АНЫҚТАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi ұсынымы келiп түстi.
Ұсынылған материалдардан көрiнiп тұрғанындай, азамат
А.С. Бусаревтiң Бас прокуратураның әрекетiн заңсыз деп тану, сондай-ақ оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорғау туралы Жоғарғы Сотқа берген талап арызы жүгiну үшiн себеп болған. Жоғарғы Сот 2000 жылғы 3 тамыздағы ұйғарымымен, аталмыш дау бұл соттың соттауына жатпайды және арызды әрекетке қабiлетсiз адам берген деген негiзбен талап арызды қайтарып жiберген.
А.С. Бусарев өзiнiң жеке шағымында, бұл ұйғарым адамның сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын шектейтiн заңға негiзделген деп дәлелдей отырып, оның күшiн жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төралқасы,
А.С. Бусаревтiң Жоғарғы Соттың ұйғарымына берген жеке шағымын қарап, арызды әрекетке қабiлетсiз адамның беруi секiлдi негiзбен талап арызды қайтарып жiберу шынында да заңда – Республика АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасында көзделгенiн, ал АIЖК-нiң 63-бабы бiрiншi тармағына сәйкес, әрекетке қабiлетсiз азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сотта олардың заңды өкiлдерi қорғайтынын атап көрсеткен. Сонымен бiрге, Жоғарғы Соттың Төралқасы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы
2-тармағының және 39-бабы 3-тармағының негiзiнде, АIЖК-нiң
154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасы әрекетке қабiлетсiз адамның сот арқылы қорғалу құқығын белгiлi бiр шамада шектейдi деген ұйғарымға келген, өйткенi талап арызбен сотқа оның өзiнiң тiкелей жүгiну мүмкiндiгiн жоққа шығарады және осы құқығын жүзеге асыруды әрекетке қабiлетсiз адамның емес, оның заңды өкiлiнiң ерiк бiлдiруiмен байланыстырады. Баяндалғанға орай, Жоғарғы Соттың Төралқасы А.С.Бусаревтiң жеке шағымы бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұрып, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағы
3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiшпен Конституциялық Кеңеске жүгiнген.
2. Жоғарғы Соттың АIЖК-нiң аталған нормасының Конституцияға сәйкестiгi жөнiндегi ұсынымын қарау кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының нормасында: "Судья талап арызды, егер: ...3) арызды әрекетке қабiлетсiз адам берсе, қайтарып жiбередi" – деп белгiленген. Жоғарғы Сот бұл норманың, әркiмге өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқық беретiн Конституцияның 13-бабы 2-тармағына қатысты конституциялылығына күмәнданған. Бұл орайда, Конституцияның 39-бабы 3-тармағына сай, осы құқық ешбiр жағдайда да шектелуге жатпайды.
Алайда Конституцияның 13-бабы 2-тармағынан, әрбiр адам, жасына, психикалық хал-жайына қатыссыз сотқа өзi жүгiнуi, өз қалауы бойынша сотта қорғалудың тәсiлi мен рәсiмiн таңдауы мүмкiн екендiгi келiп шықпайды. Конституцияның 13-бабы
2-тармағында баянды етiлген сот арқылы қорғалу құқығы заңда белгiленген негiзде және сол тәртiппен жүзеге асырылады, Конституциялық Кеңес өзiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына,
14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" N 7/2 қаулысында бұл жәйттi атап көрсеткен болатын. Атап айтқанда, Республиканың iс жүргiзу заңдарының нормалары әрбiр адамның сот арқылы қорғалу құқығының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, кәмелетке толмағандар және әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдар үшiн ерекше ережелердi белгiлейдi.
3. Қаралып отырған ұсынымға қатысты қолданыста,
АIЖК-нiң 46-бабының үшiншi тармағында және 63-бабының бiрiншi тармағында әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сотта олардың заңды өкiлдерi қорғайтыны белгiленген. Осы ережеге сәйкес, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасына сай, судья талап арызды, егер оны әрекетке қабiлетсiз адам берген болса, қайтарып жiбередi. Материалдардан көрiнiп тұрғанындай, АIЖК-нiң аталған нормалары, Жоғарғы Соттың А.С. Бусаревке талап арызды қайтарып жiберуiне негiздердiң бiрi болған.
Конституциялық Кеңес АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағы
3) тармақшасының Конституцияның 13-бабы 3-тармағына сәйкестiгiне күмәндануға негiз жоқ деп есептейдi. Азаматтық және азаматтық iс жүргiзу заңдарының азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану, оған қамқорлық орнату және оның құқықтарын сақтаудың ерекше ережелерiн белгiлеу туралы нормалары мұндай адамдардың заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 26-бабы бiрiншi тармағына сай жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азамат әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылады, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. Қамқоршылық және қорғаншылық институты бұл санаттағы азаматтардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және қорғау үшiн жетпей жатқан әрекет қабiлеттiлiгiн толықтырып отырады. Әрекетке қабiлетсiз азаматтарға қатысты мемлекет, олардың заңды өкiлдерi, прокурор, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар мен жеке азаматтар арқылы олардың құқықтарын, бостандықтарын және қорғалатын мүдделерiн жүзеге асырудың механизмiн белгiлеген және заңмен бекiткен (АIЖК-нiң 46-бабы үшiншi тармағы, 55-бабының үшiншi тармағы, 56 және 63-баптары).
Конституцияның 13-бабында көзделген құқықтар мен бостандықтарды ешбiр жағдайда да шектеуге жол бермейтiн Конституцияның 39-бабы 3-тармағының нормасына келер болсақ, онда бұл жоғарыда баяндалған, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасы сот арқылы қорғалу құқығына нұқсан келтiрмейтiнiне, керiсiнше, әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың бұл конституциялық құқығын жүзеге асыруына кепiлдiктi күшейтуге септiгiн тигiзетiнiне дәлел болады.
Осылайша, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының
3) тармақшасы Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмейдi және әрекетке қабiлетсiз адамның сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын шектемейдi. Онда баянды етiлген ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
Достарыңызбен бөлісу: |