішті бес жұмыс күні ішінде қарастырып, ҚОТ бойынша оқыту үдерісінде пайдаланылатын жоспар мен оқу үрдісінің кестесімен студенттерді таныстырады.


14. Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында ҚOT қолдана отырып, білім беруді жүзеге асыратын оқу жоспарының барлық пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендері болуы керек. Электрондық оқу-әдістемелік кешендерін дайындау бекітілген оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес курсты әзірлеуші тарапынан іске асырылады.

15. Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша жиынтықтарды қамтиды.

16. Міндетті жиынтықтың құрылымы:

1) пәннің мазмұнын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, ұсынылған әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша), пәннің модульдік бөлінімдерін қамтитын силлабус;

2) электрондық дәріс конспектілері ;

3) практикалық және семинар сабақтарының материалдары;

4) оқытушының жетекшілігімен орындалатын және студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар ;

5) аралық бақылауды ( бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар, жеке тапсырмалар) ұйымдастыруға арналған материалдар;

6) қорытынды бақылауды (тесттік емтихан тапсырмалары, емтихан сұрақтары, билеттер, емтиханның бақылау сұрақтары) ұйымдастыруға арналған материалдар;

7) қашықтан консультация өткізу кестесі.

17. Қосымша жиынтықты білім беруді ұйым дербес анықтайды.

18. ҚОТ енгізетін білім беру ұйымында білім алушылар туралы дерекқорды (қабылдау туралы бұйрықтар , ауысулар, оқуға қайта алынуы, студенттердің ағымдық үлгерімі туралы ақпарат) қамтитын ақпараттық басқару жүйесі құрылады.

19. ҚОТ енгізетін білім беру ұйымында ҚОТ-ты іске асыруда ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қолдау көрсететін арнайы құрылымдық бөлімше ұйымдастырылады.
20. ҚОТ-қа қолдау жасайтын құрылымдық бөлімше ҚOT бойынша оқу үдерісін жоспарлайды және ұйымдастырады, ҚОТ-қа байланысты құжаттаманы жүргізеді, оқытушылар мен тьютерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіреді.

21. ҚОТ-қа қолдау жасайтын құрылымдық бөлімше электрондық оқулықтар, әдістемелік құралдар, мультимедиялық курстар, оқу құралдарын сатып алуда кеңес береді, ҚОТ үшін ақпараттық ресурстар әдістерін әзірлеу, сынау жүйелері мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын басқарады.

22. ҚОТ-қа қолдау жасайтын құрылымдық бөлімшесі қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын пайдалану, жобалау мен дамытуда белсенді қатысады.

23. ҚОТ бойынша оқу бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бойынша барлық техникалық және кәсіби мамандықтардың жоғары білім берудің оқу жоспары негізінде іске асырылады.

24. ҚОТ енгізетін білім беру ұйымы қазіргі заманғы телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, оқу үдерісіне қатысушылардың өзара әрекеті арқылы білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетеді.

25. Оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.

26. Оқу қызметінің барлық түрлері келесідей жүзеге асырылады:

1) білім алушы мен педагог қызметкердің немесе тьютердің телекоммуникация құралдарын пайдалану немесе білім беру ұйымында (білім алушының бастамасы бойынша) көзбе-көз байланысуы арқылы педагогикалық қарым-қатынас жасауы;



  1. оқу-әдістемелік құралдардың көмегімен (оқу-әдістемелік кешен, қосымша әдебиеттер) білім алушының өдік жұмысы.

  1. ЌОТ «on-line», «off-line» режимінде өткізілетін қашықтықтан өткізілетін сабақтарға негізделеді.

  2. «Оn-line» режиміндегі сабақтар нақты уақытта (телефон арқылы келіссөздер, ғаламтор арқылы хабар алмасу, бейнеконференция) бірлесе әрекет етудегі оқу үдерісін анықтайды.

  3. «Оff-line» режиміндегі сабақтар білім алушы мен оқытушының ілеспе қарым-қатынас жасауына (электрондық пошта, оқытушының нұсқауы бойынша кейін аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсыру үшін білім алушының оқулықпен жұмыс істеуі) негізделген бірлесе әрекет етудегі оқу үдерісін анықтайды.

  4. Білім алушының білімін ағымдық бақылау мен аралық бақылау оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары, академиялық күнтізбеге сәйкес іске асырылады.

  5. Ағымдық бақылау мен аралық бақылауды өткізу келесідей түрде өткізіледі:

  1. on-line режимінде телекоммуникация құралдарын пайдаланып, білім алушы мен оқытушының тікелей байланысуы;

  2. автоматтандырылған тестілеу кешендерімен;

  3. жеке жазбаша тапсырмаларды тексеру (кейс технологияда).

32. Білім беру ұйымы білім алушының ағымдық үлерім бақылауы мен аралық бақылауын рұқсат етілмей кіруден және фалсификациялаудан электронды шектеу әдістерінің көмегімен қорғалған тәуелсіз бағалау ақпараттық жүйесінде ұйымдастырады.

33. Білім алушы піннің аралық бақылауына оқу жұмыс бағдарламасында көрсетілген барлық бақылау іс-шараларын орындап, тапсырғаннан кейін ғана жіберіледі.

34. Кәсіби тәжірибе білім беру ұйымдарында мамандықтың ерекшелігіне орай өткізіледі.

35. ҚОТ бойынша білім алушының аралық және қорытынды бақылауы 18 наурыз, 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №125 бұйрығымен бекітілген білім алушының үлгерімін ағымдақ бақылау мен аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің типтік Ережелеріне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5191 тіркелген) сәйкес өткізіледі.



Сотталған және қауіпсіздігі төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік аттестациялық комиссиясының студенттің орналасқан жеріне баруы арқылы іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет