Көрсеткіш орындалды «Өрлеу» АҚ-ның ақпараты бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының 8 білім беру бағдарламасының 4-уі немесе 50% -ы жаңартылды (ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығы):
1) Жаңа жалпы білім беретін үлгілік бағдарламаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жобалау;
2) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау саласында мектепке дейінгі ұйым басшысының кәсіби құзіреттілігін дамыту;
3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнының контексінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық менеджмент;
4)Білім беруді жаңғырту жағдайларында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық қызметін басқару .
2.1-міндет. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру
1-көрсеткіш Педагогтердің жалпы санынан жас педагогтердің үлесі