Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет2/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
4-бап
 


1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес 
заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен 
Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық 
Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.
2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында 
ол тiкелей қолданылады.
3. Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы 
болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн 
жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады.
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар 
жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты 
нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi 
шартты болып табылады. 
5-бап
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. 
Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
2. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне 
мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық 
бiрлестiктерге мемлекеттік органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.
3. Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп 
өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, 
нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған 
қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген 
әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының
дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялармен кәсiптiк одақтарды 
шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық 
ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi.
5. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы қызметi, сондай-ақ 
шетелдiк дiни орталықтардың Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын 
тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттік органдарымен келiсу арқылы жүзеге 
асырылады. 
6-бап
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк пен жеке меншiк танылады және 
бiрдей қорғалады.
2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет 
етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге 
асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.
3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да 
табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген 
негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тiл - қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тілі 
ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға 
қамқорлық жасайды. 


8-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын 
құрметтейдi, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас 
жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, халықаралық дауларды 
бейбiт жолмен шешу саясатын жүргiзедi, қарулы күштi бiрiншi болып қолданудан бас 
тартады.
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. 
Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен 
белгiленедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет