Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет185/199
Дата05.02.2022
өлшемі3,04 Mb.
#17551
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   199
Іс-шара орындалды
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (бұдан әрі – Жоба) бойынша қарыз алу туралы келісімге 2015 жылғы 9 маусымда қол қойылды, 2016 жылғы 2 ақпандағы № 450-V ҚР Заңымен ратификацияланды.
Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі Жобаны іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық міндеттемелерді орындады.
2016 жылғы 25 ақпанда ҚР БҒМ Дүниежүзілік банкпен келісілген Жобаны іске асыру басшылығын (ЖІБ) бекітті.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Жобаны басқарушы комитет (ЖБК) құрылды, ЖБК туралы ереже мен оның құрамы бекітілді.
Жобаны басқару тобы (ЖБТ) құрылды. БҒМ Қарыз алу туралы келісімге сәйкес 2015 жылғы 2 желтоқсанда ЖБТ құру туралы бұйрықты қабылдады. 2016 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша ЖБТ 15 консультанттан тұрады.
Жоба бойынша 2016 жылы орындалған іс-шаралар:
- Дүниежүзілік банкпен 2016 жылғы 2 наурызда келісілген Сатып алу жоспары әзірленді.
- Жоба бойынша негізгі құжаттарды бекіту үшін 2016 жылғы 11 наурызда ЖБК отырысы өткізілді.
- Дүниежүзілік банктің Жобаны бастау бойынша миссиясы 9-19 наурызда іске асырылды. Миссияның шеңберінде 2016 жылғы 15 наурызда Астанада сатып алу және қаржыны басқару мәселелері қарастырылған ӨИЫЖ жобасын іске асыру жөніндегі семинар өткізілді.
Жобаны басқару тобын (ЖБТ) құру жөнінде жасалған іс-шаралар:
- 2016 жылғы 12 қаңтарда ЖБТ консультанттарын іріктеу және жалдау жөніндегі байқау комиссиясы құрылды;
- ЖБТ-ның 15 негізгі консультанттарына техникалық тапсырмалар әзірленіп, Дүниежүзілік банкпен келісілді.
Халықаралық ғылым және коммерциализациялау кеңесін (бұдан әрі - ХҒКК) құру бойынша орындалған іс-шаралар:
ХҒКК мүшелеріне техникалық тапсырмалар әзірленіп, Дүниежүзілік банкпен келісілді;
ХҒКК туралы ереже Ғылым комитетімен және Дүниежүзілік банкпен келісілді.
ХҒКК мүшелеріне байқау өткізілді, оның нәтижесінде 9 сарапшыдан тұратын құрам құрылды, оның ішінде 7-еуі халықаралық сарапшы, 2-уі ұлттық сарапшы.
Қазіргі уақытта ХҒКК 5 шетел және 2 ұлттық сарапшыдан тұрады.
АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасын (компонент 1.1) бастау жөніндегі орындалған іс-шаралар:
АҒҚТ/КҒҚТ гранттарын алу үшін байқау қатысушыларына нұсқаулық әзірленді;
2016 жылғы маусымда онлайн-режимде өтінімдерді қабылдау үшін http://www.fpip.kz/index.php/ru/portall порталы құрылды.
Байқау туралы хабарландыру ҚР БҒМ-нің ҒК сайтында http://sc.edu.gov.kz 2016 ж. 20 шілдеде және Жобаның порталында http://www.fpip.kz орналастырылды, мемлекеттік органдарға, ҒЗИ, ЖОО-ларға және бизнес құрылымдарына АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша байқаудың басталуы туралы шамамен 400 нысаналы таратулар жіберілді.
«Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсы» ҚБ-мен бірге «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК-да, «Назарбаев Университет» ДБҰ-да таныстыру семинарлары өткізілді.
2016 жылғы 15 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР БҒМ, Дүниежүзілік банк, «Атамекен» ҰКП және Ұлттық ғылым академиясы өкілдерінің қатысуымен АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша брифинг өткізілді.
2016 жылғы 16 тамызда «Астана» радиосында тікелей эфирде АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша түсіндірулер жүргізілді.
2016 жылғы 17 тамызда «Атамекен» ҰКП-да ҚР барлық өңірлерінің бизнес өкілдеріне гранттық бағдарлама бойынша онлайн-семинар өткізілді, АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша мәселелерді түсіндіретін ақпарат «Атамекен» ҰКП сайтында орналастырылған.
Байқауға барлығы келіп түскен өтінімдердің саны – 451, оның ішінде 123 АҒҚТ және 328 КҒҚТ.
Байқау іріктемесінің нәтижесінде ХҒКК мүшелері 33 жобаны (20 АҒҚТ и 13 КҒҚТ) мақұлдады. Қазіргі уақытта 24 грант иегерімен грант туралы келісім жасалды, 9 грант иегерімен келісім ҚОӘБ ұсынғаннан кейін жасалатын болады.
Есеп ҚР ҚМ-ге жолданды (2017 ж. 12 қаңтардағы № 5-16-6/89-И хат).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет