Іс – шара орындалды Жобаны енгізу механизмі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
Бірінші: Тегін кісіптік – техникалық білім жұмысшы мамандықтар бойынша жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Кадр дайындаудың басты бағыттары анықталған.
2017 жылдың қыркүйегіне дейін барлық мамандықтарға екі деңгейлі модульдік бағдарлама бекітіледі.
Жұмысшы кадрларды даярлауды көбейту мақсатында екі деңгейлі модульдік бағдарламаның бірінші деңгейінде – екі-үш жұмысшы біліктілік, екіншісінде – орта буын маманы қарастырылған.
Мысалы, электрик – механик мамандығын алып шығу үшін оқуға түсуші адам алдымен электр слесарі немесе электромонтер біліктілігін бітіруі тиіс.
Мұнда 2 жыл 10 ай мерзім ішінде студент тегін білім алып, орта жалпы біліммен қоса 2 жұмысшы біліктілігін алып шығады. Жұмысшы біліктіліктерін алғаннан кейін маман еңбек нарығына дипломмен шығады. Орта буын маман деңгейін (1жыл) конкурстық негізде алып шығады.
Тапсыру емтиханында жоғары нәтиже көрсеткен студент мемлекеттік тапсырысқа ие болып, тегін білім алады.
Министрлік мемлекеттік және жергілікті органдармен, ҰКП-мен бірге жол картасын жүзеге асыруда «Тегін ТжКБ» жобасын бекітті (одан әрі – Жол картасы) (2016 жылдың 29 желтоқсанындағы № 728 ҚР БжҒМ бұйрығы).
5 жыл ішінде 353 мың адам тегін техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету және сервис мамандықтарымен қамтылатын болады (жыл сайын 70,6мын адамнан).
Екінші: тегін ТжКБ – ді нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында алуға болады (одан әрі - Бағдарлама) (2016жылдың 29 желтоқсанындағы № 919 бұйрығы).
Бұл бағдарламаға жасы 29-ға толмаған бірнеше жыл оқуға түсе алмаған мектеп түлектері, біліктіліксіз жұмыс жасап жүргендер мен өзін – өзі қамтушылар және жұмыссыздар қатыса алады. Сонымен қоса, бағдарламада қысқа мерзімді курстар қарастырылған.
Бағдарлама шеңберінде 5 жыл ішінде 320 мыңнан астам адам қамтылады (2017 жылы – 26 мың адам, 2018 жылы – 36 мың адам, 2019 жылы – 46 мың адам, 2020 жылы – 50 мың адам, 2021 жылы- 56 мың адам).
Барлық бағдарма бойынша білім алатындар шәкіртақымен (айына 16756 теңге), бір мезгіл ыстық тамақпен (күніне 365 теңге), жолақымен (жылына 4 АЕК) қамтылады.
Бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға аймақтық кәсіпкерлер палатасы мен жұмыспен қамту органдары септігін тигізеді.
ҚР БжҒМ мен облыс әкімдігі және Астана, Алматы қалаларының әкімдігімен 2017-2021 жылдарға тегін техникалық және кәсіптік білім берудің нәтижесі мен мақсатты көрсеткішке қол жеткізу туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.
Кең ауқымды ақпараттық – түсінік жұмыстарын жүргізу барысында аймақтарға бару кестесі жасалған.
Үшінші: оқушыларды кәсіптік оқыту оқу – өндірістік комбинаттар шеңберінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда республика аумағында 39 ОӨК-да (оның 10-ы Астана қ. колледж базасында) болса, мұнда 22мың адам қамтылған. Білім беру 21 мамандық бойынша жүзеге асып, оқу соңында оқушылар белгілі құзіреттілік бойынша сертификат алып шығады.
Ұсыныс 2016 жылдың 29 сәуірінде №1-2224-Д/09-4/418А жіберілді. 2016 жылдың 13 мамырдағы №3406-1 ПАБ бұрыштамасымен ұзақ мерзімді бақылауға алынды.