Берлинде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы өмірбаяндық кітаптың тұсаукесері болып өтті 2014 жылғы 26 қарашада Германияның астанасы Берлин қаласында Махмұт Қасымбековтің неміс тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев



Дата10.11.2016
өлшемі57,63 Kb.
#1398




Берлинде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

туралы өмірбаяндық кітаптың тұсаукесері болып өтті
2014 жылғы 26 қарашада Германияның астанасы Берлин қаласында Махмұт Қасымбековтің неміс тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» деп аталатын кітабының тұсаукесері болып өтті.

Бұл кітапты Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметін ресми тарихи-ғұмырнамалық зерттеудің алғашқы тәжірибесі деуге болады. Мұнда оның қарапайым ауылдағы жасөспірім кезінен бастап, ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолы баяндалады.

Басылымда басты назар Н.Ә.Назарбаевтың саяси өмірбаянына аударылған, ол Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлар аралығындағы дамуы кезінде болып өткен драмалық және әдеттен тыс оқиғалар мен процестердің аясында берілген.

Ауқымды мұрағат материалдарының негізінде әзірленген өмірбаян Қазақстанның ең бертінгі тарихы бойынша елеулі құжаттама көзі болып табылады. Кітапта фотосуретпен безендірудің бай материалдарымен бірге, жеке құжаттардың түпнұсқаларымен теңдес көшірмелері алғаш рет ұсынылады. Ал мұның өзі оқырманның суреттелетін оқиғалар ауанына толығырақ қанығуына септігін тигізеді.

Бұл басылымға оның авторы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұт Қасымбеков екені туралы дерек ерекше құндылық береді, ол көп жылдар бойы мемлекет басшысының тікелей қарамағында қызмет атқарып, президенттік институтты зерттеумен кәсіби тұрғыда айналысып келеді.

Оның ғылыми және шығармашылық қорында президенттік институтқа, Н.Ә.Назарбаевтың саяси қызметіне арналған ғылыми монографиялар, оқу құралдары, көп томдық басылымдар, публицистикалық жинақтар, көптеген мақалалар бар.

Қазақстан Президенті туралы ғұмырнамалық кітаптың 2012 жылы жарық көрген сәтінен бастап, тек Отанымызда ғана емес, шет елдерде де қызығушылық тудыруы кездейсоқ емес. Қысқа мерзім ішінде ол орыс, ағылшын, араб және венгр тілдеріне аударылып, жарық көрді.

Кітаптың венгр тіліндегі нұсқасы Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді. Оның Берлин-Бранденбург ғылым академиясының ғимаратында өткен тұсаукесеріне неміс тарапынан Германияның көрнекті мемлекет қайраткері, ГФР-дің бұрынғы экономика министрі Михаель Глос, Бундестаг депутаты, «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы, Қазақстан – Германия қоғамының төрағасы Манфред Грунд, Берлин-Бранденбург ғылым академиясының президенті Гюнтер Шток, белгілі неміс саясаттанушысы Александр Рар, сондай-ақ ғалымдар, сарапшылар, Қазақстаннан қоныс аударған немістер Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Германиядағы қазақ диаспорасының өкілдері, журналистер мен студенттер қатысты.

Қазақстан тарапынан кітаптың авторы Махмұт Қасымбеков, ҚР Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл, ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Бақытжан Темірболат, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Несіпбек Айтұлы қатысты.

Кездесу жылы әрі сенімді пікір алысу жағдайында өтті. Таныстырылымға қатысушылар Қазақстан басшысы туралы неміс тілінде жарық көрген кітап екі елдің жақындаса түсуі орайындағы тағы бір нақты қадам деген ортақ пікірде болды.

Берлинге іс-сапары барысында Махмуд Қасымбеков Германия Федералдық Үкіметінің Орталық және Шығыс Еуропаның елдер бойынша Уәкілі Корд Майер-Клодтпен және ГФР бұрынғы экономика министрі Михаель Глоспен екіжақты кездесулер өткізді. Неміс тарапы Елбасының "Нұрлы жол" Жолдауының мақсаттары мен талаптарына жоғары баға беріп,  Германия үшін Орталық Азия аумағындағы Қазақстаның стратегиялық маңызын айрықша назар аударды. Сол күні Махмуд Қасымбеков неміс тілшілеріне берген сұхбатында тәуелсіздік жылдары ішіндегі Қазақстан дамуының негізгі бағыттарына тоқталып, егемен Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі Елбасының көшбасшылық рөлін ерекше атап өтті.


В Берлине состоялась презентация биографической книги

о Президенте Казахстана Нурсултане Назарбаеве
26 ноября 2014 года в столице Германии городе Берлине состоялась презентация книги Махмуда Касымбекова «Нурсултан Назарбаев. Биография», изданной на немецком языке.

Книга представляет собой первый опыт официального историко-биографического исследования жизни и деятельности Н.А.Назарбаева. В ней прослежен его путь от простого сельского юноши до национального лидера.

Основное внимание уделено политической биографии Н.А.Назарбаева, которая дана в исторической ретроспективе драматических и неоднозначных событий и процессов, сопровождавших развитие Казахстана на рубеже XX-XXI веков.

Подготовленная на базе обширного массива архивных материалов биография является значимым документальным источником по новейшей истории Казахстана. В ней наряду со значительным фотоиллюстративным материалом впервые аутентично воспроизводятся копии личных документов, что позволяет читателю полнее погрузиться в атмосферу описываемых событий.

Особую ценность данному изданию придает тот факт, что его автор – начальник Канцелярии Президента Республики Казахстан, доктор политических наук, профессор Махмуд Касымбеков – на протяжении многих лет работает в непосредственном подчинении у главы государства и профессионально занимается изучением института президентства.

В его научном и творческом багаже научные монографии, учебные пособия, многотомные серийные издания, публицистические сборники, многочисленные статьи, посвященные институту президентства, политической деятельности Н.А.Назарбаева.

Неслучайно, с момента своего выхода в 2012 году биографическая книга о Президенте Казахстана стала пользоваться интересом не только на родине, но и за рубежом. За короткий срок она была переведена и выпущена на русском, английском, арабском и венгерском языках.

Немецкая версия книги была издана при поддержке Посольства Республики Казахстан в Германии. В ее презентации, которая проходила в здании Берлин-Бранденбургской академии наук, с немецкой стороны приняли участие видный государственный деятель Германии, бывший министр экономики Германии Михаель Глос, депутат Бундестага, председатель парламентской группы «Германия – Центральная Азия», председатель Казахстанско-германского общества Манфред Грунд, Президент Берлин-Бранденбургской Академии наук Гюнтер Шток, известный немецкий политолог Александр Рар, а также ученые, эксперты, члены Совета старейшин немцев-переселенцев из Казахстана, представители казахской диаспоры в Германии, журналисты, студенты.

С казахстанской стороны участвовали автор книги Махмуд Касымбеков, Посол РК в Германии Болат Нусупов, депутат Мажилиса Парламента РК Алдан Смайыл, заместитель начальника Канцелярии Президента РК Бахытжан Темирболат, член Союза писателей Казахстана Несипбек Айтулы.

Встреча прошла в атмосфере теплого и доверительного общения. Участники презентации были едины во мнении, что изданная на немецком языке книга о лидере Казахстана – еще один конкретный шаг к сближению между двумя странами.



В рамках своего пребывания в Берлине Махмуд Касымбеков провел двусторонние встречи с Уполномоченным Федерального правительства по странам Центральной и Восточной Европы Кордом Майер-Клодтом и бывшим министром экономики Германии Михаелем Глосом. Немецкая сторона в беседах высоко оценила цели и задачи Послания Главы государства «Нурлы жол – Путь в будущее» и в очередной раз подчеркнула стратегическую значимость Казахстана для Германии в регионе Центральной Азии. В этот же день Махмуд Касымбеков дал интервью немецким СМИ, в которых он обозначил основные аспекты развития Казахстана за годы независимости и особо подчеркнул личный вклад Главы государства в процессе становления и процветания суверенного Казахстана.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет