Әлеуметтік психологияда құндылық ұғымына идеал, мақсат, мүдде, нанымдар кіреді, сонымен қатар әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы басқа да идеологиялық көріністер қалыптасады. Л.С. Рубинштейннің анықтамасы бойынша, құндылық адам өміріндегі бір нәрсенің маңыздылығы, тек мойындалған құндылық ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін [5].
Смелзер «құндылық» ұғымын адам жетістікке жету үшін ұмтылуы тиіс қоғамдағы ортақ мақсат деп түсіндірген [6].
Н.И. Лапин бұл түсінікке мынадай анықтама береді: «Құндылық – фундаменталды нормалардың рөлін атқаратын, жалпыланған мақсаттар мен оларды жетілдіру жолдары. Олар қоғамның интеграциялануын қамтамасыз етеді, адамдарға өмірлік жағдайдағы әлеуметтік мінез-құлықтарын таңдауға көмектеседі» [7].
В.Т. Тугариновтың ойынша, адамдар нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп анықталады. В.П. Тугаринов құндылықтардың екі тобын бөліп қарастырды:
өмірдің құндылықтары - өмір, денсаулық, өмірдегі қуаныш, адамдармен қарым-қатынас, т.б.
мәдени құндылықтар – материалдық (техника, баспана, тамақ, киім, т.б.);
әлеуметтік саяси (қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем, қауіпсіздік, бостандық, еркіндік, адамгершілік);
рухани құндылықтар (білім, ғылым, өнер).
Тұлға құндылықтарын қарастыратын болсақ тек қоғамның материалды жəне рухани құндылықтарының индивид санасындағы таңдамалы бейнеленуі ғана емес тұлға құндылықтары ретінде индивидке қатысты оның ортасының «сыртқы» болып көрінетін компоненттері болуы мүмкін. Бұл ойлар, сезімдер, түсініктер мен бейнелер елестер мен пайымдаулар тіліне аударылғанда қажеттіліктер мен қызығушылықтар. Алғашқылары біздің бағалауымыздың объектісі болып табылады, олардың құндылығын əлі анықтауымыз қажет. Ал, екіншілері болса, осындай бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл адамдар қоршаған шынайылықты өзі үшін мəнді анықтауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік құндылықтар функционалды түрде нақты бір рөлдерді атқарады. Олар адамға өз пікірін білдіруге көмектесетін бағдарлардың адамдар санасында қалыптасуы мен сақталуына негіз болады. Мұндай жағдайда құндылықтар сананың бөлігі болып кетеді. Бұл процесте құндылықтар адамдарды, заттарды, идеяларды жəне жағдайларды адаммен бағаланатын тұлғалық шкаладағы санақтың өзінше бір басы болып табылады.
Дəл осы кезде, екінші жағынан, құндылықтар іс-əрекет пен мінез-құлықтың мотиві секілді жаңа түрде шығуы, яғни адамның əлемдегі бағдары жəне нақты бір мақсаттарға жету үшін тырысуы қатал түрде тұлғалық құрылымға кіріп кеткен құндылықтармен өзара қатынастырылады. Сондықтан, құндылықтар адам мінез-құлығы мен іс-əрекеттің мақсатымен анықталатын жағдайды көрсетеді, тырысулар объектісін «құнды» секілді қарастырады. Олар шынайы өмірде ұнамды жəне ұнамсыз жақтарын табуға жəне өзінің мақсатқа бағытталған іс-əрекетін танылған жəне күтілетін жəйттер есебінен құруға көмектеседі.\
Қоғамның экономикалық, əлеуметтік, саяси, мəдени сфераларына əсер ететін қоғамдағы кез-келген терең өзгерістер, осы өзгермелі жағдайлардың орын алуы мен ондағы адамның орны, осыған сəйкес объективті қысым тудырады жəне осы жаңа жағдайларға адамның жеке құндылықтарының өзгеруіне алып келеді. Мұндай ситуация қазіргі таңдағы өркениетті нарықты қатынастардың пайда болуымен күрделене түсті. Бұл жағдай қоғамның жəне адамның мұндай қатынастарды бағалауымен, түсінуімен байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |