Іс-шара орындалды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджет қаражаттарын шетел мамандарын тартуға үлестіру жөніндегі комиссиясының шешімімен ЖОО-лар ұсынған 22 кандидатурадан 11 шетел маманы іріктеліп алынды.
Нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш. Уәлиханов атындағы ҚМУ, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы МУ, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Х. Досмұхамедов атындағы АМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Халықаралық бизнес университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан-Американдық еркін университеті сияқты 11 ЖОО-ға шетел мамандары шақырылды.
Шетел мамандары 2016-2017 оқу жылының бірінші семестрі бойы ЖОО-лардың топ-менеджментінде жұмыс жасады.
Есептерді талдау шетел мамандарының білім беру бағдарламаларын, бірлескен бағдарламаларды әзірлеуге, семинар, конференция, курстарды, дәрістерді өткізуге және т.б. қатысқандығын көрсетті. Мысалы, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте университеттің «Ғылым және коммерциализациялау» стратегиясы әзірленді, «Ғылыми әзірлемелерді коммерциализациялау жолдары мен тетіктері» тақырыбына Work-shop өткізілді. Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында «Ньютон-әл-Фараби» бағдарламасы бойынша Британ кеңесімен және «Ғылым қоры» АҚ-мен бірге өзара іс-қимыл жасау және кәсіби даму орталығы құрылды. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-да Люблинск политехникалық университетімен бірге (Польша) «Мехатроника» магистратурасының, «Ақпараттық жүйелер мен автоматтандыру» докторантурасының бірлескен білім беру бағдарламалары әзірленді.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу-әдістемелік материалдар, оның ішінде аккредиттеуге карт-формалар әзірленді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде халықаралық рейтингтерге қатысу үшін рейтинг көрсеткіштерін жоғарылату бағдарламасы әзірленді.
Сонымен бірге, шетел мамандары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге ұйымдастырған республикалық ауқымдағы іс-шараларына қатысты.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.
177-іс-шара Жоғары білім берудегі менеджмент бойынша ЖОО-лардың басқарушы құрамының біліктілігін арттыру