Іс-шара орындалуда Техникалық және кәсіптік білім беруді практикалық сабақтардың қайта қаралған есебі ескерілген жан басына шаққандағы қажыландыру әдістемесінің жобасы (бұдан әрі - Әдістеме жобасы) әзірлену кезеңінде.
Аталған жұмыс шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 585 бұйрығына сәйкес құрамында мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың уәкілдері кірген жұмыс тобы құрылды.
2016 жылғы 15-30 қараша аралығында Әдістеме жобасы бойынша екі облыстың (Ақмола, Қарағанды) бухгалтерлерін тарту арқылы есептеулер жасалды.
Жасалған есептеулер қосымша пысықтаудан өткізілгеннен кейін, Әдістеме жобасы заңнамамен бекітілген тәртіпке сәйкес мемлекеттік огандарға және үкіметтік емес органдарға жіберіледі, сондай-ақ талқылау үшін ҚР Үкіметінің және ҚР БжҒМ-нің арнайы сайтына орналасатын болады. Орындау мерзімі 2017 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылған.
109-іс-шара ТжКБ ұйымдарының халықаралық аккредиттеуден өтуі