Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет297/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне


2008 жылғы 28 қаңтарда Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының, қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердегi адамдар тобының осы мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасау мақсатында дене мүшелерiн зақымдағаны, сондай-ақ адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып дәл осындай әрекеттер жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылығын көздейтiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабының бiрiншi және төртiншi бөлiктерiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.
Ұсыныстан келiп шығатыны, Қапшағай қалалық сотының iс жүргiзуiнде бiр топ адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген қылмысты жасағаны үшiн айыптау жөнiндегi қылмыстық iс жатыр. Сотта iстi қарау барысында қорғау тарабы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердегi адамдар тобының осы мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасау мақсатында дене мүшелерiн зақымдағаны үшiн қылмыстық жауаптылығын белгiлейтiн нормасын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiну жөнiнде өтiнiш мәлiмдедi. Өтiнiш авторларының пiкiрiнше, дене мүшелерiн зақымдау сотталғандардың өз құқықтары мен бостандықтарын мекеме әкiмшiлiгiнiң заңсыз әрекеттерiнен қорғау тәсiлi болып табылады және олардың құқық субъектiсi ретiнде танылу және өз пiкiрiн еркiн бiлдiру құқығынан
келiп шығады.
Осыған байланысты, сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұрып, "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабының бiрiншi бөлiгiн және төртiншi бөлiгiн (26.03.07 жылғы N 240 ҚР Заңының редакциясында) дене мүшелерiн зақымдағаны үшiн жауаптылыққа қатысты қолданыста Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану" туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiндi.
1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167-1 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясында) конституциялылығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.
1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы), бұл мемлекет үшiн жалпы адамзат құндылықтарының басымдығы болатынын айғақтайды (Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы
21 желтоқсандағы N 18/2 және 2006 жылғы 13 шiлдедегi N 4 қаулылары) және мемлекет үшiн "адамға... қамқорлық жасаудан асқан маңызды мiндет жоқ екенiн бiлдiредi (Конституциялық Кеңестiң 2007 жылғы 28 мамырдағы N 5 қаулысы )".
Негiзгi Заңның 12-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес "Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк берiледi", "адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады". Бұл нормалардың мазмұнынан келiп шығатыны, адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет Конституцияда және соған сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген шектерде кепiлдiк бередi, және осы құқықтар мен бостандықтарды iске асырудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау кезiнде негiз етiп алынады (Конституциялық Кеңестiң 1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2 және 2007 жылғы
18 сәуiрдегi N 4 қаулылары).
Мемлекеттiң адамға қатысына байланысты Конституция жария еткен ережелер Республикада адамның және азаматтың мәртебесiн құқықтық реттеудiң барлық аспектiлерiн шешудiң алғышарты болып табылады. Негiзгi Заңда адамның, оның құқықтары мен бостандықтарының ең қымбат қазына деп танылуы, конституциялық түрде ұйымдасқан қоғамның негiзiн құрайтын және әркiмге өзiн-өзi қалай ұстауын заң шеңберiнде таңдауына заңды түрде танылған және мемлекет қорғайтын мүмкiндiк беретiн конституциялық құрылыстың түбегейлi принципi болып табылады.
Адамның құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығына кепiлдiк бере отырып, Конституция оған өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға мүмкiншiлiк бередi (13-баптың 1-тармағы). Негiзгi Заңның осы нормасын түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес 2002 жылғы 5 тамыздағы N 5 қаулыда, бұл адамның және азаматтың өз мүдделерiн қорғаудың заңды құралдарын таңдауда еркiн қалауын бiлдiруiн көздейдi деп атап көрсеттi.
Республика Конституциясының "Адам және азамат" деп аталатын II бөлiмiнде баянды етiлген адамның және азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтары, солардың iшiнде құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы (13-баптың 1-тармағы), өмiр сүруге құқығы (15-баптың 1-тармағы), жеке басының бостандығына құқығы (16-баптың 1-тармағы), қадiр-қасиетiне қол сұғылмауына құқығы
(17-баптың 1-тармағы), сөз еркiндiгi (20-баптың 1 және
2-тармақтары) және басқалары, әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады және олардан ешкiм айыра алмайды
(12-баптың 2-тармағы), ал 13-баптың 1-тармағымен, 15-баптың
1-тармағымен, 16-баптың 1-тармағымен және 17-баптың
1-тармағымен көзделген құқықтар мен бостандықтар, оның үстiне, – ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс (Конституцияның 39-бабының 3-тармағы). Оларға жеке тұлғаның ерiк бостандығын және содан келiп шығатын iс-әрекеттерiнiң дербестiгiн тану негiз етiп алынған. Тиiсiнше, табиғи жаратылысынан осындай құқықтар мен бостандықтарға ие адам және азамат оларға өз қалауынша иелiк ете алады. Аталған Негiзгi Заң нормаларына олардың бiрыңғайлығы мен жүйелiк тұтастығы тұрғысында жасалған талдаудан келiп шығып, қаралып отырған өтiнiш нысанына қатысты қолданыста бұл әркiмнiң өз өмiрi мен денсаулығына еркiн түрде (соның iшiнде өзiне өзi зиян келтiру секiлдi нысанында да), егер ол конституциялық және заңмен жүктелген өзге де мiндеттердi атқарудан жалтарумен байланысты болмаса, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбаса және конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмесе (Конституцияның
12-бабының 5-тармағы, 34-бабының 1-тармағы және 36-бабы), иелiк етуге хақылы екендiгiн бiлдiредi.
2. Қоғамнан оқшаулау жағдайында өмiр сүру үшiн енгiзбесе болмайтын шектеулердi ескере отырып, бас бостандығынан айрылған адамдар Қазақстанда Конституцияда және Республика таныған халықаралық-құқықтық құжаттарда кепiлдiк берiлген барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, бұл адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келедi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы 45/III резолюциясымен қабылданған, Қамаудағыларға қараудың негiзгi принциптерiнiң 5-бабына сәйкес, түрмеге қамауға байланысты анық қажет болатын шектеулердi қоспағанда, қамалғандардың бәрi Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiде және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының өзге де құжаттарында баяндалған адам құқықтары мен түбегейлi бостандықтарынан пайдаланады.
Республика Конституциясы сөз еркiндiгiн жариялайды және оған кепiлдiк бередi (20-баптың 1 және 2-тармақтары), бұл, еркiн ақпарат алу және тарату құқығымен қатар, еркiн пiкiр бiлдiрудi көздейдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (XXI) резолюциясымен қабылданып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91-III Заңымен ратификацияланған және Конституцияның 4-бабының
1-тармағына сәйкес Қазақстанда қолданылатын құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылатын, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң 19-бабының 2-тармағына сай, "әрбiр адам өз пiкiрiн еркiн бiлдiруге құқылы; бұл құқық мемлекеттiк шекараларға қарамастан кез келген ақпараттар мен идеяларды еркiн iздеу, тауып алу және оларды өз қалауынша таңдап алған құралдар арқылы ауызша, жазбаша немесе баспасөз арқылы немесе көркемдiк бейнелеу формалары түрiнде тарату бостандығын да қамтиды". Бұл ретте, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымға қатысушы мемлекеттердiң көбi ұстанатын халықаралық стандарттар, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөнiндегi комитетiнiң, адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы халықаралық құқықтық актiлердiң орындалуын қамтамасыз етушi өзге де органдардың практикасы адамның өз пiкiрiн бiлдiруiнiң нысандарын, егер оның пiкiрiн бiлдiруге елеулi түрде бағытталған болса, онда қарсылық мiнез бiлдiруiн де қоса отырып, кеңiнен қарастырады.
Бұл орайда Конституциялық Кеңес, дене мүшелерiн зақымдау пiкiр (қарсылық) бiлдiрудiң нысаны болып табылуы және бас бостандығынан айрылған адамдардың өз құқықтарын қорғауының тәсiлi ретiнде қарастырылуы мүмкiн деп пайымдайды. Мұндай жағдайларда дене мүшелерiн зақымдағаны үшiн жауаптылыққа тартуды, Негiзгi Заңның 20-бабымен кепiлдiк берiлген сөз еркiндiгiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын пiкiрiн еркiн бiлдiру құқығын шектеу деп бағалаған жөн.
Адамның және азаматтың ең маңызды құқықтары қатарына адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмау құқығы жатады (Республика Конституциясының 17-бабының 1-тармағы) ол ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс (Негiзгi Заңның 39-бабының 3-тармағы). Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3452 (XXX) резолюциясымен қабылданған, Адамдардың бәрiн азаптаудан немесе олардың қадiр-қасиетiн қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездiк жолмен жәбiрлеудiң немесе жазалаудың түрлерiнен қорғау туралы декларацияға сәйкес, азаптау немесе адамдардың қадiр-қасиетiн қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездiк жолмен жәбiрлеудiң немесе жазалаудың түрлерi секiлдi кез келген әрекет адамның қадiр-қасиетiн қорлау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын және Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясын бұзу болып табылады. Осыған байланысты, адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмауы туралы конституциялық құқық азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға салынатын тыйыммен толықтырылады (Конституцияның 17-бабының
2-тармағы), бұл адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмауына құқығы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға да қолданылатынын айғақтайды.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарынан көрiнiп тұрғанындай, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды және қамаудағы өзге де адамдарды ұстау жағдайлары, жалпы адамзат құндылықтарының басымдығына, адамдық қадiр-қасиет қорланбауына берiлетiн кепiлдiктер жүйесiн қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнама талаптарына әр кезде де жауап
бере бермейдi.
Осыны негiзге ала отырып, Қылмыстық Кодекстiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң конституциялылығын тексерген кезде, осы әрекеттер барысында адам өзiне өзi зиян келтiрiп, өзге адамдарға қатысты күш қолданылмайтын не өзге де заңсыз әрекеттер жасалмайтын дене мүшелерiн зақымдау секiлдi құбылыстың сипатын ескере отырып, Конституциялық Кеңес, оны қарсылық бiлдiрудiң соңғы нысаны ретiнде қоғамнан оқшауланған адамдардың өз қадiр-қасиетiн қорғауының тәсiлi болуы мүмкiн деп есептейдi (Конституцияның 13-бабының 1-тармағы). Осыған байланысты, дене мүшелерiн зақымдауға қылмыстық сипат беру арқылы, бас бостандығынан айрылғандардың өз құқықтары мен бостандықтарына деген құқығын қорғау мүмкiншiлiгiн шектеуге, мейлi заңмен болсын, Негiзгi Заңның 39-бабы 1-тармағының талаптары бұлжытпай сақталғанда жол берiледi.
3. Республика Конституциясының 12-бабының 2-тармағына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары "заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуын анықтайды". 2003 жылғы 10 маусымдағы N 8 қаулыда бiлдiрiлген Конституциялық Кеңестiң құқықтық көзқарасына сай, "бұл аталған ереже құқықтық мемлекеттiң негiзгi белгiлерiнiң бiрi ретiнде Қазақстанда қолданылатын құқықтың тұжырымдамалық негiзi болып табылады". Адам құқықтары мен бостандықтары заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуын анықтайды деген ереженi, Конституция жариялаған адам құқықтары мен бостандықтары осы құқықтар мен бостандықтарды iске асырудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау кезiнде негiз етiп алынады деген мағынада түсiну керек (Конституциялық Кеңестiң 1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2 және 2007 жылғы 18 сәуiрдегi N 4 қаулылары).
Бұл ретте адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиiс, яғни оның нормалары жеткiлiктi дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерiн өзiнше пайымдау мүмкiндiгiн жоққа шығара отырып, заңдылы мiнез-құлықты заңсыздығынан мейлiнше айқындықпен ажыратуға мүмкiндiк беретiн түсiнiктi өлшемдерге негiзделуге тиiс.
Бұл орайда Республика Үкiметi, Парламентi Мәжiлiсi, Бас прокуратурасы, Жоғарғы Соты өкiлдерiнiң, сондай-ақ өзге де конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың пiкiрiнше қылмыстық заңның қаралып отырған нормасы бұл жазылған талаптарға толық жауап бермейдi, жетiлмеген және құқық қолдануда қиыншылық туғызады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабының бiрiншi бөлiгiне жасалған қисындық-мазмұндық талдау көрсеткенiндей, заң шығарушы, "адамдар тобының дене мүшелерiн зақымдауы", "қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекеме", "қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру", "заңды қызметiне кедергi жасау" деген ұғымдарды пайдалана отырып, олардың заңдық тұрғыдағы дәл анықтамасын бермеген (осы терминдердiң мазмұнын ашпаған), ал бұл қылмыс құрамының белгiлерiн толық және бiржақты бөлiп-ажыратуға мүмкiндiк бермейдi. Бұл құқықтық норманың диспозициясынан қылмыс субъектiсiнiң дене мүшелерiн зақымдау арқылы, яғни тек өзiне өзi зиян келтiре отырып, басқа адамдарға қатысты күш қолданбай немесе күш қолданумен қорқытпай, объективтi түрде қалайша қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң қызметiн тұрақсыздандыруы не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасауы мүмкiн екендiгi көрiнбейдi. Оның үстiне, бұл құқықтық норманың мазмұнынан, өзiне өзi зиян келтiру қоғамнан оқшауланған адамның өзiне Конституциямен немесе заңмен жүктелген қандай да болсын мiндеттердi атқарудан (дене мүшесiне зақым келтiру жолымен әскери қызметтен жалтару секiлдi – Қылмыстық Кодекстiң 374-бабы) жалтару мақсатында жасалатыны келiп шықпайды. "Мекеменiң қалыпты қызмет тәртiбiнiң" тұрақтылығын қамтамасыз ету оның әкiмшiлiгiнiң мiндетi болып табылады.
Қылмыстық Кодекстiң 361-бабының бiрiншi және төртiншi бөлiктерiн салыстыру олардың iшкi қарама-қайшылығын көрсеттi, атап айтқанда, топ болып дене мүшелерiн зақымдау оқиғаларын және адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл осындай әрекеттерден мейлiнше айқындықпен бөлiп-ажыратуға мүмкiндiк бермейдi, өйткенi екi жағдайда да бұл адамдар, заңның мағынасына қарай, бiр ниетпен әрекет етуге тиiс.
Қылмыстық Кодекстiң 361-бабы бiрiншi бөлiгiнiң диспозициясындағы "мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасау" деген арнайы мақсатты тұжырымдау – ол да, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың пiкiрiнше, құқық қолдану процесiнде жол беруге болмайтындай кең түсiндiрiлуi мүмкiн. Айыптының ниетi қайда бағытталғанын құқық қолданушының бiржақты анықтауына мүмкiндiк беретiн объективтi өлшемдердiң құқықтық нормада болмауы, конституциялық iс жүргiзуде анықталғанындай, объективтi айыптауға (дәлелденген кiнәсi болмай тұрып соттауға) әкеп соқтыруы мүмкiн, оған жол беруге болмайды және ол Негiзгi Заңның 77-бабы 3-тармағының
1) тармақшасына қайшы келедi.
Бұл жазылған кемшiлiктер, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, заң жобасы ел Парламентiнен өтер кезде жеткiлiктi дәрежеде тиянақталмағаны салдарынан пайда болған. Парламент Мәжiлiсi депутаттарының бiрiнiң ұсынысы бойынша енгiзiлген, Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiн жаңа қылмыс құрамымен толықтыру үкiметтiк заң жобасы тұжырымдамасының шегiнен шығып кеткен. Парламенттiң Конституциялық Кеңеске берген материалдарында депутат ұсынған Қылмыстық Кодекстiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң редакциясын көпшiлiктiң талқылауына қатысты ақпарат, заң жобасының осы бөлiгiн терең негiздеу, қаржы-экономикалық есептеулер мен ғылыми сараптама жүргiзу, сондай-ақ осы норманы қабылдаудың заңдық, әлеуметтiк және өзге де салдарына болжам жасау туралы мәлiметтер жоқ.
Осының бәрi, жинала келе, заң жобасының Парламенттен өтуiнiң Конституцияда және заңнамалық актiлерде белгiленген рәсiмi бұзылуы мүмкiн екендiгiн көрсетедi, алайда бұл мәселенi Конституциялық Кеңес шешусiз қалдырды, өйткенi "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының конституциялылығын тексеру Қапшағай қалалық сотының өтiну нысаны болып табылмайды.
Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Әдiлет министрiнiң конституциялық iс жүргiзу кезiнде Қылмыстық Кодекстiң 361-бабының бiрiншi және төртiншi бөлiктерiндегi құқықтық нормалардан табылған кемшiлiктердi заң шығару тәртiбiмен түзетуге дайын екендiгi туралы мәлiмдемесiн назарға алады. Сонымен бiрге, Конституциялық Кеңес, қылмыстық заңның қолданыстағы нормасына өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн оның қолданылу мүмкiншiлiгiн сақтап қалу адамның және азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келуiне әкеп соғуы мүмкiн деп есептейдi.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы (39-баптың 1-тармағы) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары "конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана" заңмен шектелуiне жол бередi. Өтiнiш нысанына қатысты қолданыста бұл, заң шығарушы қылмыстық жауаптылық белгiлеген кезде, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың мәнiн бұрмаламай және конституциялық анықталған мақсаттарға сәйкес келмейтiн шектеулер енгiзбей, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудiң жол берiлетiн конституциялық шегiн негiз етiп алуға тиiс екенiн бiлдiредi.
Заң шығарушының да, құқық қолданушының да қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазаға кесiлген адамның және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесiн сөзсiз сақтауы мемлекет пен тұлғаның қылмыстық жауаптылықты белгiлеу және жүзеге асыру саласындағы өзара қарым-қатынасының негiзi болып табылады. Конституцияның 39-бабының 1-тармағында "...шамада ғана..." деген сөздердiң пайдаланылуы, қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары қылмыстық жауаптылықтың әдiлдiгi мен мөлшерлестiгi принциптерiне, сондай-ақ Негiзгi Заңмен қорғалатын, ең қымбаты адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын құндылықтарға жауап беруге тиiс екенiн болжамдайды.
Конституцияның 39-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекет, қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шараларын белгiлей отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды қатаң басшылыққа алуға және бас бостандығынан айрылғандардың, қоғамнан оқшаулануы себептi кейбiрiн алып тастап, басқа адамдардiкi секiлдi құқықтары мен бостандықтары бар екенiн негiзге алуға тиiс. Өтiнiш нысанына қатысты қолданыста Конституцияның 39-бабы 1-тармағының ережелерi, конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау, егер мұндай шектеу заңды түрде негiзделген мақсаттарға барабар болса және әдiлдiк талаптарына жауап берсе, тепе-тең, мөлшерлес және конституциялық маңызы бар құндылықтарды қорғау үшiн демократиялық мемлекетте қажет болып табылса, құқықтар мен бостандықтардың шектелуiне себеп бола алатынын бiлдiредi. Бұл ретте, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн заң, жоғарыда аталып өткендей, мейлiнше анық тұжырымдалып, оны көп мағынада түсiндiру мүмкiншiлiгiне жол бермей отырып, құқық бұзушылық белгiлерiн де, қорғау мақсатында өзi қабылданған конституциялық мақсаттарды да дәл көрсетуге тиiс.
Бұл жағдайда, Қылмыстық Кодекстiң 361-бабы бiрiншi бөлiгiнiң редакциясы оның мазмұнын орынсыз кең пайымдауға, демек негiзсiз қылмыстық қудалауға жол бере отырып, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын заңмен шектеудiң жоғарыда көрсетiлген өлшемдерiне сәйкес келмейдi, Негiзгi Заңның 39-бабы 1-тармағының талаптарына сай емес және сонда баяндалған конституциялық мақсаттарды көздемейдi.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 361-бабының бiрiншi бөлiгi ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясында) Қазақстан Республикасы Конституциясының
12-бабының 2-тармағына, 20-бабының 1 және 2-тармақтарына,
39-бабының 1-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келмейдi және, сондықтан, конституциялық емес деп танылуға тиiс.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 361-бабының төртiншi бөлiгi ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы
26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясында) осы баптың бiрiншi бөлiгi үшiн саралау белгiлерiн анықтайды. Соның салдарынан, Негiзгi Заңның 4-бабы
1-тармағының талаптарын негiзге ала отырып, Қылмыстық Кодекстiң 361-бабының төртiншi бөлiгi осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң саралау белгiлерiн анықтауға қатысты бұл да конституциялық емес деп танылуға тиiс.
Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы
29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37,
40-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет