Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет82/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

1999 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутатының қазiргi жұмыс iстеп жатқан Парламент депутаттарының өкiлеттiгi мерзiмiне Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағы нормасының қолданылуына қатысты ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi


келiп түстi.
Қолданылып келген Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын және қаралып отырған мәселе бойынша басқа да материалдарды зерделей келiп, Республика Парламентi депутаттары өкiлдерiнiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күннен бастап күшiне енген Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағы Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн - бес жыл деп белгiледi.
Қазiргi жұмыс iстеп жатқан Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы 1995 жылғы желтоқсанда сайланған, Сенаттың сайланатын депутаттарының екiншi жартысы 1995 жылғы 30 тамыздағы редакциясындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағына және 95-бабына сәйкес 1997 жылғы қазанда төрт жыл мерзiмге сайланған.
Қолданылып жүрген Конституцияның қорытынды және өтпелi ережелерiнiң 95-бабының 1-тармағында бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзiмге, депутаттардың екiншi жартысы екi жыл мерзiмге сайланады деп көрсетiлген. Конституцияның 50-бабының 5-тармағы белгiлеген, осы нормаға сәйкес Сенат депутаттарының алты жыл өкiлеттiк мерзiмi қазiргi жұмыс iстеп жатқан Парламент Сенатының депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiне қолданылмайды.
Бiрiншi сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiне қатысты қолданылып жүрген Конституцияда ешқандай нұсқау жоқ, оның үстiне Конституцияның қорытынды және өтпелi ережелерiнiң 95-бабы 2-тармақпен толықтырылған, оған сәйкес партиялық тiзiмдер негiзiнде Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау туралы ережелер екiншi сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады. Республика Парламентi депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн ұзарта отырып, заң шығарушы бiрiншi сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн көрсетпегендiктен 1995 жылғы 30 тамыздағы редакциясындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының
49-бабының 2-тармағына сәйкес 1995 жылғы 9 желтоқсандағы сайланған төрт жылдық өкiлеттiк мерзiмi оларға да
қолданылатын болады.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының
5-тармағы нормасына ресми түсiндiрме беруге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – бес жыл деп белгiлеген Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағының нормасын бұл мерзiмдер қазiргi жұмыс iстеп жатқан Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қолданылмайды деп түсiну қажет.


2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының
2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет