Жалпыға бірдей сайлау құқығы[өңдеу]
Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген: • белсенді сайлау құқығы — бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы; • бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы. Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық шектеулермен байланысты туындайды. ҚР-ның Президентігіне кандидат тумысынан республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы болуы тиіс. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы тиіс. Дегенмен Конституцияда бірқатар шектеулер де қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес: сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Бұл өзінің жүйке ауруы мен акыл-есінің кемдігіне байланысты, өзінің азаматтық кұкықтарын толық жүзеге асыра алмайтын немесе азаматтық міндеттерін атқара алмайтын азаматтардың сайлау құқығы шектеледі дегенді білдіреді. Сонымен қатар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға кұкығы жок. Тұтқындау орындарында отырған тұлғаларға, егер соттың айыптау үкімі шығарылмаса сайлау құкығында шектеуге жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңда тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелерін құру, аталған орындарда отырған адамдардың тізімін жасау тәртібі бекітілген. Теңсайлау құқығы — сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Өрі олардың өркайсысының бір сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.
Тақырыбы: Сайлау үрдісі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Сайлау үрдісі туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Легитимация. Саяси аренада билікке таласушы күштер арасында қақтығыстардың болып жатуы заңды. Кейде екі жақ бір-бірінің қадамын аңдып, қарсыласының ісін жоққа шығару мақсатында түрлі амал қолдануы мүмкін. Бұқара алдында қарсыласының беделін түсіретін материалдар жариялау да осыған жатады. Кандидаттары сайлауда жеңіліске ұшыраған жақ ондайда сайлау үрдісінде жіберілген қателіктер мен заңсыздықтарды алға тартып, қарсыласының сайлануын заңсыз деп таныту бағытында әрекеттер жасайды. Адамның билік тұтқа-сынакелуінің заңдылық деңгейін айқындауда легитимді немесе легитимді емес деген терминдер қолданылады.
Легитимация (лат. legitimus — заңды) — белгілі бір әрекетті, оқиғаны, айғақты немесе лауазымды тұлғаны қоғамның тануы.
Мынадай:
оппозициялық күштерге әкімшілік қысым көрсету;
сайлаушылардың тізімін жасаудағы бұрмалаушылықтар;
сайлауға қатыспаған азаматтардың дауыстарын пайдалану;
оппозициялық партиядан түскен кандидаттардың соңынан түсіп, қылмыстық іс қозғау;
қарсыласына күйе жағып, жалған ақпарат тарату.
Мұны қара күйе дейді (черный пиар ағылш. pullig relation — әлеуметпен байланыс);
электронды дауыс беру жүйесіне байланысты бұрмалаушылықтар;
болымсыз немесе ойдан шығарылған себептермен бақылаушыларды тіркемей қою.
Сайлауға қатысу шарттары. Демократиялық елдердің бәрінде сайлауға қатысатын партиялар мен блоктар үшін белгілі бір шарттар қойылады. Олардың негізгілері:
1) ақшалай кепіл;
2) партияның жарғысы мен бағдарламасы туралы мәлімет;
3) кандидаттың үкіметпен байланысы болмауы (үкіметтік мекемелерден түсім түсіріп тұратын жағдайы болмауы керек).
Достарыңызбен бөлісу: |