|
206-іс-шара
Ғылыми және ғылыми -техникалық қызметті қаржыландырудың жаңа тәсілдерін дәріптеу
|
|
*
|
ҒЗИ
(келісім бойынша),
БҒМ
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
ҒЗИ қаражаты есебінен
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және гранттық қаржыландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін ұсыныстар мен өзгерістерді Қазақстанның ғылыми қоғамдастығымен талқылау, сондай-ақ, оларға мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын байқауларға қатысуға өтінімдерді тапсыруға байланысты және Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысы туралы мәселелерді түсіндіру мақсатында Астана, Қарағанды, Алматы және Павлодар қалаларында «Ғылыми жобаларды бағалау және қаржыландыру жүйесі» семинарының сериясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстармен негізгі нысаналы аудитория қамтылды – ғылыми гранттарды алуға үміткер әлеуетті өтінім иелерінің критикалық массасы жиналған университеттердің профессорлік-оқытушылық құрамы және елдің өңірлеріндегі ғылыми ұйымдардың өкілдері Барлығы семинарға 1000-нан астам адам қатысты, қалалар бөлінісінде: Алматы — 500, Астана — 150, Қарағанды — 200, Павлодар — 150.
Ғылым күніне орай, 2016 ж. 12-13 сәуірде Алматы қаласында «Ғылым және бизнес» халықаралық форумы ұйымдастырылды, оның шеңберінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерінің көрмесі қойылды, сонымен бірге беделді халықаралық сарапшылардың (Корей ғылыми-техникалық ақпарат институты, Қазақстандағы Британия елшілігінің (British Counsl), Малайзияның технологиялық даму жөніндегі корпорациясының, «Горизонт - 2020» бағдарламасының, Корея, Финляндияның R&D бағдарламаларының өкілдерінің және ресейлік әріптестердің) қатысуымен 9 мастер-класс өткізілді. Іс-шара ҚР БҒМ қолдауымен өткізілді, БАҚ-қа тарату ҚР БҒМ-нің Баспасөз қызметімен іске асырылды, қатысушылардың саны 1000 адамнан жоғары.
|