Іс-шара орындалды ҚР Мемлекеттік хатшысының «Қазақстанда жұмыс істеу үшін шет елдерден қазақстандық ғалымдарды тарту және олардың жұмыс тиімділігін арттыру, республикадан тысқары кету ықтималдығын азайту мақсатында отандық ғалымдарға жағдайлар жасау мәселелері туралы» 2015 жылғы 28 қаңтардағы 1.1, 1.3, 2.1, 2.2, 3 тармақтары бойынша тапсырмалары 2016 жылғы 5 наурыздағы № 2894-4 ПАБ хатпен бақылаудан алынып тасталды.
«Болашақ» (бұдан әрі - Стипендия) бағдарламасын жүзеге асыру аясында елдің жоғарғы оқу орындарында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын 99 PhD докторы даярланды (оның ішінде 40 адам – гуманитарлық бейін бойынша, 40 – техникалық, 19 - медициналық).
2015 жылы үздік әлемдік ғылыми орталықтарда отандық зерттеулерді жүзеге асыру мақсатында Стипендия аясында Split PhD жобасы іске қосылды.
Аталған жоба «Болашақ» докторантурасын бітірген түлектердің қайта оралып, еңбек қызметін жүзеге асыруына ғылыми-тәжірибелік ортаны дайындауға көмектеседі.
Қазіргі уақытта Split PhD моделі бойынша 5 докторант оқуда: 2 адам Ұлыбританияда, 2-уі – Ресей Федерациясында, 1 – Финляндияда. 24 адам ғылыми тәжірибеден өту үшін Стипендия иегері атанды.
Стипендиат-тағылымгерлер Кембридж университеті, Оксфорд университеті, Ұлыбритания; Массачусетс технологиялық институты, Гарвард университеті, Джордж Вашингтон университеті, АҚШ; Берлин техникалық университеті, Якобс Бремен университеті, Гумбольд Университеті, Германия; М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті, К.Э. Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университеті, Ресей Федерациясы және т.б. сияқты жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда ғылыми тәжірибеден өтті.
Шетелде кәсіби қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өту нәтижесінде көптеген қазақстандық ғалымдар импакт-факторы бар шетелдік журналдарда мақалаларын басып шығаруға, халықаралық конференцияларда қатысуға және шетелдік ғылыми қауымдастықпен тұрақты байланыстарды құруға мүмкіндік алды.