Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет197/199
Дата05.02.2022
өлшемі3,04 Mb.
#17551
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199
Іс-шара орындалды
«Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар үшін корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 17 мамырдағы № 86 бұйрығына сәйкес заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар түрінде корпоративтік басқарудың кодексін әзірлеу қарастырылған.
Осыған орай, Ғылым комитеті ведомствоға бағынысты «Ғылым қоры» және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» екі акционерлік қоғамға корпоративтік басқарудың кодекстерін әзірлеп, бекітті.
Корпоративтік басқарудың заманауи бағыттарын енгізу мақсатында «ҰМҒТСО» АҚ бірқатар іс-шараларды жүргізді:
1. «ҰМҒТСО» АҚ-да корпоративтік басқаруды енгізу бойынша жоспар әзірленіп, бекітілді. Осы Жоспар аясында деректер базасын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде «Elma» электрондық құжат айналымын енгізуге бақылау ұйымдастырылып, жүргізілді.
2. Бекітілген жоспарға сәйкес Сапа Менеджменті Жүйелері (СМЖ) енгізілді.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және оны алдын-алу бойынша жұмыс ұйымдастырылды (жоспар бекітілді, Қоғам сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жеке парақша ашылды, сенім жәшігі орнатылды, ақпарат тұрақты негізде жаңартылады және Қоғамның қызметкерлерімен коммерциялық параға сатып алу, өндірістік шпионаж тақырыптары бойынша қоғамдық кездесулер жүргізіледі және т.б.).
4. Кадр басқармасына «Алтын кадры» жаңа электрондық жүйесі енгізілді.
«Ғылым қоры» АҚ корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, атап айтқанда:
1) 2016 жылы Қордың директорлар кеңесінің 9 кеңесі өтті
- Ғылым қорын тиісті деңгейдегі жауапкершілікпен, есеп берушілікпен және тиімділікпен басқару мақсатында Атқарушы орган Директорлар кеңесімен тұрақты негізде өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің қарауына Қордың Даму жоспарын, Стратегиялық дамуын бекіту мәселелері, ағымдағы қызметі туралы ақпарат және т.б. енгізіледі;
2) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қор ақпаратты ашу, ағымдағы қызметтің айқындығын жүзеге асырады
- Қор «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына және ҚР Ұлттық банкінің талаптарына сәйкес корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты ашуды Бірыңғай есептілікті тапсыру жүйесі ақпарат ресурсында жүзеге асырады;
3) Қордың ішкі аудиторы заңнама талаптарына сәйкес ішкі бақылауды, сонымен қатар бизнес-үдерістерді оңтайландыруды жүргізеді.
4) Ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру мақсатында 2016 жылы Қордың Директорлар кеңесі туралы ереже, Қордың Корпоративтік хатшысы туралы ереже, Еңбекақы төлеу қағидалары, Еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар жаңа редакцияда бекітілді.
5) Құрылымдық бөлімшелер арасында өкілеттіктер мен құзыреттерді бөлу жүзеге асырылды, ағымдағы бизнес-процестер саласында өзара іс-қимыл бойынша нұсқаулық әзірленді, тиісті ережелер әзірленді;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша жұмыс ұйымдастырылды - жоспар бекітілді, Қор қызметкерлерімен кеңестер мен кездесулер өткізіледі;
7) Қорды басқару органдарының (Атқарушы орган, Директорлар кеңесі және Жалғыз акционер) арасында өзара тиімді іс-қимыл жолға қойылды.


208-іс-шара
Ғылыми ұйымдарды оңтайландыруды және қайта құрылымдауды жүргізу




*

БҒМ

2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан



талап етілмейді















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет