Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет6/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

 
42-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің 
өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп 
халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.
2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент 
депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, 
сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi. 
Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің 
өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған 
күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi.
3. Республика Президентінің өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi 
қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын 
босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың 
бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан 
Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
4. 
алынып тасталды
5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана 
алмайды. 
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды. 
43-бап
1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де 
ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
2. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды 
44-бап
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы 
саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау 
тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының 
Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын 
шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа 
жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу 
үшін қайтарады; 
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен 
консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-
Министрінің 
кандидатурасын 
енгізеді; 
Парламент 
Мәжілісінің 
келісімімен 
Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; 
Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; 
Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, 
таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; 
сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет 
мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды 


мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын 
Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-
Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері 
актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады; 
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке 
тағайындайды; оларды қызметтен босатады; 
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік 
органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi 
шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық 
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін 
бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
8) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекiтедi;
9) Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджетi 
есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен 
еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне бекiтедi;
10) Республикалық референдум өткізу жөнiнде шешiм қабылдайды;
11) келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; 
бекіту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң 
дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу 
грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, 
Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары 
әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, біліктілік 
сыныптарын бередi;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық 
тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей 
қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi 
бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының 
Төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Республика Парламентiне дереу 
хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде 
төтенше жағдай енгізудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, 
аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей 
қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде 
әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы 
Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
18) өзiне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметiн және Республикалық 
ұланды жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке тағайындайды 
және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; Республика 
Президентінің Әкiмшiлiгiн құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ 
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi 
жүзеге асырады.


 
45-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi Конституция мен заңдар негiзiнде және 
оларды орындау үшiн Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен 
өкiмдер шығарады.
2. Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика 
Президентi заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың 
заң күшi бар жарлықтарын шығарады.
3. Республиканың Президентi қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкiмет 
бастамасымен шығарылатын Президенттiң актілері тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы 
үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасының Төрағаларының не 
Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады.
46-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне 
ешкiмнiң тиiсуiне болмайды.
2. Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету 
және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың ережелерi Республиканың экс-Президенттерiне қолданылады. 
4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика 
Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.
 
47-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына байланысты өзiнiң 
мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен 
бұрын босатылуы мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан 
және медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. 
Мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм Парламент Палаталарының бiрлескен 
отырысында комиссияның қорытындысымен белгiленген конституциялық рәсiмдердiң 
сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негiзiнде әр Палата депутаттары 
жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен қабылданады.
2. Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару кезіндегі iс-әрекетi үшiн тек 
қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап бередi және бұл үшiн Парламент 
оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Айып тағу және оны тексеру туралы шешiм Мәжіліс 
депутаттарының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша депутаттардың жалпы 
санының көпшiлiгiмен қабылдануы мүмкiн.Тағылған айыпты тексерудi Сенат 
ұйымдастырады және оның нәтижелерi Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк 
даусымен Парламент Палаталары бiрлескен отырысының қарауына берiледi. Бұл мәселе 
бойынша түпкiлiктi шешiм айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы 
және белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық 
Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде 
төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында 
қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екi ай iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдамау 
Республика Президентiне қарсы тағылған айыптың күшi жойылған деп тануға әкеп 
соғады. Республиканың Президентiне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған 
айыптың қабылданбауы оның қай кезеңiнде де осы мәселенiң қаралуына себепшi болған 
Мәжіліс депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.
3. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Республика 
Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату 
жөнiнде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды. 


48-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған 
немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкiлеттiгi 
қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне 
Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжілісiнiң 
Төрағасына көшедi; Мәжіліс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн 
болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне көшедi. Өзiне Республика 
Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжіліс 
Төрағасының немесе Премьер-Министрдiң өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос 
тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен жүзеге 
асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздерде және тәртiппен Қазақстан 
Республикасы Президентінің өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған тұлғаның Қазақстан 
Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық 
жасауға құқығы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет