Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет8/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
 
50-бап
1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және 
Мәжілістен тұрады.
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық 
маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік 
ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі 
мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын 
Республика Президенті тағайындайды. 
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті 
депутаттан тұрады.
4. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.
5. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының 
өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
51-бап
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау 
құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз 
депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті 
сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан 
кемінде екі ай бұрын өткізіледі.


2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен 
сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта 
сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi 
аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi.
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 
тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын 
тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. 
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы 
он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға 
толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың
республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш 
жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған 
адам Мәжіліс депутаты бола алады. 
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
6. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет