Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет317/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне


2009 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының нормаларын Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан осы нормада белгiленген басымдығының қолданылуы және олардың осындай шарттарға сәйкес құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерiне тiкелей қолданылуы бөлiгiнде" ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Кеден одағының комиссиясы туралы 2007 жылғы 6 қазандағы Шартқа (бұдан әрi – Шарт) қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында Шарттың 7-бабына сәйкес Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрi – Комиссия) Тараптар үшiн мiндеттi сипаты бар шешiмдерiн iске асыру тәсiлiне қатысты мәселенi Республика Үкiметiнiң қарауы өтiнiш беруге себеп болған.
Өтiнiштiң мән-жайына қатысты қолданыста Негiзгi Заңның
4-бабының нормаларын Қазақстан Республикасы Конституциясының өзге де ережелерi және нормаларымен жиынтықтап талдай келе, Конституциялық Кеңес мынаны
негiзге алды.
1. Қазақстан Республикасы тәуелсiз мемлекет және халықаралық қатынастардың дербес субъектiсi болып табылады, Қазақстан халқының мүддесiн көздей отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы негiзiнде және халықаралық шарттары мен заңдарына сәйкес өзге мемлекеттермен ынтымақтастық пен тату көршiлiк саясатын iске асырады. Бұл ретте, Қазақстанның егемендiгi Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық қатынастарға қолданылады, ал "Конституцияда көзделген Республика егемендiгiнiң, тәуелсiздiгiнiң және конституциялық құрылысының негiздерiне жататын жалпы ережелер, принциптер мен нормалар (1-5, 10-12, 34, 36, 39 және өзге де баптары) бiрiншi кезекте Конституциямен, ал содан кейiн ғана - соған негiзделетiн заңдық күшi кемдеу нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етiлiп, қорғалады" (Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 12 Қаулысы).
Мемлекетаралық (үкiметаралық) экономикалық ұйымдар халықаралық құқық субъектiлерi ынтымақтастығының маңызды нысаны болып табылады. Қазiргi кезеңде экономикалық қатынастарды реттеудiң тиiмдi тәсiлдерiнiң бiрi ретiнде мұндай ұйымдар шешiмдерiнiң ролi арта түсуде.
"Кеден одағының комиссиясы туралы Шартты ратификациялау туралы" 2008 жылғы 24 маусымдағы N 45-IV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының комиссиясы туралы 2007 жылғы 6 қазандағы Шартқа сай құрылған Комиссия, ерiктi түрдегi мемлекетаралық шарт негiзiнде мемлекеттердiң егемендiк теңдiгi принципiне сәйкес, Тараптардың мемлекеттiк органдар өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Комиссияға ерiктi түрде кезең-кезеңiмен беруi, Тараптардың өзара пайдасы мен ұлттық мүдделерiн есепке алуды қамтамасыз ету принциптерi негiзiнде оған кеден одағының жұмыс iстеуi мен дамуы жағдайын қамтамасыз ету құзыретi берiлетiн орган болып табылады.
2. Елiмiздiң мемлекеттiк органдарының жекелеген өкiлеттiктерiн халықаралық ұйымдар мен олардың органдарына беру мүмкiндiгi көзделген арнайы норма Қазақстан Республикасының Конституциясында жоқ. Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасының - iшкi және сыртқы саясатты қалыптастыру мен iске асырудағы тәуелсiздiгi және дербестiгi оның негiзiн құрайтын егемен мемлекеттiң, конституциялық және халықаралық деңгейде танылған мәртебесi Республикаға Негiзгi Заңның ережелерi мен нормаларын сақтай отырып осындай шешiм қабылдауға мүмкiндiк бередi.
Бұл ұйғарым Конституцияның кiрiспесiнде паш етiлген, Қазақстан халқының дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлеуiнен, Қазақстанның халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын құрметтейтiндiгi, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау саясатын жүргiзетiндiгi туралы Негiзгi Заңның 8-бабының ережелерiнен келiп шығады.
Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – Қазақстан халқы, ол өзiне тиесiлi билiктi тiкелей жүзеге асырады және (немесе) өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Бұл ретте халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзу құқығы Республика Президентiне, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламентке берiлген (Конституцияның 3-бабының
1-3-тармақтары).
Халық атынан билiк етiп және оның ерiк-жiгерiн жүзеге асыра отырып, Мемлекет басшысы сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды, халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк етедi (Конституцияның 40-бабының 1-тармағы), келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды, бекiту грамоталарына қол қояды (44-баптың 11) тармақшасы), ал Республика Парламентi заңдар қабылдау арқылы Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды (Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы).
Конституциялық Кеңес, Республика Президентi мен Парламентiнiң бұл көрсетiлген конституциялық өкiлеттiктерi халықтың ерiк-жiгерi мен мемлекет егемендiгiн жүзеге асырудың, сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын, халықаралық қатынастар саласында Республика Конституциясының ережелерi мен нормалары iске асырылуын қамтамасыз етудiң нысаны болып табылады деп есептейдi (Конституциялық Кеңестiң 2006 жылғы
18 мамырдағы N 2 және 2008 жылғы 26 маусымдағы N 5 қаулылары).
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54-III Қазақстан Республикасының Заңында "егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бiр бөлiгiн жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттiлiгiн белгiлесе, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы" халықаралық шарттар ратификациялауға жататындар қатарында айқындалған (11-баптың 5) тармақшасы). Сол арқылы Парламент өз құзыретi шегiнде заң қабылдау арқылы Қазақстанның халықаралық ұйымдарға кiруi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бiр бөлiгiн iске асыруды оларға бере отырып немесе олардың органдары шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттiлiгiн белгiлей отырып кiруi мүмкiн екенiн растады.
3. Қазақстан Республикасының Негiзгi Заңына сәйкес Республикада қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады (4-баптың 1-3-тармақтары).
"Қызылорда облыстық сотының "Байқоңыр" кешенiн жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екiншi бөлiгiн, "Байқоңыр" кешенi аумағында құқық тәртiбiн қамтамасыз етудегi құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмнiң
5 және 11 -баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 7 мамырдағы N 6/2 Қаулысында Конституцияның Республика аумағында жоғары тұруы принципi расталады, халықаралық шарттардың соған сәйкес болуы мiндеттi екендiгi атап көрсетiледi. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қаулысында, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарты немесе оның жекелеген ережелерi, Негiзгi Заңның 4-бабының 2-тармағына сай Республика аумағында ең жоғары заңды күшi бар Республика Конституциясына қайшы деп танылған жағдайда, мұндай шарт толығымен немесе Конституцияға сәйкес емес деп танылған бөлiгiнде орындауға жатпайды, деп атап көрсетiлген.
Конституцияның жоғары тұруы принципiн Конституциялық Кеңес басқа да бiрқатар қаулыларда нақтылап, сол қаулыларда халықаралық құқық және қазақстандық заңнама нормаларының өзара қарым-қатынасы мен өзара iс-әрекетiнiң, халықаралық шарттардың қолданыстағы құқық жүйесiндегi орнының, оларды жасасу және қолдану тәртiбiнiң жекелеген аспектiлерi бойынша құқықтық позициялар айқындалды ("Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағын және 12-бабының
2-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының
1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының
3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулы, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы 4 ақпанда қабылдаған, Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға берiлген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) Республика Конституциясына сәйкестiгi туралы өтiнiшi туралы" 1998 жылғы
27 наурыздағы N 1/2 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 11 қазандағы N 18/2 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулы, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 қаулы).
4. Халықаралық шарттармен қатар "Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң" нормалары Қазақстанда қолданылатын құқыққа жатқызылған (Конституцияның 4-бабының 1-тармағы). Конституциялық Кеңес, басқа да халықаралық мiндеттемелер өздерiн туындататын халықаралық шарттардың құрамдас бөлiгi, не болмаса олардың қисынды түрдегi мазмұндық (материалдық) не ұйымдық (процессуалдық) жалғасы ретiнде солардың шеңберiнде де, халықаралық шарттардан тыс, өз бетiнше де пайда болуы мүмкiн деп пайымдайды. Алғашқылары, осы нормативтiк қаулыда баяндалған шарттар сақталған жағдайда, ратификацияланған халықаралық шарттың заңдық сипаттарына ие болуы мүмкiн. Екiншiлерiнде мұндай сипаттар жоқ. Сондықтан, қаралып отырған өтiнiшке қатысты қолданыста, Қазақстан ратификациялаған Шартқа сәйкес құрылған Комиссияның шешiмiнен келiп шығатын, Қазақстанның құқықтарын жүзеге асыруды және мiндеттерiн орындауды Негiзгi Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген Республиканың басқа да мiндеттерiн орындау деп түсiнген жөн.
Шартта Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттiк органдары өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн өз еркiмен кезең-кезеңiмен халықаралық ұйымның органы – Комиссияға беру көзделген, ол өз өкiлеттiктерi шегiнде Тараптар үшiн мiндеттi сипаты бар шешiмдер қабылдайды (Шарттың 2 және 7-баптары). Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес Шарт оны ратификациялаудан кейiн тiкелей қолданылатын және қазақстандық заңдардан басым болатын заңдық сипаттар алды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының
3-тармағында "Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады" делiнген. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес құрылған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының актiлерiне қатысты қолданыста бұл, егер мұндай халықаралық шартта қатысушы мемлекеттер үшiн аталған актiлердiң мiндеттi сипаты бар екенi көрсетiлген болса, онда Тарап, оның мемлекеттiк органдары, лауазымды тұлғалары, ұлттық заңнаманың актiлерiн соларға сәйкестендiрудi қоса отырып, мұндай талапты орындауға бағытталған барлық қажеттi ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шараларды iске асыруға мiндеттi екенiн бiлдiредi. Демек, Комиссияның Шартқа сай мiндеттi сипаты бар актiсi Қазақстан Республикасының заңына немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiсiне қайшы келсе, онда жалпы ереже бойынша Комиссия қабылдаған құқықтық норма қолданылады.
Сонымен бiрге, Конституциялық Кеңес, халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының, Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтитындығы, және Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайтындығы туралы Конституцияның 2-бабы 2-тармағының және 91-бабы 2-тармағының ережелерiн бұзатын шешiмдерi Қазақстан үшiн мiндеттi деп танылмайды деп есептейдi. Адамды және адамның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп паш ететiн Негiзгi Заңның 1-бабының 1-тармағын негiзге алып, Комиссияның адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi республика заңдарынан басым тұратын және тiкелей қолданылатын сипатқа
ие болмайды.
Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шiлдедегi N 1 Нормативтiк қаулысына сәйкес, ратификацияланған, тiкелей қолданылатын және оларды қолдану үшiн заң шығаруды талап етпейтiн халықаралық шарттар материалдық немесе процессуалдық құқық (қылмыстық-құқықтық және әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар аясын қоспағанда) нормалары ретiнде пайдаланылатынын назарға алды.
Халықаралық ұйымның немесе оның органының Қазақстан үшiн мiндеттi шешiмдi қабылдау рәсiмi, республикалық референдумда қабылданған шешiмдерде, сондай-ақ шартты жасасу және ратификациялау кезiнде Республика Президентi мен Парламентiнiң актiлерiнде бiлдiрiлiп, халықаралық шартқа енгiзiлген Қазақстан халқының ерiк-жiгерiн бұрмалау мүмкiншiлiгiне жол бермейтiн құқықтық кепiлдiктердi көздеуге тиiс.
Қаралып отырған өтiнiшке қатысты қолданыста мұндай кепiлдiктер бар екенiн атап өткен жөн.
Комиссия қызметiнiң қағидаттары ретiнде Тараптардың мемлекеттiк органдар өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Комиссияға ерiктi түрде кезең-кезеңiмен беруi; Тараптардың өзара пайдасы мен ұлттық мүдделерiн есепке алуды қамтамасыз ету; қабылданатын шешiмдердiң экономикалық негiздiлiгi; ашықтық, жариялылық және әдiлдiк паш етiледi (Шарттың 2-бабы). Комиссияға әрбiр Тараптан қажеттi өкiлеттiктер берiлген үкiмет басшысының орынбасары немесе үкiмет мүшесi болып табылатын бiр өкiлден кiредi (Шарттың 4-бабы). Шешiмдер 2/3 көпшiлiк дауыспен қабылданады
(Шарттың 7-бабы).
Бұл орайда қатысушы мемлекеттердiң егемендiк еркi сақталуына қосымша кепiлдiктер белгiленген. "Егер Тараптардың бiрi Комиссия қабылдайтын шешiммен келiспесе, бұл мәселе кеден одағының мемлекет басшылары деңгейiндегi жоғары органының қарауына енгiзiлiп, ол ымыраға келу арқылы шешiм қабылдайды. Комиссия сондай-ақ, егер бұл кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарда көзделсе, ымыраға келу арқылы шешiм қабылдайды. Кез келген Тараптың кеден одағының жоғары органына Комиссияның шешiмiн қайта қарау туралы ұсыныс енгiзуге құқығы бар. Егер шешiмдi қабылдау кезiнде қажеттi дауыс саны жиналмаған болса, Комиссия мәселенi кеден одағының жоғары органының қарауына беруге құқылы (Шарттың 7-бабы). Осылайша, Шартта көзделген "жанамалаған вето" рәсiмi Тараптардың әр бiрiнiң позициялары мiндеттi түрде ескерiлуiн қамтамасыз етедi.
Шарттың 8-бабына сай Комиссияның шешiмдерi ресми жариялануға тиiс. Бұл Конституцияның 4-бабы 4-тармағының, Республика қатысушысы болып табылатын барлық халықаралық шарттар жарияланады, деген талабына сәйкес келедi.
Республиканың нормативтiк құқықтық актiлерiнен басымдығы бар Комиссия шешiмдерiнiң тiкелей қолданылуы, олардың Қазақстанда қолданылатын құқықтың нормаларын жоятынын бiлдiрмейдi. Ратификацияланған халықаралық шарттарға теңестiрiлген Комиссия шешiмдерiнiң басымдығы мен тiкелей қолданылуы мұндай шарттар нормаларының жағдайға қарай басымдығын көздейдi (Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы
11 қазандағы N 18/2 Қаулысы). Бұл, Республиканың құқықтық актiлерiмен қарама-қайшылық туындаған жағдайда, алдағы уақытта мұндай қарама-қайшылық жойылғанға дейiн Комиссияның мiндеттi шешiмдерiнiң нормалары қолданылатынын бiлдiредi. Комиссияның ұсыныс сипатындағы шешiмдерiнiң Республика заңнамасынан басымдығы болмайды.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"
1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет