Тлепова алия еркаевна



Дата26.08.2017
өлшемі86,44 Kb.
#28769
ТЛЕПОВА АЛИЯ ЕРКАЕВНА

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылы

Бисен Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің психологі

Адам өмірі – басты құндылық
«Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден;

Бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі;

Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» - деген М.Жұмабаев.

Ал біз, мұғалімдер, «қиын» деген сөзді көбіне-көп жасөспірімдерге қарата айтамыз. Оған себеп не?

Қиын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі таңда педагогикалық-психологиялық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырған мәселе «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға артуы. «Қиын оқушылар» тек жасөспірімдер арасында емес, бастауыш сынып оқушыларының арасында да бар. Сондықтан оқушыларды ерте жастан, бастауыш кезеңінен бастап қолға алу керек. «Қиын бала» деп тек тек қана сабақ оқымайтын, қиқар, тәртіпсіздікке бой алдырған балаларды ғана атауға болмайды. Психологияда үндемейтін, ішімдегіні біліп ал деп томаға тұйық жүретін балаларды да «қиын балаға» жатқызады. Осы орайда ғалым педагог В.Трифонов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған шағын ортасы, отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсетті. Зерттеу барысында қиын балалардың 44%-ы толық отбасы болмағанынан, 30%-да жақын туыстарының заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15%-да әке-шешенің біреуі ішімдікке салынғандар екен. Бұдан шығатын қорытынды: қиын балалардың пайда болуының себебі – отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Тіпті жағымды отбасының өзінде бала тәрбиесіне 18 минут қана бөлінеді екен. Қалған уақытта бала компьютер, телефон, телевизор, дискотека, т.б. сияқты балаға өзіне ұнайтын нәрселермен айналысады.

Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Соңғы уақытта өз-өзіне қол жұмсаған қыз-бозбалалардың көбейіп кеткені мәселені тереңнен талдап, тығырықтан шығудың жолдарын іздеуге мәжбүрлеп отыр. Өйткені суицид туралы айтқанда, ең алдымен статистика ауызға алынып, «кім кінәлі?» деген сұраққа жауап ізделінеді. Статистикаға сүйенсек Қазақстан барлық елдер бойынша өз-өзіне қол жұмсаудан 3 орында екен. Бірақ мәселенің мән-жайына барып, себеп-салдарын анықтап, шешу жолдарын қарастыру көбіне-көп қалыс қалуда. Суицидтің өзі екіге бөлінеді: бірі –аяқталған суицид болса, екіншісі- оған ұмтылу. Ал осы жағдайға не итермелейді? Талдай келе, бірнеше себептерді анықтадық. Қазіргі баланың көбі өмірде түк қиындық көрмеген, дегені орындалатын, сұрағаны берілетін, шолақ ойлайтын, өте дамыған, гипербелсенді. Олар аяқталу нәтижесіне көп мән бермей, қысқа ойлап, өзіне қол жұмсайды. Сонымен бірге, бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шешеажырасты да кетті, ал баланыңжайықалайболады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатырма? Жоқ, әрине. Осыданкеліп, баланыңасыласалуынемесежаманжолғатүсуісындыоқиғаларорыналады. Келесісебептер: Өз құрбыларының арасында өзін-өзі кемсіту, махабаттағы сәтсіздік, жалғыздық, өзіне-өзі сенбеушілік, өзгелерден өзін әлсіз санау, өзіне-өзі қанағаттанбау, отбасындағыматериалдықжағдайдыңтөмендігі, отбасындағыбалағакөңілбөлмеушілік, оқшауланыпқалуы, мұғалімдермен қарым-қатынастың жағымсыздық жағдайынан, мұғалімдердің әділетсіздігінен.

Психологтардың зерттеуі бойынша өз-өзіне қол жұмсау мүмкіндігінің мынандай белгілері бар екен:

1. Өз ісін қалыпқа келтіру – қымбат бағалы заттарын таратып беру, өзгелердегі дүниесін жинастыру. Яғни, бұрын ісіне салғырт қарайтын адамның бәрін қолына алуынан күдіктенуге болады. Бұл соңғы әзірлік болуы мүмкін.

2. Қоштасу. Өмірінің әр кезеңінде өзіне жақсылық жасаған адамдарға ризашылық білдіре бастауы.

3. Сырттай көңілі тоқ адам – күш-қуаты артады. Егер өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылданып, жоспар құрылып қойса, онда осы тақырыптағы ойлар оны мазалануын қояды, артық күш-қуат пайда болады. Сырттай өз-өзін еркін ұстайды - өлім туралы ойдан бас тартқан секілді болып көрінуі ықтимал. Алайда күш-қуаттың артуы ұзақ мерзімдегі депрессиядан да қауіпті болуы мүмкін.

4. Қағаздағы белгілеріне назар аударыңыз (заттарда, жазбаларда, күнделікте)

5. Сөз жүзінде белгі беруі немесе «өлемін» деп қорқытуы

6. Сөзімтал жасөспірімдерде болатын аяқасты ашу

7. Жақын адамын жоғалтқан, үйін жоғалтқандарда жоғарыда аталған белгілер кездеседі.

8. Ұйқысыздықтың көрініс табуы.

Ал жасөспірімнің суицидке бой ұруына қарсы тұрушы факторлар:

*Өзінің туыстарына, өте жақын адамдарына деген құрмет сезімі;

*Жауапкершілік,аманат сезімін сезінуі;

*Өз денсаулығына мән беру;

*Өзіне қол жұмсауды “масқара” деп танығандықтан әңгіме талқысынан қашу;

*Өмірлік,шығармашылық,отбасылық жоспарларының болуы;

Суицидтік мінез-құлықты жасөспірімді зерттей келе, енді осы тығырықтан қалай шығамыз деген сауалға жауап іздеуде. Алдымен дұрыс мақсат қойып, жоспарлы түрде жұмыс жүргізу керек. Б.Жәникешев атындағы ЖББОМ-інде мына мақсатпен жұмыс жасап келеді:Ұстаздардың, оқушылардың суицид жөнінде білімін арттыру,өмірге деген құлшынысын және өмір туралы ой-өрісін дамыту.

Ол үшін жасөспірімдер депрессиясының алдын алудағы ата-ана міндетін анықтау:

*Жағымды сипатта әңгімелесе отырып, баланың жағдайын сұрау;

*Түрлі сұрақтар қоя отырып, болашаққа жоспар құруға көмектесу;

*Балаңызды жаңа істерге жетелеу;

*Үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу;

*Баланың күн тәртібін қадағалау;

*Үнемі қозғалыстағы спорт түрлеріне қатыстыру;

*Маманның –психологтың,психотерапевтің кеңесіне жүгіну.


Балаларда суицид болмас үшін сынып жетекші жасайтын іс-әрекет:
*Баланың өз күші мен мүмкіндігіне сендіру;

*Белсенділігін арттыру;

*Түсіністік және жанашырлық таныту;

*Баланың тәртібін қадағалау, оның өз қатарындағылармен қарым-қатынасын сараптау;

*Мектеп әкімшілігінің мұғалімдер мен оқушы арасындағы қарым-қатынас стилін қадағалап, мән беріп отыруы;

*Жағымды сипатта әңгімелесе отырып, баланың жағдайын сұрау;

*Түрлі сұрақтар қоя отырып, болашаққа жоспар құруға көмектесу;

*Балаңызды жаңа істерге жетелеу;

*Үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу;

*Баланың күн тәртібін қадағалау;

*Үнемі қозғалыстағы спорт түрлеріне қатыстыру;

*Маманның –психологтың,психотерапевтің кеңесіне жүгіну;

*Ата-анамен тығыз байланыста болу, кеңестер беру,сауалнама жүргізу;

*Жеткіншектер ортасында зиянды әдеттердің алдын алу бойынша ағарту жұмыстарын күшейту.

*Оқушылармен «Мен өмірді таңдаймын», «Менің отбасым- менің байлығым», «Мен және менің құқығым», «Өмір неткен керемет!» тақырыбында сынып сағаттарын, шығармалар жаздыру

*Сенім телефонын ұйымдастыру

Ата-аналар мен ұстаздар көмек көрсету үшін не істеу керек?
1.Суицид шешімінің кілтін іздеңіз. Өзіне -өзі қол жұмсаудың алдын алудың жолы достарының қатысуымен көрсетілетін қамқорлық қана емес, сонымен бірге алда келе жатқан қиындықты танып-білумен де сипатталады.

2. Суицидке тұлға ретінде қараңыз. Сіз әрбір адамның суицидтік тұлға екенін қарастырыңыз.Егер сіз біреудің өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, өз ақыл-ойыңыз бойынша жұмыс жасаңыз.

3. Жылы, мейірімге толы қарым-қатынас орнатыңыз.

Қапа болған адам өзінің ойымен мазасы кетіп, эмоционалдық дағдарысқа ұшырағанның орнына, өзінің мәселелерін түсінуі қажет. Өзін ештемеге икемсіз, ешкімге керексіз сезінген адам үшін айналасындағылардың назар аударып, көңіл бөлуі сергіткіш құрал болып табылады. Дәл осындай әдіс арқылы сіз оның оқшауланып қалған жанына жол ашасыз.

4. Мұқият тыңдаушы бола біліңіз. Суициденттердің көп бөлігі оқшауланудан зардап шегеді. Соған орай олар көп ретте сіздің ақыл-кеңесіңізді тыңдамауы да мүмкін. Бұл ретте олар өздігінен ашылғысы келеді.Мұндай жағдайда, депрессияға түскен жанның өзі көбірек сөйлегені дұрыс, ал сіз мұқият тыңдай білсеңіз де, жетіп жатыр.

Сізде егер жолдасыңыз өз сұрағыңызға дереу жауап бере қоймаса, ашу-ыза, өкпе пайда болуы әбден ықтимал. Егер біреу сізге өзіне қол жұмсағысы келетін ниетін айтып жатса, бас салып оны айыптаудан өзіңізді аулақ ұстаңыз. Өзіңізді сабырлы, қалыпты ұстауға тырысқаныңыз абзал.

Сіз былай деуіңізге болады: «мен сенің ашылып, өз проблемаңмен бөлісіп отырғаныңа ризамын. Өйткені, ол үшін де үлкен ерлік қажет». Болмаса оның ашу – ызаға, қорқынышқа толы әңгімесін мұқият тыңдау арқылы оған зор көмек көрсетуіңізге де болады. Тіпті кей жағдайда еш үндемей-ақ, онымен бірге отырсаңыз, соның өзі оның қайғысын әлдеқайда жеңілдетіп тастауы ықтимал.

5. Сөзге таласпаңыз.Суицидтік қауіппен кезіккенде, ата-аналар көп ретте: «ойлансаңшы, сен басқа өз қатарларыңмен әлдеқайда жақсы өмір сүресің ғой, керісінше, тағдырыңа рахмет айтуың керек» деген сынды алдаусыратулар айтады. Мұндай жауаптар арқылы оған туыстары көмектесем деп, керісінше әрекетке бой алдырып алады.

6. Сауалдар қойыңыз. Егер сіз «Әйтеуір өз-өзіңі қол жұмсағың келіп жүрмеген шығар» деген сынды қиқар сұрақтар қоятын болсаңыз, әлбетте, өзіңіз күткен жауапты аласыз. Ол сізге «Жоқ» деп жауап береді, бұл ретте сіз оған көмектесе алмайсыз.

Жақыныңыздың дағдарысын ұғынудың ең ұтымды тәсілі- оған тіке сұрақ қою: «Сен суицид жайлы ойлайсың ба?». Егер ол суицид жайлы ойлап жүрмеген болса, бұл сұрақ оны ол ойға жетелей қоймайды. Ал егер сол жайында көптен ойлап жүрген болса, онда ол өзінің жағдайына жұрттың назар аудара бастағанын сезініп, жеңілдеп қалары сөзсіз.

7. Бос жұбатулардың еш қажеті жоқ. Психологиялық қорғаныштың ең басты әдістерінің бірі – рационализация болып табылады.С»з суицидтік қауіпті естігеннен кейін: «Жоқ, сен олай ойламайсың!» дегіңіз келуі мүмкін. Ал бұл оның емес, тек сіздің қаупіңізді ғана сейілтетін нәрсе.

8. Құрылымдық шешімдер ұсыныңыз.

Суицидтің алдын алу әдістерінің ең маңыздыларының бірі – оның өзін жайсыз сезінуінің көзін анықтауда жатыр. Бұл өте қиын болуы мүмкін, өйткені ол адамның проблемасының көзі осы құпиялылықта жататыны белгілі. Сондықтан, ең ұтымды сұрақтар төмендегідей болғаны дұрыс: «Саған соңғы кезде не болды? Қашаннан бері қиналып жүрсің?, «Осындай өзгерістер пайда болғаннан бері өміріңде не өзгерді?», «Айналаңдағылармен қандай қарым-қатынас орнатып жүрсің?» деген сұрақтар орынды болар еді. Өз-өзіне қол жұмсағысы келген адамды өз проблемасының көзін, себебін анықтауға бағыттауыңыз керек.

Қапалы баламен әңгімелесу үшін, оның өзі қайғысы, ашуы жайлы ашық, еркін әңгіме айта алуына жағдай жасау қажет. Ал егерде ол мүлде әңгімелескісі келетін кейіп танытпаса, сіз әңгімеге тартыңыз. Бұл ретте сізге «байқауымша көңіл-күйің жоқ қой», «сенің жылағың кеп тұрған сияқты», «сені бір нәрсе мазалап тұр-ау шамасы. Менімен бөліссең, сені түсінуге тырысар едім» деген сынды сөздер көмектеседі.

9. Үміт шоғын сыйлаңыз.Депрессияға бейім балалармен жұмыс жасаудың маңызы өте жоғары және ол үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан, психотерапевтердің көбі олардың сөзі мен сезіміне баса назар аударуға кеңес береді. Құпия жүрген ойлар құпиялылығын жоғалтқан кезде, мәселенің де шешілуі оңайлай түседі. Өзін-өзі жеп жүрген жан «Мен бұл мәселені қалай шешетінімді білмеймін.Бірақ менің қиыншылықтарым белгілі болған тұста, менде үміт бар ғой» деген ойға келуі әбден мүмкін.

10. Суицид қаупінің дәрежесін анықтаңыз.

11.Жоғары суицидтік қауіпте адамды жалғыз тастауға болмайды.Мұндай жағдайда оның қасында ұзағырақ болуға тырысыңыз, болмаса өзіңізді ауыстыратын бір адамды қалдырыңыз. Тіпті суицидентпен келісімге келуге де болады. Оған өз-өзіне қол жұмсамас бұрын, жедел жәрдем шақырған да ағат болмайды. Сіз өз ісіңізге жауапкершілікпен қарауыңыз қажет.

12. Мамандар көмегіне жүгініңіздер.Психиатрлар мен клиникалық психологтардың көмегі зор болады.



Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Осы тұста Ресей ғалымы А.Пинт: «Ата-аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйек өзгерістерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез келген ата-анаға да педагогикалық такт өте қажет. олар балаларын суықтап қалудан немесе әр түрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де, өздерінің дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді» деген сөзі бар.

Халқымызда «Бала – ата-ананың бауыр еті» деген қанатты сөз бар. Әр ата-ана үшін баласы соншалықты маңызды. Олай болса, бала туралы ойланайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет