Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет4/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
35-бап
Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi 
төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады. 
36-бап
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және 
мiндетi.
2. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бойынша әскери қызмет 
атқарады. 


37-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына 
қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға мiндеттi. 
38-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат 
байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi. 
39-бап
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық 
құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын
халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек 
заңмен шектелуi мүмкiн.
2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп 
танылады.
3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да 
бiр түрде шектеуге жол берiлмейдi. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-
бабының 1-тармағында; 17-бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-тармағында 
көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет