Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет285/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнуi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 8 мамырдағы N 10/2 қаулысынан келiп шығатыны, мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ және орыс тiлдерi тең дәрежеде, ешбiр жағдайдан тыс бiрдей қолданылады.


2. Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi мен ресми түрде пайдаланылатын орыс тiлiнiң тең қолданылуы бұл соңғысына екiншi мемлекеттiк тiл мәртебесi берiлетiнiн бiлдiрмейдi.
Мемлекеттiк тiл мәртебесiнiң үстем болуы оның жария-құқық саласында қолданылуының айрықшалығы не басымдылығы Конституцияда баянды етiлiп, заңдарда белгiленуi мүмкiн екендiгiн бiлдiредi.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан тыс жерлерде, атап айтқанда, мемлекеттiк және қоғамдық маңызы бар iс-шаралар (қабылдаулар, ассамблеялар, съездер, конференциялар, дөңгелек үстел отырыстарын) өткiзу кезiнде қазақ және орыс тiлдерiнiң тең қолданылуын белгiлемейдi, ал Конституцияның 7-бабының 2-тармағында пайдаланылған "тең" терминi мұндай iс-шараларға қатысты емес. Республика Конституциясы әркiмге өз қалауы бойынша қарым-қатынас тiлiн таңдап алу құқығын бередi. Бұл орайда, ынталандыра отырып, мемлекет мемлекеттiк тiлге, оның дамуына, мемлекеттiк-құқықтық реттеу саласын ғана емес, қоғамдық қатынастардың басқа да барлық салаларын қамтып, қолданылуына қамқорлық жасауға тиiс.
4. Заңнама және құқық қолдану практикасы Конституцияның ешкiмдi ешқандай, соның iшiнде тiлiне байланысты, кемсiтуге болмайды деген, сондай-ақ әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығын баянды ететiн конституциялық ережелердiң талабын ескеруге тиiс.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
6. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет