Көрсеткіш ішінара орындалды 2016 жылғы 6 желтоқсанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 15 жасар білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың PISA-2015 халықаралық зерттеулер нәтижесін ресми жариялады (негізгі бағыт - жаратылыстану).
PISA-2015-ке 72 мемлекеттен 500 мыңнан астам 15 жасар оқушы қатысты. Қазақстаннан 16 өңірден 5780 15 жасар оқушы мен студент қатысты (189 мектеп және 27 колледж).
PISA-2012-мен салыстырғанда халықаралық тестке қатысушы қазақстандық оқушылар зерттеудің барлық бағыттары бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Математика бойынша өсім 28 балды және жаратылыстану бойынша 31 балды құрады.
Математикалық және жаратылыстану құзыреттілігінің даму қарқыны жоғары деңгейде. 2012 жылғы өсім 2009-жылмен салыстырғанда сәйкесінше 27 және 25 балды құрады.
PISA-2015-те ең жоғары көрсеткішті қазақстандық 15 жасар оқушылар оқу сауаттылығы бойынша көрсетті (+34).
Бұл Елбасының тапсырмасына сәйкес «Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту бойынша іс-қимыл ұлттық жоспарын» және мектептік білім беру мазмұнын жаңартуға көшу бойынша іс-шараларды іске асырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр.
PISA-2015-тегі Қазақстанның нәтижелері мынадай: математика - 460 балл, жаратылыстану - 456) балл, оқу сауаттылығы бойынша 427 балл.
ҚР БҒСБК ресми деректері
ОЖСБ
9-сынып – 37,4
ОЖСБ
9-сынып – 37,4
ОЖСБ
9-сы нып -33,25
*
*
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ақпараты бойынша 2016 жылы орта білім саласындағы оқу жетістіктерін сырттау бағалау (ОЖСБ) 5-19 сәуір аралығында өткізілді. Тестілеу 4-ші және 9-сыныптарда өткізілді.
ОЖСБ нәтижесінде республика бойынша орташа көрсеткіш мүмкін болатын 75-тен 33,25 баллды құрады, оның ішінде қазақ тілінде білім алатын сыныптарда- 32,82 балл, орыс тілінде -34,41 балл.
Бұл көрсеткіш оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігі мен ұсынылатын білім беру қызметтердің сапасын анықтайды.
ОЖСБ-2016-ның ерекшелігі логикалық ойлау мен оқу сауаттылығына бағытталған тестілік тапсырмалар форматының өзгеруінде.
Тестілеу 2 пән бойынша өткізілд: қазақ тілі міндетті пән ретінде (максималды балл -20), екінші - оқытылатын пәндердің бірі (максималды балл-55).
3-көрсеткіш Білім беру процесінде АКТ-ны қолданатын мектептердің үлесі