Көрсеткіш орындалды
ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 7450 мектеп қызмет етеді, оның 3289-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған.
Осылайша, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 44,7 %-ды құрады.
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептер 3 көрсеткіш бойынша анықталады:
- инклюзивтік білім берумен қамтылған балалары бар;
- инклюзивтік білім беруге арналған оқулықтары бар;
- инклюзивтік білім беру сыныптардың/топтардың мұғалімдері бар.
Инклюзивті білім берумен ең аз қамтылу Қызылорда-12,3%, Шығыс Қазақстан-16%, Қарағанды-24,7% облыстарында орын алған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |