Іс-шара орындалды Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында 3 деңгей бойынша: «сол немесе басқа іс-әрекетті жаңғыртады», «ол не істеп жатқанын түсінеді», «қолдана біледі»
балалардың білімі мен білігін дамытуды қадағалау бойынша индикаторлар Жүйесі әзірленді.
Балалардың білігі мен дағдысын дамытуды қадағалау бойынша индикаторлар Жүйесін әзірлеу мен енгізуді жүзеге асыру мақсатында бірқатар шаралар өткізілді: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мектеп жасына дейінгі баланың дамуы автоматтандырылған мониторингі жүйесін енгізу бойынша тренингтер.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» РО тақырыптық жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі баланың даму мониторингін өткізу үшін автоматтандыру жүйесін енгізу бойынша Әдістемелік ұсынымдар әзірленді және өңірлерге, Ұлттық кітапхана мен Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА жіберілді.
2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республиканың барлық мектепке дейінгі ұйымдары индикаторлар Жүйесінің басшылығына қатысады.
12-іс-шара Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде білім беру қажеттіліктері ерекше балалар үшін арнайы бағдарламалар әзірлеу