Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет300/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне


2008 жылғы 1 сәуiрде Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 сотының "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 2007 жылғы
26 шiлдедегi N 310-III Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 9-бабының 3-тармағын және 25-бабы 1-тармағының
6) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.
Ұсыныстан келiп шығатыны, Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 сотының iс жүргiзуiнде М.В. Дэррдiң және
М.П. Борлистiң "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қостанай қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi – Халыққа қызмет көрсету орталығы) талаптары бойынша азаматтық iстер жатыр. Тiркеушi органға құжаттарды берудiң алты айлық мерзiмiн өткiзiп алуына байланысты (Заңның 25-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы), Халыққа қызмет көрсету орталығының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуге (бұдан әрi – мемлекеттiк тiркеу) құжаттар қабылдаудан бас тартуы көрсетiлген азаматтардың сотқа жүгiнуiне негiз болған. Аталған Заңның 9-бабының 3-тармағына сәйкес өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Азаматтық iстердi сот талқылауына дайындау процесiнде Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 соты, Заңның 9-бабының 3-тармағы және 25-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясының
26-бабында баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапқан. Өз ұсынысында сот "Заңның 25-бабы
1-тармағының 6) тармақшасында көзделген алты айлық мерзiмдi өткiзiп алуы себептi, мемлекеттiк тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды қабылдаудан бас тарту жылжымайтын мүлiк иесiнiң конституциялық құқықтарын бұзады. Тiркеудiң болмауы заң жүзiнде мүлiкке иелiк ету, пайдалану және билiк етудiң мемлекет қамтамасыз еткен заңды мүмкiншiлiгiне кедергi келтiредi, жеке меншiк құқығына кепiлдiк берiлетiндiгi және меншiк иесiнiң құқықтары шектелуiне жол берiлмейтiндiгi туралы конституциялық принципке қайшы келедi", деп атап көрсеткен.
Ұсыныста, заңмен белгiленген мерзiмдердi, егер олар сот дәлелдi деп таныған себептермен өткiзiлiп алынса, сот қалпына келтiре алады деп атап көрсетiледi (1999 жылғы 13 шiлдедегi
N 412-I Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң
128-бабының екiншi бөлiгi). Осыны негiзге ала отырып, Қостанай қаласының N 2 соты "тiркеу мерзiмi дәлелдi себептерсiз өткiзiлiп алынған жағдайларда заң ұқсастығын қолдана отырып (ҚР АК-тiң
5-бабы), сот оларды қалпына келтiруден бас тартуға мiндеттi" деп пайымдайды. Соттың пiкiрiнше, құжаттарды тiркеу мерзiмiн қалпына келтiруден бас тарту меншiк иесiнiң дауланбайтын, заңмен кепiлдiк берiлетiн құқықтары бұзылуына әкеп соқтырады.
Осыған байланысты, сот Конституцияның 78-бабына сәйкес азаматтық iстер бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұрып, Заңның
9-бабының 3-тармағын және 25-бабы 1-тармағының
6) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiндi.
"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 2007 жылғы 26 шiлдедегi
N 310-III Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының және 25-бабының 1-тармағы 6) тармақшасының конституциялылығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының меншiк туралы ережелерi, адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнығуының саяси-құқықтық бастауларын құрайды.
Конституцияның 6-бабы 2-тармағының нормаларында "меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi" деп көзделген. Бұл, меншiктiң құқықтық тәртiбi, меншiк иесiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi заңмен реттеледi дегендi бiлдiредi (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 19/2 қаулысы).
1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 268-ХIII Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 118-бабының
1-тармағына сәйкес (бұдан әрi – Азаматтық кодекс), қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), сондай-ақ мәмiлелер, егер заңда және өзге де заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап туындайды (Азаматтық кодекстiң 155-бабының 1-тармағы, Заңның 7-бабының 1-тармағы). Азаматтық кодекстiң 236-бабының 3-тармағымен, қозғалмайтын мүлiк мемлекеттiк тiркелуге тиiс реттерде, оған меншiк құқығы осылайша тiркелген кезден бастап пайда болатыны көзделген.
Мемлекеттiк тiркеу – "осы Заң мен өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiн мемлекеттiң тануы мен растауының мiндеттi рәсiмi" (Заңның 1-бабының 6) тармақшасы).
Мемлекеттiк тiркеудiң мiндеттi сипаты, қандай да бiр мерзiм аяқталуына қатыссыз, заңды түрде алынған мүлiкке құқықтарды тиiстi тiркеушi орган белгiленген тәртiппен тiркеуге тиiс
екендiгiн бiлдiредi.
Заңның 9-бабының 1-тармағымен көзделген мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң мерзiмi, бiр жағынан, азаматтарды құжаттар берудiң заңмен белгiленген мерзiмiн сақтауға, екiншi жағынан, – мемлекеттi тиiстi құқықтардың заңды түрде туындауын, ауысуын немесе тоқтатылуын тануы мен растауының рәсiмiн қамтамасыз етуге мiндеттейдi. Жылжымайтын мүлiкке заңды негiзде иелiк етiп, пайдаланып жүрген тұлға бұл мүлiктi тiркетуге мiндеттi және тiркеушi органнан мемлекеттiк тiркеумен байланысты iс-әрекеттер жасауды талап етуге хақылы.
Конституциялық Кеңес, мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң белгiленген алты айлық мерзiмi жылжымайтын мүлiкке құқықтың және онымен жасалатын мәмiлелердiң құқықтық айқындылығы қамтамасыз етiлуiне септiгiн тигiзуге қаратылған, деп пайымдайды. Көрсетiлген мерзiм сондай-ақ тәртiптеу сипатына ие, өйткенi оны сақтамағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген (2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 354-3-бабы).
Осылайша, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, мемлекеттiк тiркеудiң мiндеттi сипаты, құжаттарды беру үшiн заңмен белгiленген мерзiмдi өткiзiп алу айыпты тұлғалардың жауаптылығы (әкiмшiлiк жауаптылығы) нысанындағы құқықтық салдарға әкеп соқтыруы мүмкiн екендiгiн, бiрақ құжаттар қабылдаудан және құқықты (құқық ауыртпалығын) тiркеудiң өзiнен бас тарту үшiн негiз болуға тиiс еместiгiн бiлдiредi.
2. Негiзгi Заңның 76-бабының 2-тармағына сәйкес сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы
N 21/2 қаулысында, Конституцияның 76-бабы 2-тармағының ережесi "меншiк құқығының даусыз тәртiппен тоқтатылуына жол бермейдi" деп атап көрсетiледi. Негiзгi Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес "әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар", бұл "кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн сотқа шағынуға құқығы бар" екенiн бiлдiредi (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2 қаулысы). Сот арқылы қорғалу құқығы iс жүргiзу құқығына жатады және адам оны бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негiзгi құралы ретiнде пайдаланады (Конституциялық Кеңестiң
2001 жылғы 11 мамырдағы N 5/2 қаулысы).
Жоғарыда баяндалған құқықтық позицияларды негiзге ала отырып, Конституциялық Кеңес, мемлекеттiк тiркеудiң мiндеттiлiгi тiркеушi органға тиiстi құжаттарды алты айлық мерзiмдi бұза отырып тапсырған өтiнiш берушiнiң оны қалпына келтiру үшiн сотқа жүгiну құқығын көздейдi, деп есептейдi.
Мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң өткiзiп алынған мерзiмiн соттың қалпына келтiре алуы жылжымайтын мүлiк және онымен жасалатын мәмiлелер иесiнiң құқықтары қорғалуына кепiлдiк болар едi. Алайда дәлелдi себептер болғанда ғана мерзiм сот тәртiбiмен қалпына келтiрiлуi мүмкiн (Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 128-бабының екiншi бөлiгi). Бұл жағдай азаматтың мүмкiншiлiктерi мен мемлекеттiң мiндетi арасында қайшылық туындатады: белгiленген мерзiмдi дәлелсiз себептермен бұзған азамат өзiнiң құқық субъектiлiгiн жүзеге асыра алмайды (Конституцияның 13-бабының 1-тармағы) және өзiнiң құқығын тiркете алмайды, ал мемлекет, құқық субъектiлiгi қатаң сипатта болса да, мұндай тiркеуден бас тартады. Мұнымен конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң, Жоғарғы Сотының және Бас прокуратурасының өкiлдерi де келiстi, олардың пiкiрiнше, Заңның 9-бабының 3-тармағымен көзделген, өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiрудiң сот тәртiбi мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдау рәсiмiн күрделендiрiп, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қосымша кедергi қояды.
Конституциялық Кеңес, соттың тiркеу мерзiмiн өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тануы немесе танымауы, ең алдымен, әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселенi қараған кезде ғана маңызға ие болуы мүмкiн деп пайымдайды. Осыған орай, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, заңнамалық актiлерге тиiстi өзгерiстер
енгiзiлуi қажет.
3. Конституцияның принциптерi мен нормалары меншiк құқығына оның туындауының, ауысуының және тоқтатылуының барлық кезеңдерiнде кепiлдiк берiлетiнiн жариялап, баянды етедi және қоғам мен мемлекеттiң тұрақты әрi қарышты дамуын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мызғымастығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың тиiстi шешiмдер шығаруының барлық рәсiмдерiне қолданылады. Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi (Негiзгi Заңның 34-бабының 1-тармағы).
Республика Конституциясының 26-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады" (1-тармақ) және "меншiкке... заңмен кепiлдiк берiледi" (2-тармақ). Бұл конституциялық ережелер "мүлiкке ие болудың құқықтық тұрғыда заңдылығын көздейдi, меншiк иесiнiң заңды құқықтарын кiмнiң де болсын заңсыз араласуынан қорғауға және меншiкке қол сұғылмауын қамтамасыз етуге бағытталған" (Конституциялық Кеңестiң 2004 жылғы 15 сәуiрдегi
N 2 қаулысы). Осылайша, меншiк иелерiнiң де, мүлiктiң заңды иелерiнiң де мүлiктiк құқықтары мен мүдделерi қорғалуға тиiс.
Азаматтық заңнама нормаларына жасалған талдау, мемлекеттiк тiркеудiң өзi жылжымайтын мүлiкке құқықтың және онымен жасалатын мәмiлелердiң мазмұнын қозғамайтынын, шарттар еркiндiгiн, тараптардың заң жүзiндегi теңдiгiн, олардың еркiнiң дербестiгiн, мүлiктiк тұрғыдағы өзiндiгi мен мүлiктiк жауапкершiлiгiн шектемейтiнiн көрсетедi.
Конституциялық Кеңес, мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру мерзiмiн өткiзiп алу азаматтардың және заңды тұлғалардың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына кедергi келтiрмеуге тиiс деп есептейдi, өйткенi, соның негiзiнде мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту салдарынан әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына (Негiзгi Заңның 13-бабының
1-тармағы), Қазақстан азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алуына құқықтары, меншiкке заңмен кепiлдiк берiлуi (Конституцияның 26-бабының 1 және
2-тармақтары) шектеледi, сондай-ақ салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндетiн атқаруына кедергi жасалады (Конституцияның 35-бабы ). Бұл орайда, Негiзгi Заңның 39-бабының 3-тармағына сай Конституцияның 13-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс.
Демек, жылжымайтын мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негiз ретiнде осындай құжаттарды берудiң Заңның
9-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмiн өткiзiп алуды көздейтiн Заңның 25-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының нормасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының
1-тармағына, 26-бабының 1 және 2-тармақтарына, 39-бабының
3-тармағына сәйкес келмейдi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы
29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37,
40-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет