Іс-шара ішінара орындалды ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Стади Ин ЖШС арасындағы келісілген шарт бойынша, бірінші сыныптарға көздері көрмейтін балаларға рельефті-нүкте жазу (Брайл жазуы) және нашар көретін балаларға ірі жазу бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген.
Келісім шарт ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ұсынысымен 21.10.2016ж. № 56-Т бұзылған
53-іс-шара PIRLS халықаралық оқу мен мәтінді түсіну сапасын зерттеуге қатысу
Іс-шара орындалды 2016 жылы 172 білім беру ұйымдарының 4 944 қазақстандық оқушылардың PIRLS-2016 қатысуы қамтамасыз етілген (4-30 сәуір). Қатысушылар 10 294 мың адамды құрады, оның ішінде 4 сыныптардың 4 944 оқушылары мен, 4 944 ата-ана, бастауыш сыныптардың 234 мұғалімдері мен 172 мектеп директорлары. Барлық зерттеулер Білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастығының (IEA) технологиясына сйәкес жүргізілген (әр тапсырманы орындаудағы мәтіндік буклеттерді кодтау, операторлармен ашық және жабық жауаб буклеттерін және барлық қатысушылардың сауалнамасын DME қорына енгізуі). PIRLS-2016 зерттеулер қорытындысы ІЕА Халықаралық Қауымдастығымен 2017 жылдың желтоқсанында ресми түрде жарияланатын болады.
54-іс-шара TIMSS халықаралық жаратылыстану-математикалық білім берудің сапасын зерттеуге қатысу