Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет150/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Республика Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы


15 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабы 2-тармағының "... судьялар... кәсiптiк одақтарда болмауға ...тиiс." деген бөлiгiн ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiш беруге Қазақстан Республикасы Судьялар одағының қоғамдық бiрлестiк ретiндегi қызметi себеп болған. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрi бойынша Одақ оған бiрiккен Қазақстан судьяларының құқықтары мен кәсiби мүдделерiн қорғау мақсатында бiр мамандық иелерi құрған кәсiптiк одақ болып табылады. Өтiнiште атап өтiлгенiндей, бұл, судьялар кәсiптiк одақтарда болмауға тиiс деген Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының
2-тармағына қайшы келедi.
Республика Конституциясының және қолданылып жүрген заңдардың нормаларын талдай келiп, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.
Республика Конституциясының 23-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар. Азаматтардың осы конституциялық құқығы ортақ мақсаттарына қол жеткiзу үшiн ерiктi негiзде құрылған коммерциялық емес сипаттағы саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және өзге де бiрлестiктер нысанындағы қоғамдық бiрлестiктер құру арқылы iске асырылады. Олардың қызметi "Қоғамдық бiрлестiктер туралы", "Кәсiптiк одақтар туралы", "Саяси партиялар туралы" Республика заңдарымен реттеледi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабы
2-тармағының нормасына сәйкес әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьялар партияларда және кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиiс. Олардың мемлекеттiк органдар жүйесiндегi ерекше құқықтық мәртебесi, атқаратын функциясының және қызмет түрiнiң ерекшелiгi осы конституциялық шектеудiң қажеттiгiн дәлелдейдi.
Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Судья Республикадағы сот билiгiнiң атқарушысы болып табылады, сол үшiн оған сот төрелiгiн жүзеге асыруға және өз мiндеттерiн кәсiби негiзде атқаруға конституциялық өкiлеттiктер берiлген. Республика Конституциясының 77-бабы 1 және 2-тармақтарының нормаларына сәйкес судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады, ал сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Сонымен бiрге, судьялар, мемлекеттiң кез келген азаматтары сияқты, өздерiнiң корпоративтiк мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында, осы бiрлестiктердi сот төрелiгiн iске асыруға ықпал жасау үшiн пайдаланбайтын болса, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемейтiн болса, бiрлесу бостандығына құқығы бар. Мұндай бiрлестiктер көптеген елдерде әртүрлi сот қауымдастықтары, гильдиялары, кеңестерi түрiнде жұмыс iстеуде.
Кәсiптiк одақтардың қоғамдық бiрлестiктерден, оның iшiнде Судьялар одағынан ерекшелiгi, олар өндiрiстiк-салалық принцип бойынша құрылады, кәсiптiк одақтардың, атқарушы өкiметтiң және жұмыс берушiлердiң арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынас сипаты соған орай анықталады. Өзара қарым-қатынастың мұндай ерекшелiгi кәсiпшiлер одақтарына олардың үкiметке және жұмыс берушiге ықпал жасайтын құралдарының болуына, олардың әлеуметтiк-экономикалық қызметiне әсер етуге мүмкiндiк бередi. Судьялар одағы, қоғамдық бiрлестiк ретiнде мұндай өзара қарым-қатынас принциптерiне байланысты болмайды. Сонымен қатар, оның сот iсiне араласуға құқығы жоқ, ал кәсiподақтар болса "Кәсiптiк одақтар туралы" Заңның 1-бабына сәйкес өз мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн ұсыну және қорғау үшiн құрылады, бұл өндiрiстiк қызметке белсендi түрде және тiкелей әсер етуiне мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге, кәсiподақтар ұжымдық шарттар жасасуға, сондай-ақ жеке адамның және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысады, ал бұл Судьялар одағы сияқты қоғамдық бiрлестiкке тән емес.
Баяндалғанның негiзiнде, судьялардың партияларда, кәсiптiк одақтарда болуына Конституцияның 23-бабы 2-тармағының тыйым салуы олардың өзге бiрлестiктердi құру және басқа қоғамдық бiрлестiктерге мүше болу құқығын шектеудi бiлдiрмейдi. Судьялар одағы, кез келген басқа қоғамдық бiрлестiк сияқты, заңмен белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн ұсынуға және қорғауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы
3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын және 41-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет