АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2007 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң 47 депутаты қол қойған, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiш келiп түстi.
Республиканың Конституциясына мемлекеттiк билiк органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарға, оларды қалыптастыру тәртiбiне және өзге де бiрқатар мәселелерге қатысты өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзген Заңның қабылдануы Конституциялық Кеңеске жүгiнуге себеп болған.
Өтiнiш субъектiсi Заңның 2-бабы 1-тармағының ережелерiн ескере отырып, Конституцияның Парламент пен оның Палаталарының өкiлеттiгiн, оларды қалыптастыру тәртiбiн айқындайтын нормаларына ресми түсiндiрме берудi және осы орайда мынадай сұрақтарға жауап қайтаруды сұрайды:
"1) Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика Парламентiнiң қазiргi құрамына жаңа конституциялық өкiлеттiктердi алуға және iске асыруға мүмкiндiк бере ме және егер беретiн болса, қандай бөлiгiнде және Парламент Палаталарының екеуiне де ме;
2) Парламент Мәжiлiсi Конституцияның жаңа тиiстi нормаларын жедел қолданысқа енгiзу мақсатында өзiн-өзi тарату туралы дербес мәлiмдеуге құқылы ма, егер олай болмаса, Мемлекет басшысы Парламент Мәжiлiсiн тарату жөнiндегi өзiнiң конституциялық өкiлеттiгiн пайдалануға құқылы ма;
3) қазiргi сайланған Парламент Мәжiлiсiн тарату "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабында көзделген, Конституцияның Парламент депутаттары сияқты лауазымды адамдарға өкiлеттiк берудiң жаңа тәртiбiн белгiлеу мүмкiндiгiн белгiлейтiн және көздейтiн нормаларын қолданысқа енгiзу үшiн негiз бола ма. Егер олай болса, төртiншi сайланатын Парламент Мәжiлiсi сайланғаннан және төртiншi сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталғаннан кейiн Республика Парламентiне жаңа конституциялық өкiлеттiктер берiле ме".
Конституциялық Кеңестiң отырысы барысында өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 3-бабының
1) тармақшасына сәйкес мынаны түсiндiрiп берудi сұрап, ауызша өтiнiш мәлiмдедi: "Егер Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылатын болса, Сенаттың қазiргi қызмет iстеп тұрған құрамы Мәжiлiс уақытша болмаған кезеңде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындауға хақылы ма?".
Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсiндiрген кезде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны негiзге алды.
1. Заңмен, басқаларымен қатар, Конституцияның "Парламент" деп аталатын IV бөлiмiне Парламент Палаталарын қалыптастырудың жаңа тәртiбiн, олардың депутаттарының санын ұлғайтуды, Парламент пен оның Палаталарының өкiлеттiктерiндегi өзгерiстердi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.
Мәселен, Заңда Президенттiң Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмiмен Премьер-Министрдi қызметке тағайындау, Мәжiлiстiң және Парламенттiң Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiру рәсiмi белгiленiп, Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Сенаттың Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындау жөнiндегi құқығы бекiтiледi.
Заңның 2 және 3-баптарында Конституцияның осы көрсетiлген ережелерiн қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн айқындайтын нормалар берiлген. Заңның 2-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның Палаталары осы Заңда өздерi үшiн көзделген конституциялық өкiлеттiктердi үшiншi сайланған Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталған соң алады.
Осы норма Парламент пен оның Палаталарының өздерiне Заңмен берiлген жаңа конституциялық өкiлеттiктер алу уақытын, – үшiншi сайланған Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталу сәтiн белгiлейдi. Осы көрсетiлген сәт келгенге дейiн Парламент пен оның Палаталары жаңа құқықтар мен мiндеттер ала алмайды және оларды жүзеге асыра алмайды. Бұл сондай-ақ, лауазымды адамдарға өкiлеттiк берудiң жаңа тәртiбiне де қатысты болады, егер осы адамдардың орнын басу рәсiмiне Парламенттiң немесе оның Палаталарының қатысуы кiретiн болса (келiсiм беру, тағайындау, сайлау), оның қолданысқа енгiзiлуi осы лауазымды адамдардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталуына немесе өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына қарай көзделген (Заңның 2-бабының 2-тармағы).
Бұл жазылғандар, Парламенттiң және оның Палаталарының жаңа конституциялық өкiлеттiктер алуын Заң үшiншi сайланған Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталуымен байланыстыратынын айғақтайды. Демек, Парламент Мәжiлiсiнiң қазiргi қызмет iстеп тұрған құрамы кезiнде тұтас алғанда Парламент те, оның Палаталары да ешқандай бөлiгiнде жаңа өкiлеттiктер ала алмайды және оларды жүзеге асыра алмайды.
2. Конституцияның 49-бабы 2 және 3-тармақтарының,
55-бабы 5) тармақшасының және 63-бабының мазмұнынан, Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi мынадай жағдайларда аяқталуы мүмкiн екендiгi келiп шығады: конституциялық өкiлеттiк мерзiмi аяқталуы; Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған кезде өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы.
Республика Конституциясының 49-бабының 2-тармағында "Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезде аяқталады" деп белгiленген.
Осы конституциялық ереже негiзiнде үшiншi шақырылған Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған күннен – 2004 жылғы 3 қарашадан басталды ("Үшiншi шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiрiншi сессиясын шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы
1 қарашадағы N 1465 Жарлығы) және жаңа (төртiншi) шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталуымен аяқталады.
Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң таратылуы салдарынан Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Мәселен, Конституцияның 52-бабының
5-тармағында "Парламент және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайда тоқтатылады" деп көрсетiлген. Бұл жазылғаннан келiп шығатыны, Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң таратылуы тұтас алғанда Парламент депутаттарының не Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанын бiлдiредi.
Конституцияның 63-бабы 1-тармағының жаңа редакциясына сәйкес Республика Президентi мiндеттi конституциялық рәсiм сақталған кезде – Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрiмен консультациялардан кейiн Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн таратуға хақылы. Бұл, Республика Президентiнiң Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн таратуға ерекше құқығы бар дегендi бiлдiредi. Парламенттi және Парламент Мәжiлiсiн төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiнгi бiр жыл iшiнде ғана таратуға болмайды (Конституцияның
63-бабының 2-тармағы).
Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған кезде, Конституцияның 44-бабының 2) тармақшасына сай, Республика Президентi Республика Парламентiне және оның Палатасына кезектен тыс сайлау тағайындайды. Конституцияның 51-бабының
3-тармағында, Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi ай iшiнде өткiзiледi, деп белгiленген. Бұл ретте, кезектен тыс сайлау Парламент депутаттарына өкiлеттiк берудiң жаңа тәртiбiне сәйкес өткiзiлуге тиiс. Оларды сайлау (тағайындау) Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң саны жағынан құрамы өзгеруiн ескере отырып iске асырылады.
Үшiншi шақырылған Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайда, Парламент Сенаты Заңның редакциясындағы Конституцияның 55-бабында көзделген өкiлеттiктердi алады. Атап айтқанда Сенат Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындайды. Төртiншi сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталуымен Парламент пен оның Палаталарына жаңа конституциялық өкiлеттiктер толық көлемiнде берiледi.
3. Конституцияға жасалған талдау көрсеткенiндей, оның нормалары өзiн-өзi таратуды Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз ретiнде көздемейдi. Конституцияда жергiлiктi өкiлдi органдар – мәслихаттардың ғана өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдауы мүмкiн екендiгi белгiленген (Конституцияның 86-бабының
5-тармағы).
Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттiң және оның Палаталары өкiлеттiгiнiң толық тiзбесi берiлген және оны заңдармен кеңейту мүмкiндiгi көзделмеген (Конституцияның 53-бабының 8) тармақшасы, 55-бабының
6) тармақшасы, 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).
Сонымен бiрге, Парламент және оның Палаталары өздерiнiң конституциялық мәртебесi бойынша тұрақты түрде қызмет iстейтiн органдар болып табылады, олардың шешiмдерiн депутаттар Палаталардың бiрлескен отырыстарында да, бөлек отырыстарында да дауыс беру арқылы қабылдайды. Депутаттардың Парламент жұмысына қатысуға мiндеттi екендiгi, Парламентте жеке өзi ғана дауыс беруiнiң талап етiлуi, дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруiне жол берiлмеуi (Конституцияның 52-бабының 2-тармағы) шешiм қабылдау үшiн адам санының және депутаттардың тиiстi дауыс санының жеткiлiктi болуы қажет екендiгiн көздейдi, бұл Парламент пен оның Палаталары актiлерiнiң заңдылығын айқындаушы фактор болып табылады. Әртүрлi жағдайларға қарай адам санының жеткiлiктi болмауы (депутаттардың орнынан түсуi, олардың мандатынан айрылуы және басқалары) Республика Президентiнiң Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сәйкес Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн тарату туралы шешiм қабылдауына себеп болуы мүмкiн.
Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"
1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
Достарыңызбен бөлісу: |