Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет1/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
(1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған)
(2011.02.02. берілген 
өзгерістер мен толықтыруларымен
)
Конституцияны қабылданған күні - 1995 жылғы 30 тамызда
 
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде 
мемлекеттілік құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына 
берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк 
қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар 
алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк 
құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
 
I БӨЛIМ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк 
мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi
құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси 
тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық 
патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның 
iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. 
2-бап
1. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының 
тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.
3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі 
заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәнi барабар. 
3-бап
1. Мемлекеттік билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық.
2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге 
асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға бередi.
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi 
иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентінің, сондай-ақ 
өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкіметі 
мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде 
ғана билiк жүргiзедi.
4. Республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң 
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк 
жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет