|
1-көрсеткіш.
Аттестаттауға жататын мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан аттестаттаудан өткен мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі
|
%
|
ҚР БҒМ БҒСБК-нің ресми деректері
|
БҒМ
|
83
|
84
|
93
|
*
|
*
|
Көрсеткіш орындалды
2016 жылы 640 мектепке дейінгі ұйымдарды аттестациядан өткізу жоспарланды. Есеп беру кезеңінің қорытындысы бойынша 596 (93%) мектепке дейінгі білім беру ұйымы аттестациядан өтті.
Жоспарлы көрсеткіштің артуы немесе азаюы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың аттестациядан өту рәсімінен тікелей тәуелді.
Мәселен, 2015 жылы 599 (100 %) мектепке дейінгі ұйымды мемлекеттік аттестациядан өту жоспарланды, оның ішінде 83,8 %-ы мемлекеттік және 16,2 %-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар.
ҚР Кәсіпкерлер кодексінің 137-бабының 3-тармағының 8-тармақшасына сәйкес мемлекеттік аттестация білім беру ұйымының бастамасы негізінде жүргізіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдар үнемі мұндай қызығушылық таныта бермейтіндігін атап өткен жөн.
Білім берудің басқа деңгейлерінде бес жылда бір рет аталған рәсімнен өтпеген білім беру ұйымдары мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру құқығынан айырылады ( ҚР «Білім туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағы).
Мектепке дейінгі ұйымдарда мұндай қызығушылық жоқ.
|