Көрсеткіш орындалды Бүгінгі таңда, жоғары білім беру саласында инклюзивті білім беру 17 жоғары оқу орындарында белсенді енгізілуде.
Анықтама: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік унвиерситеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Еуразия гуманитарлық институты, Нархоз университеті. Аталған университеттер білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін төмендегі жағдайларды қарастырған:
оқу корпустары және жатақхана ғимараттары пандустармен қамтамасыз етілген;
корпустарға кіру үшін арнайы жабдықтау қарастырылған, олар қажеттіліктері ерекше адамдарға көмек көрсету үшін жақсылап бекітілген;
- аудиторияның табалдырығы баспалдақ алаңында төмен орналасқан;
- көптеген университеттерде кірме жолдар, автотұрақ және ғимаратқа кірер есіктерде баспалдақтар жоқ, ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға қолжетімді;
- аудиториялардың есіктерінен мүгедектік арбамен өту қарастырылған;
- лифтілер және баспалдақтарда көтергіштер бар;
- асхана және буфеттер 1 этажда орналасқан, баспалдақтары жоқ және есіктері университеттің ауласынан шығады, ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға кіріп-шығуға қол жетімді.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының даму стратегиясында мүмкіндіктері шектеулі студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасау іс-шаралары қарастырылған.
Осылайша, білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ЖОО-лардың үлесі 15,2%-ды құрады.