Көрсеткіш орындалды ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша балабақшалардың жалпы саны 4910-ды құрады, оның ішінде 495 (10%) балабақшада білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалған.
Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған балабақшалардың ең аз саны Маңғыстау – 9, Солтүстік Қазақстан – 5, Алматы – 4 облыстарында және Алматы қаласында – 3 байқалды.
Ең көп саны - Батыс-Қазақстан – 86, Павлодар – 62, Жамбыл – 51, Шығыс-Қазақстан – 45, Оңтүстік Қазақстан – 45 облыстарында.
1-көрсеткіш. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдысы мен машығының даму индикаторларына сәйкес машығы мен дағдысының деңгейі жоғары және орта 5-6 жастағы балалардың үлесі