|
210-іс-шара
Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін іске асыру және бағалау барысына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру
|
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
«Ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың іске асырылу барысына және нәтижелілігіне мониторинг жүргізу туралы ережелерді бекіту туралы» ҚР БҒМ Ғылым комитеті (2016 жылғы 25.02. № 14-НЖ) мен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (2016 жылғы 25.02. № 177) бірлескен бұйрығына және «Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың тізімін, орналасқан жеріне бару арқылы мониторинг жүргізетін сараптама тобының құрамын бекіту туралы» ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (2016 жылғы 25.02. № 178) бұйрығына сәйкес 2016 жылғы наурызда жалғастырылып жатқан жобалар мен бағдарламалардың арасында орналасқан жеріне барып мониторинг жүргізілді.
Мониторингтің нәтижесі, атап айтқанда мониторинг актілерінің көшірмелері Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелеріне қарастыру үшін ұсынылды.
Қазіргі уақытта Ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – ВАЖТ) әдістемелерді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда және ғылымның түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін дифференциалды бағалау мақсатында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелілігін бағалау және оларды практикалық тұрғыдан қолдану үшін ұсыныстар енгізу жөнінде ВАЖТ отырыстары өткізілуде.
ВАЖТ ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелілігін оларды сипаты бойынша іргелі немесе қолданбалы зерттеу деп бөліп, дифференциалды бағалауға мүмкіндік беретін нақты шараларды ұсынды.
|