Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет303/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне


2008 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 2-тармағын, 53-бабының 3) және 4) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Конституцияның аталған нормаларын түсiндiру кезiнде өтiнiш субъектiсi: — "Қазақстан Республикасы Конституциясы 45-бабының 2-тармағында,
53-бабының 3) және 4) тармақшаларында қамтылған нормалардың мағынасын негiзге ала отырып, Парламент заң шығару өкiлеттiгiн берген жағдайда республика Президентi аталған өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы ма және бұл ретте өкiлеттiктi жүзеге асырудың шегi қандайлық екенiн анықтауды" өтiнедi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының
2-тармағын, 53-бабының 3) және 4) тармақшаларын түсiндiрген кезде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны негiзге алды.
1. Парламенттiң заңдар қабылдау жөнiндегi өз өкiлеттiгiн мемлекет басшысына не үкiметке уақытша беруi (өкiлеттiк берiлген заңнама институты) аралас не парламентарлық басқару нысанындағы бiрқатар шет елдерде тараған. Ол конституцияларда не заңдарда белгiленген талаптарды сақтай отырып, заңнамалық актiлер шығару құқығын президенттерге (мемлекет басшыларына) немесе үкiметтерге беру арқылы заңнаманы жеделдете жетiлдiру жолымен қоғамдық дамудың күрделi жағдайларынан шығу құралының бiрi болып табылады. Мұндай талаптарға өкiлеттiк беру туралы заңды қабылдаудың ерекше рәсiмдерiн, өкiлеттiк беру мерзiмiн, заңнамалық реттеу нысанын (аясын) және өзге де шарттарды жатқызуға болады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 1-тармағына сәйкес "мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық".
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Республика Парламентiнiң құқығы бар (Конституцияның 3-бабының 3-тармағы). Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады (Конституцияның 3-бабының 4-тармағы).
Мемлекеттiк билiктiң институционалдық түрде тармақтарға бөлiне отырып, жиынтықтала келгенде бiртұтастығы билiктiң тиiмдiлiгi мен орнықтылығын, сондай-ақ билiктiң әртүрлi тармағына жататын мемлекеттiк органдардың үйлесiмдiлiгi мен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.
Негiзгi Заңның 40-бабында мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн; халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылатын; мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн республика Президентiнiң — Мемлекет басшысының, оның ең жоғары лауазымды тұлғасының функциялары баянды етiлген.
Қазақстан Республикасының Парламентi — заң шығару қызметiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы болып табылады (Конституцияның 49-бабының 1-тармағы).
Республика Президентiнiң және Парламенттiң конституциялық функциялары мен өкiлеттiктерi Мемлекет басшысының құқық қолдану саласында да, норма шығармашылығы саласында да жеке-дара шешiмдер қабылдауы арқылы iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары жүзеге асырылуын, аса маңызды қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттелуiн қамтамасыз етедi. Нәтижесiнде жоғары мемлекеттiк органдардың қызметiнде келiсiмдiлiкке және жеделдiкке қол жеткiзiледi.
3. Президенттiк басқару нысанының қазақстандық моделi, қалыптасқан объективтi жағдайды негiзге ала отырып, Республика Конституциясына және республика Президентi мен Парламентiнiң ерiк бiлдiруiне сәйкес, заң шығармашылық өкiлеттiгiн уақытша қайта бөлiсуге мүмкiндiк бередi.
Елiмiздiң қолданыстағы Негiзгi Заңымен Парламенттiң республика Президентiне заң шығару өкiлеттiгiн беруiнiң екi негiзi қөзделген.
Негiзгi Заңның 53-бабының 3) тармақшасына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы. Бұл нормада бастама субъектiсi, Парламенттiң шешiм қабылдауының тәртiбi және өкiлеттiк берiлетiн мерзiм айқындалады. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Конституцияның осы ережесiнiң қолданылуы бейбiт уақытта жедел түрде тиiстi заңнамалық актiлер қабылдау немесе оларға өзгерiстер енгiзу қажет болатын кезеңдерге есептелген.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасының Заңымен Парламенттiң республика Президентiне заң шығару өкiлеттiгiн беруiнiң тағы бiр негiзi еңгiзiлдi. Конституцияның 45-бабының 2-тармағында: "Конституцияның
53-бабының 4) тармақшасында көзделген ретте республика Президент заңдар шығарады...", — деп белгiленген. Конституцияның 53-бабының 4) тармақшасында болса, палаталардың бiрлескен отырысында Парламент "соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi" деп белгiленген.
Соғыс кезiн Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Республика Парламентi жариялайды ("Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29-III Қазақстан Республикасының Заңы — бұдан әрi Заң). Бұл ретте "соғыс жағдайы" — "мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары iс жүзiнде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (iс жүзiнде тоқтатылғанға) дейiнгi қарым-қатынастар" (осы Заңның
1-бабы). Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды (Заңның 28-бабы).
Соғыс кезi мемлекеттiк билiктiң ұйымдастырылуына, елдiң құқықтық жүйесiне тiкелей әсер етiп, түрлi заңдық қатынастарға қозғау болады. Заңға сәйкес бұл кезеңде әскери басқару органдарының өкiлеттiгi кеңейтiлiп, оларға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы барлық функциялары өтедi; азаматтардың және өзге де тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеудi; мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды, сондай-ақ Республика экономикасын соғыс жағдайында жұмыс iстеуге көшiрудi қосатын шаралар қабылдануы мүмкiн ("Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391-II Қазақстан Республикасының Заңы ). Аталған, сондай-ақ кейбiр өзге де қатынастар, бейбiт уақытта республика Парламентi қабылдаған заңдармен реттелген.
Демек, мұндай құқықтық қатынастар заңдық күшi жағынан тең нормативтiк құқықтық актiлермен — заңдармен ғана тоқтатыла тұруы немесе өзгертiлуi мүмкiн. Алайда соғыс кезi мен соғыс жағдайы заң щығармашылығы процесiнiң Конституциямен көзделген парламенттiк рәсiмдерiнiң бәрiн орындауға мүмкiндiк бермейдi.
Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Президенттiң заң шығару құқығын Республика соғыс кезiнде тұрғанда да Конституция арқылы қолдану әбден орынды болады. Бұл ретте, Конституцияның
63-бабының 2-тармағына сай Парламенттi және Парламент Мәжiлiсiн соғыс жағдайы кезеңiнде таратуға болмайды.
Қазақстан соғыс кезiнде (соғыс уақытында) тұрғанда Мемлекет басшысының заң шығару функцияларын iске асыруы республика Конституциясының 39-бабы 1-тармағының, 44-бабы
17) тармақшасының, 61-бабы 3-тармағының 1) - 11) тармақшаларының нормаларына тiкелей сәйкес келедi.
Республика Президентiнiң бұл құқықтық өкiлетi сондай-ақ Конституцияның 44-бабының 21) тармақшасына негiзделген, оған сай республика Президентi "республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады".
Осылайша, өтiнiш тақырыбына қатысты қолданыста бұл баяндалғандар, Парламент заң шығару өкiлеттiгiн берген жағдайда республика Президентi бейбiт уақытта да (Конституцияның
53-бабының 3) тармақшасы), соғыс уақытында да (Негiзгi Заңның 45-бабының 2-тармағы және 53-бабының 4) тармақшасы) заңдар шығаруға хақылы екендiгiн бiлдiредi.
4. Конституцияда Парламент заңдар қабылдау арқылы реттейтiн аса маңызды қоғамдық қатынастар баянды етiлген. Мұндай қатынастардың тiзбесi Негiзгi Заңның 61-бабының
3-тармағымен белгiленген және ол толық болып табылады, мұны Конституциялық Кеңес "Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 15 қазандағы
N 17/2 Нормативтiк қаулыда атап өткен болатын. Демек, Парламент Мемлекет басшысына заң шығару өкiлеттiгiн берген жағдайда, ол Конституцияның 61-бабының 3-тармағында санамаланған мәселелер бойынша заңдар шығаруға хақылы.
"Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының
2) тармақшасын, 45-бабының 2-тармағын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы
3 шiлдедегi N 15/2 нормативтiк қаулысында , Конституцияның
45-бабының 2-тармағындағы "заң" санатымен заңдардың барлық түрi, солардың iшiнде конституциялық заңдар да қамтылған, деп атап көрсетiлген. Осылайша, заң шығару өкiлеттiгi берiлген жағдайда республика Президентi заңдар, солардың iшiнде конституциялық заңдар шығара алады.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"
1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37 және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет