ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағы 3) тармақшасының "өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды" деген ережесi, Конституцияның 75-бабы 2-тармағының "заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқа заседательдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады" деген нормасымен өзара байланыста, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқабилердiң қатысуы қылмыстық iстердiң соттылығын айқындаудың дербес белгiсi болып табылатынын бiлдiредi.
Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес тиiстi өтiнiш бере отырып, соттылығын айқындауға айыпталушының өзiнiң қатысуы, алқабилердiң қатысуымен соттың қарауына жататын қылмыстық iстердi айқындаудың ерекшелiгi болып табылады. Сондықтан айыпталушының заңға негiзделген және заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiшiн қылмыстық iстi жүргiзушi органның қабылдамау жағдайларын Негiзгi Заңның 77-бабы
3-тармағының 3) тармақшасында көзделген соттылық туралы ережелердi бұзу деп таныған жөн. Ал мұндай өтiнiш заң талаптарын бұза отырып берiлген жағдайда, оның қабылданбауы жоғарыда көрсетiлген конституциялық норманы бұзу деп таныла алмайды.
2. Конституцияның 62-бабының 2 және 8-тармақтарында пайдаланылатын, заңның "күшiне енедi" және "күшiне енгiзу" деген құқықтық категорияларының арақатынасы Конституциялық Кеңестiң "Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрағасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы жөнiнде" 1999 жылғы 29 қазандағы N 20/2 қаулысында айқындалған.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады (Конституцияның 4-бабының
4-тармағы). Адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолданудың басқа қандай да болсын шарттары Конституцияда көзделмеген.
3. Қазақстан Республикасының Президентi қол қойған, демек, 2006 жылғы 16 қаңтарда күшiне енген "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргiзудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңда оны 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзу көзделген. Бұл, 2006 жылғы 16 қаңтарда жоғарыда көрсетiлген заңның заң ретiнде ресiмделуi аяқталғанын, осы сәттен бастап оның заңдық күшке және қолданысқа енгiзiлу мүмкiншiлiгiне ие болғанын бiлдiредi.
2007 жылғы 1 қаңтар, осы күн келгенге дейiн құқық субъектiлерiнiң бәрi үшiн мiндеттi заңның жұмыс iстей бастауы, яғни оның қолданылуы үшiн қажеттi негiзгi материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және өзге де шарттар жасалуға тиiс болатын сәттi бiлдiредi. Алайда заң қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн процеске қатысушылар ие болатын құқықтардың iске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық iс-әрекеттер орындауды және процессуалдық шешiмдер қабылдауды, егер заңда немесе оны қолданысқа енгiзу туралы актiде осы процессуалдық iс-әрекеттер орындауды (осы процессуалдық шешiмдер қабылдауды) регламенттейтiн нормаларды қолданысқа енгiзудiң ерекше тәртiбi көзделмеген болса, онда оларды мұндай шарттарға жатқызуға болмайды.
4. Айыпталушының (сотталушының) өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауына құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзуде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау аясына жатады. Адамның процессуалдық құқықтарын белгiлейтiн немесе кеңейтетiн заңға керi күш беру мәселелерiн Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы реттемейдi.
5. Негiзгi Заңның 4-бабының екiншi тармағына сәйкес "Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады". Сонымен бiрге, егер конституциялық норманың өзiнде оның заңда немесе өзге де нормативтiк құқықтық қаулыда көзделген (белгiленген) жағдайларда және (немесе) сол тәртiппен iске асырылатындығы туралы ескертпе бар болса, онда Конституция нормасының тiкелей қолданылуы iске асырылған кезде тиiстi заңның немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнiң ережелерi ескерiлгенi жөн.
6. Конституцияның 13-бабы 2-тармағының, 75-бабы
2-тармағының, 76-бабы 2-тармағының және 77-бабы 3-тармағы
3) тармақшасының нормалары жиынтығынан келiп туындайтыны, айыпталушының (сотталушының) өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш мәлiмдеуге құқығы, өзiне алдын ала тергеудiң аяқталғаны туралы хабарланған және iстiң барлық материалдары танысу үшiн ұсынылған кезде ғана емес, iс сотқа келiп түскен сәттен, басты сот талқылауы тағайындалғанға дейiн, қылмыстық iс бойынша сотта iс жүргiзу кезiнде де заң арқылы берiлуi мүмкiн. Осыған байланысты, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары қорғалуына қосымша кепiлдiктердi қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ алқабилер қатысатын соттың әлеуетiн толығырақ жүзеге асыру мақсатында, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен сот iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге бастама жасау туралы мәселенi
қарауды ұсынады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
8. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Достарыңызбен бөлісу: |