Іс-шара орындалды Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілді.
ҚР «Білім туралы» Заңының 59-бабының 4-1 п. сәйкес мемлекеттік аттестатталуға жататын білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалауды жүргізеді.
Білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларына жыл сайын өзін-өзі бағалауды жүргізу бойынша ҚР «Білім туралы» Заңына өзгеріс енгізу қажет.
Осыған байланысты Министрлік білім беру ұйымдарының жыл сайын өзін-өзі бағалауды жүргізу бойынша ҚР «Білім туралы» Заңына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.
Білім беру ұйымдарының жыл сайын өзін-өзі бағалауды жүргізу жөніндегі норманы енгізу мәселесі бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат ҚР ҰЭМ-не жолданды (2016 жылдың 3 тамызындағы хат, шығ.№3365-3697-Д/17-8).