Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет291/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айырудың ерекше жағдайларының сипатын түбегейлi конституциялық принциптердi негiзге ала отырып айқындаған жөн, ол принциптерге сай Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адам өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның


1-бабының 1-тармағы), мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады, меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам иелiгiне де қызмет етуге тиiс (Конституцияның 6-бабының 1 және 2-тармақтары), Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандайда болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады, меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi (Конституцияның 26-бабының 1 және 2-тармақтары).
2. Конституцияның 26-бабы 3-тармағының контекстiндегi ерекше жағдайлар деп мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктi сот тәртiбiмен күштеп алып қоюдың заңмен нақты айқындалған жағдайлары таныла алады, бұл жағдайлар, мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге тәсiлi болған және мүлiктiк құны тең бағамен өтелген кезде, мемлекеттiк функцияларынан туындайтын және қоғамдық-маңызды мақсаттарды көздейтiн мемлекет мүддесiн қанағаттандыру қажеттiгiмен шарттастырылады.
3. Елдi мекендердiң бас жоспарларын орындауды, мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айырудың заңмен белгiленген және осы нормативтiк қаулының резолютивтiк бөлiгiнiң екiншi тармағының ережелерiне сәйкес келетiн, ерекше жағдайларының тiзбесiмен құрылысы қамтылған объектiлер бөлiгiнде ғана Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағының мағынасындағы ерекше жағдайларға жатқызуға болады.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтiк қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
5. Осы нормативтiк қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.


Қазақстан Республикасы Парламенті бр топ депутаттарының, Қазақстан Республикасы Парламенті 2007 жылғы 26 сәуірде қабылдаған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында қарау туралы өтініші бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң


2007 жылғы 28 мамырдағы N 6 қаулысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға


И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбішев, Қ.Ж. Балтабаев,
Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының, Қазақстан Республикасы Парламенті 2007 жылғы 26 сәуірде қабылдаған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында қарау туралы өтініші бойынша іс жүргізу материалдарын дайындау кезеңінде мынаны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет