Береке орта мектебінің 8-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» үйірмесінің 1-ші жарты жылдық бойынша атқарған жұмыстары жөнінде хабарлама



Дата08.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#117583
түріСабақ
Байланысты:
docx1547813043


Береке орта мектебінің 8-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» үйірмесінің 1-ші жарты жылдық бойынша атқарған жұмыстары жөнінде
хабарлама
Жыл басында тақырыптық-күнтізбелік жоспар жасақталып, бекітілді. Жоспар бойынша үйірме жұмысы атқарылуда. Үйірмеге өз қалауы бойынша 11 оқушы жазылған болатын. Әр аптаның бейсенбі күні аптасына бір рет үйірме жұмысы өткізіледі.
Мақсаты - қазақ халқының ұмыт қалған ұлттық ойынын дәріптеу арқылы оқушылардың өз ұлтының тарихына, салт-дәстүріне, ұлттық ойынына деген қызығушылығын ояту, арттыру.
Міндеттері:
1.Қазақ халқының ұлттық ойындарының қалыптасу тарихымен таныстыру.
2.Қазақ халқының бағзы заманнан келе жатқан ұлттық ойындардың бүгінігі оқушылар бойынан табу.
3. Ата – бабамыздан мирас болып қалған, ұлттық ойынымызды соның ішінде «Алтын сақа» ойынын ары қарай жаңғырту.
4. Асық ойыны арқылы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Сабақ басталмас бұрын жинаған асықтарды түрлі түске бояп 30 шақты асық алып келіп оқушыларға тагыстырып, жоспармен бөлісіп, оқушыларға асық жинауға тапсырма бердім. Әрбір оқушыда өздерінің жинаған асықтары бар, әр асықтың атаулары бар.

«Асық – қазақтың ұлттық ойыны». Оқушының негізгі мақсаты асық ойынының түрлерін және олардың ойналу ережесін танытып, асық ойыны арқылы тұлғаның өз бетінше дамуына қол жеткіуге болатынына көз жеткізу.


Үйірме жұмысының негізгі бөлімінде мынадай мәселелер сөз болды:
а)Асық ойыны-ұлттық қазынамыз екендігі;
ә)Асық ойынының түрлері және оның бала дамуына қосар үлесі;
б)Алдыңғы буын ағалар ойнаған асық ойындары;
Үйірменің екінші сағатында оқушы асық ойынын ойнау арқылы тұлғада қандай даму өзгешеліктері болатынын және асық ойыны жас ерекшелігіне сай құрылған ойын екендігін пайымдай білді. Өз құрдастары арасында асық ойынын ұйымдастыру арқылы ұлттық ойынымыздың жоғалып кетпеуіне өз үлесін қосып жүргенін айтады. Үйірмеде салт-дәстүріміздің бала тәрбиесіндегі алар орны мен ондағы ұлттық ойындар арқылы, соның ішінде асық ойынының ерекшеліктерін, ұлттық құндылығымызды жан-жақтылы талдай білуі қажет. Үйірме тақырыптарында қазақ ұлттық ойынының – асық ойынының тарихтағы орны туралы баяндалып, оның адам ағзасына тигізер пайдасы мен ерекшеліктері, өмірдегі ролі ескерілді.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша 16 сағат өткізілді. 07, 14 қыркүйек күндері «Асық ату» ойынының шығу тарихымен танысса, 21, 28 қыркүйекте «Асық атудың түрлері», 05,12 қазанда «Асық ату» түрлерінің ішінде кеңінен пайдаланылған «Алшы» ойынының ережесімен танысып, ойнаған болатын.
19, 26 қазанда «Қазақтың ұлттық «асық» ойынының ерекшелігі» тақырыбында, 09, 16 қарашада «Омпы» ойына түсінік беріліп, ойнап көрді. 23, 30 қарашада «Асық ату ойындарының күрделі түрлері», 07, 14 желтоқсанда «Шік - Бүк» ойыны туралы, 21, 28.желтоқсанда «Шеңбер» ойыны туралы ең алдымен түсінік беріліп, екінші сағатында ойнап көрген болатын.

Асық ойынын бүгінгі таңда жетік меңгеріп отырған ұлдардан Амангельдиев Айқат, Құсайынов Заңғар. Қыздардан Амиржанова Дианаа, Рысқалиева Назерке, Сапар Гүлнұр.
Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Ойынға бірнеше бала араласқанда әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін апа - әжелеріміз кілем және киіз жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын. Сонда әр асықтың түр – түсі әртүрлі болып шыға келер еді. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр бояу түрлерін балалар екі – үш жасында – ақ еркін ажыратады. «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» дегендей, әр бала өз асығының санын тез – ақ біліп алады. Бұл санауға жақсы, балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың ролін қоса атқарады. Асықтарды қаз қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады. Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан – ақ қалыптасқан.
Бала көп қимылдайтыны, тез шаршай қоймайтыны анық. Асық ойындары – қимыл – қозғалысқа құрылған ойындар. Әсіресе, ыстық кезде, бала аздау қимылдасын деген ниетте дүниеге келген ойын. Бір жағы баланың танымдық қабілетін арттырады.


Үйірме жетекшісі: Ескалиева Зульфия Мутиголлиевна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет