Лекция 1 Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде



бет1/3
Дата03.02.2023
өлшемі201,5 Kb.
#167324
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 1 (2)


ЛЕКЦИЯ 1


Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.


Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі, Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера, табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін, биологиялық ресурстар және өнім қауіпсіздігі, табиғатты тиімді пайдалану, азқалдықты және қалдықсыз технология, экожүйе мен қоғамның тұрақты дамуының компоненті ретінде энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері туралы білім беру.
Жоспар:
1.Табиғат ұғымына анықтама
2.Ресурстардың жіктелуі
3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері мен аспектілері
5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
6.Қазақстанның қазба байлықтары
Негізгі түсініктер: табиғат ресурстары, энергетикалық ресурстар, биологиялық ресурстар, генетикалық ресурстар.
1. Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.
Адам шарушылық қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас күрделі мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне,әсірісе денсаулығы мен өсіп-өнуіне,тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арөылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы-атмосфералық ауа,табиғи сулар,топырақ жамылғысы,геологиялық құрылым,өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бқлігіне жатады.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.
Табиғ ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.
Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет